Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Шертпек | Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Шертпек Қазақ Ұлттық ойындар жинағы, Қазақ Ұлттық ойыны, Қазақ Ұлттық ойындары, Ұлттық ойындары жинағы




  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Шертпек

«Шертпек» — айнала отырып ойнайтын ойын. Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін жүргізуші енді орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында біраз айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің көрсетуімен білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан, не болмаса, басының бір жерінен шертіп кетеді. Сонан соң ол қайтадан орнына барып немесе басқалармен орын ауыстырып отырады. Жүргізуші қолын қоя беріп «Шертпегімді тап» деп, енді иығындағы орамалды алып, отырған ойыншының арқасынан ұра бастайды. Ал ойыншы таяқты көп жемеу үшін тезірек айтуы керек. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, жыр жырлайды, күй тартады. Егер тауып алса, шерткен адам жаза тартып, жаңағы өнерді сол көрсетеді. Осы тәртіппен ойын жалғаса береді.

Санат: KZ портал » Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы | | 3 984
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

. .