Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Дауыста, атыңды айтам | Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Дауыста, атыңды айтам Қазақ Ұлттық ойындар жинағы, Қазақ Ұлттық ойыны, Қазақ Ұлттық ойындары, Ұлттық ойындары жинағы




  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Дауыста, атыңды айтам

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі — «Дауыста, атыңды айтам» ойыны. Бұл ойын жастар кешінде ойналатын ойындардың қызықтыларының бірі. Ойынға көз байлайтын орамал, ұзындығы бір, бір жарым метр таяқ керек. Ойынға қатынасушылардың саны шектелмейді. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады.

Ойнаушылар қол ұстасып, шеңбер бойымен дөңгелене тұрады. Шеңбердің сыртына шығарып бір ойыншының көзін байлайды да қолына таяқ ұстатып, шеңбердің ішіне кіргізеді. Көзі байлаулы ойыншы шеңбердің ортасына келген соң, қолындағы таяғын өзіне карсы тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да «дауыста, атыңды айтам» дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын өзгертіп үн қатады. (Шеңбер бойында тұрған ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады, тек ортадағы көзі байланған ойыншының таяғы бір ойыншыға тиген кезде ғана бір орында тоқтап тұрады). Көзін байлаған ойыншы таяғының кімге тигенін дәл тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, келесі ойыншыға ұсынады, оны да таба алмаса, үшіншіге ұсынады. Осылайша ол үш ойыншының атын атайды. Олардың атын анықтай алмаса, көзі шешіліп, сол ортада тұрған бойында көпшіліктің ұйғарымымен өнер көрсетеді. Болған соң көзі қайта байланады да ойын жалғаса береді.

Санат: KZ портал » Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы | | 4 008
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .