Ұлттық ойын: Инемді тап
«Инемді тап» — ойынына керегі бір ине. Ойын отырып ойналады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Бірақ олар кезектесіп екі-екіден ойнайды да, қалғандары көбінесе көрермен ретінде қатынасады. Бұған қатынасатын екі адамның бірі ойынның сырын біледі де, екіншісі білмейді. Ойынның сырын білетін ойыншы жүргізуші болады.
Жүргізуші мұндай ойынды бұрын көрмеген аңқаулау біріне келіп: «Сен мына инені үстіңе түйреп қой, мен иіскеп табамын» — деп көндіреді де, өзі далаға шығып бөркін айналдырып киіп, төбесіне көбірек етіп күйе жағады. Үйге кірген соң басын көтеріңкіреп: — «Ал сақтан, енді мен сені иіскеп, инемді табамын»,— деп, ине жасырған адамның ол жер, бұл жерін иіскелейді. Біраздан соң таптым: «Жағада екен»,— деп, жағасын қос қолдап мықта ұстап тұрып, білдірмей иіскеген болып, төбесіндегі күйені бетіне жаға береді. Үй-іші қыран-топан күледі. Тыққан адам қарсыласының инені табалмағанына мәз болып ол да күледі. Ал отырған топ оның бетіне күйе жағылып қап-қара болғанына күліп, мәз болып, көңілдерін көтереді. Ойын қайталанып ойналады. Ине жасырушы ойынның бұл құпиясын білмеуі керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?