Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Көрші | Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Көрші Қазақ Ұлттық ойындар жинағы, Қазақ Ұлттық ойыны, Қазақ Ұлттық ойындары, Ұлттық ойындары жинағы




  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Көрші

Көрші ойынын үлкен бөлмеде, көгалды таза ауада өткізуге болады. Ойыншылар саны 10-нан 30-ға дейін болуы керек. Ойыншылар дөңгеленіп, екі-екіден шеңбер құрып отырады. Тағы бір адам ортаға шығып, жұп болып отырған ойыншылардың бір жұбына келіп, «Көршіңмен татусың ба?»—деп сұрайды.

Егер сұрақ қойған жұптың біреуі «Көршіммен аразбын» десе, онда сұрақ қоюшы адам оның қасындағы көршісін орнынан тұрғызып, соның орнына өзі отырады. Орнынан тұрған адам ортаға шығып басқа бір жұптан ілгерідегідей «Көршіңмен татусың ба?» деп сұрап, ойынды соза береді.

Ал егер ойыншы көршісімен «татумын» деп, қасында жұп болып отырған серігін жібергісі келмеді онда сұрақ қоюшы адам оны жазалайды. Ол ән салады, би билейді, болмаса әңгімеден, поэмадан үзінді айтып береді. Осылай етіп, ол көршісін алып қалады. Егер ойыншы бұл тапсырманы орындай алмаса, өз орнын сұрақ қоюшы адамға береді де өзі соның міндетін атқаруға кірісіп ойынды қайтадан бастайды. Сөйтіп, ойын осылайша созыла береді.

Санат: KZ портал » Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы | | 9 494
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .