Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер

Ұлттық ойын: Түйілген орамал

«Түйілген орамал» — ұлттық ойын.

Ойынға жас өспірімдер қатынасады. Ойын жүргізу үшін ақ орамал керек. Орамалды ортасынан түйеді.

Ойынға қатынасушылар алаңға жиналады да шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы тағайындалады. Басқарушы ортаға шығады да, қолындағы орамалды кез келген бір ойыншыға тастайды, сонан соң оны өзі қуады. Орамалды алған ойыншы дереу оны басқарушының қолына тигізбей басқа ойыншыға беріп үлгеруі керек. Сөйтіп, ойыншылар орамалды біріне-бірі өткізе береді. Орамалдан айырылып, қалған ойыншы басқарушының орнына шығады. Немесе орамалды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біреуді тағайындап, өзі ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, тапқыр ойыншы атап өтіледі.

Қолына орамал тиген ойыншы оны тек басқа ойыншыға жоғарыдан ғана лаңтырып бере алады. Шеңберден шығуға болмайды. Ойын жылдамдықты, амал-айланы қажет етеді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Тоқым қағар

Тоқым қағар —- ойын-сауық, салт ойыны, көбінесе жас баланың алғаш рет үйден жырақ, алыс сапар шеккен кезінде немесе қызы ұзатылған үйге жиылып «Тоқым қағар» ойынын бастаған. Әдетте ауыл адамдары ән, күй, айтыс секілді өнер түрлерін айта отырып, көбінесе, үй иесіне жолаушының оң сапарда болуын, қыздың бақытқа жетуін тілейтін жақсы тілектер айтысқан.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Тоспа доп

Тоспа доп — ұлттық ойын.

Ойынды бір топ жас өспірім жиылып, не ашық кең далада, не мектеп ауласында ойнайды. Ойынға бір метрдей таяқ, бір кішкене доп керек.

Ойын бастаушы таяқты таңдаған бір жігітқан жақын жерден лақтырып береді, ол жерге түсірме: Оны қағып алып, таяқтың бір басын жоғары көтеріп ұстап тұрады. Қалған ойнаушылар ұстап тұрған қолдың үстінен таяқты тұтамдап ұстай береді. Бұл жеребе деп аталады. Кімнің қолы таяқтың ең ұшыны дәл келсе, сол доп ұрушы, ал оған таяу қолдың не доп беруші болады. Қалған ойнаушылар доп ұрылатын өріске барып бытырап тұрады. Бұларды «талаптылар» деп атайды.

Доп ұрушы мен доп беруші аралары 2—2,5 метрдей қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Доп беруші 1, 2, 3 деп санайды да, допты тез лақтырып ұрушыға береді. Доп ұрушы оны аспандата, сонымен қатар ұзата қатты ұрады. Осы ретпен үшке дейін допты дәлдеп ұра алмаса, онда ұрушы мен беруші орын ауыстырады. Егер екінші ойыншы да дәл ұра алмаса, онда бұл екеуі «талаптылар» тобына кетіп олардың орындарына жаңадан екі бала келеді.

Осы тәртіппен зымырап ұшқан допты ұстауға «талаптылар» түгел әзір тұрады. Әр кім өз тұсына келген допқа таласа жүгіреді де, бұрын ұстаған допты алып, доп берушіге лақтырады. Доп беруші оны жерге түсірмей қағып алады да ұрушыға тағы лақтарып береді. Бұл жерде доп беруші қағып ала алмай қалса, онда әлгі «талапкер» оның орнына шығады да, бұрынғы доп беруші «талаптылар» тобына барып қосылады. Ойын осылай созыла береді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Теңге ілу

«Теңге ілу» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.

Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Таяқ ойнау

«Таяқ ойнау» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды жастар қыста ойнайды. Ойын алаңды жерде өтеді. Ойынға ұзындығы 1,5—2 метр үшкір таяқ қажет. Ойынға қатынасушылар қардан қалыңдығы 0,5 метр қабырға қалайды.

Ойынға қатынасушылар орталарынан біреуін басқарушы етіп белгілейді. Ол бақылаушы, төреші рөлін де қоса атқарады.

Ойын басталғанда әр ойыншы, қолындағы таяқты белгіленген жерден қардан қаланған қабырғаға қарай бар пәрменімен лақтырады. Таяқ қабырғаға бойлай кіреді. Егер таяқ қатты ұрылатын болса, таяқтың ұшы қабырғаның екінші жағынан шығады. Кімнің ұрған таяғы қабырғаның екінші жағынан көбірек шығып тұрса, сол жеңген болып табылады.

Жеңілгендер алдын ала белгіленгендей ұпайларын орындайды — өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтады. Ойын қол күшін дамытып, денені шынықтырады. Таза ауада дем алып, денсаулықты шыңдай түсуге мүмкіншілік береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Тауық күрес

Тауық күрес — ұлттық ойын.

Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Осы екі жақтан екі жігіт ортаға шығып, кәдімгіше күрес жасайды. Оның ең қызыгы да, басқаша күрестен айырмасы да тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарымен қағысып, күресуінде, бұл адамның нық басып, орнықты жүруін жеңілдетеді.

Күресетіндердің бір аягын тізесіне бүгіп, мата белбеумен байлап тастайды. Сол аяқты, егер оң жақ аяғы бүгулі болса, сол жақ қолын; сол жақ аяғы бүгулі болса, оң жақ қолын шынтағынан бүгіп байлайды. Сонда күресушілердің екеуі де тек бір аяқ, бір қолымен жүріп күреседі. Күресушілерді екі жақтың ойынбасылары сүйемелеп әкеліп ұстастырады, қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Тай жарыс

Тай жарыс — көне заманнан бері келе жатқан, балалардың жазда сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Үлкендердің ақыл-кеңесімен жарысты балалардың өздері әзірлеп, өздері өткізген. Тай жарысқа тек бір жасқа келген жылқы ғана қатынастырылған. Тайға мініп шабатын балалардың жасы 7—8 жас мөлшерінде болады. Халықтың дәстүрі бойынша әр баланың өзіне арналған бәсіре жылқысы болған. Ол жаңа туған құлын күннен бастап баланың қамқорлығына көшеді.

Жазда қатар қонып отырған ауыл балалары жиылып тайларын үйретіп, үйретілген тайларын жарыстыруға келіседі. Тай жарысы жақын қашықтықта өткізіледі. Тайға ер-тоқым салынбайды, бала жайдақ мініп шабады. Ойынды ересек балалар басқарады. Оны ат айдаушы деп атайды. Белгіленген жерге жеткенде, ат айдаушы жарысқа қатынасушыларды қатар тұрғызады да, жарыстың басталғандығы туралы белгі береді. Озып келген тай иесі жеңімпаз атанады.

Бұл тек ойын ғана емес, баланы жастайынан қоғамдық өмірге, еңбекке тартып, шаруашылық жағдайымен ерте танысуға, жылқы малын танып, білуге баулиды. Жарысқа қатынасу арқылы жастайынан шабысңа жаттыға береді. Сөйтіп, тай болашаң үлкен жарыстың сынағынан өтеді. Бала өзінің жеңіске деген ерік-қайратын шыңдай береді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Соқыртеке

«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.

Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ.
Қайда кеттің қалқа жан,
Жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,
Қала бермек көзім боп,.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Сен тұр сен шық

«Сен тұр, сен шық!» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 4—5 адам бірігіп ойнайды. Қалғандары көрушілер қатарында болады да, кезектері келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойынға қатынасушылардың бәрі де саусақтарын столдың үстіне салып, өздері столды қоршап отырады. Ойынды алғаш бастайтын ойыншы тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шығады:— 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның санау сөздерін айта береді. 1. Бірім-бірім, 2. Екім-екім, 3. Үшім-үшім, 4. Төртім-төртім, 5. Бесім-бесім, 6. Алтым-алтым, 7. Ауыр балтам, 8. Қалың қалтам. 9. Алтай-сәлтай. 10. Балақай-алақай. 11. Олпық. 12. Солпық, 13. Сен бұқ (бұл саусақ ішіне қарай бүгіледі). 14. Сен тұр (бұл саусақ басын тік көтереді). 15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады).

Ендігі кезек тік тұрған саусақтан басталып, тағы да әрі қарай жоғарғы санау сөздері қайталанады да, 15-ші сөзге жетіп, «Сен шық» дегенде он бесінші саусақ тағы да саптан шығады. Ойынның барысында әркім өз саусағын тезірек түгел есептеп шығарып алуға тырысады. Саусақтары ең соңында қалған адам ұпай тартады.

Осы 15 сан айтылып отырғанда «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін алдын ала есептеп болжап алуға болады. 3 кейде 2 саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрынғы кезек тәртібімен әлгі санау сөздері қайталана береді.

«Бүк» дегенде бүгіліп қалган саусақтар, яғни 15-ші сөз келгенде «Қасқырдан бұғып қалған төрт түліктің бірі» деп есептеледі де, сол ойыншының құлағына былай деп айғайлайды......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Орда

Орда — ұлттық ойын.

Ойын тек айлы түні ойналады. Ойын кең алаңда, шөбі шүйгін көгалды, шилі жерде өткізіледі. Ойынға ірі малдардың жілік сүйегі керек. Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы тағайындап алады. Оның бір тобында сүйек болады. Екі топқа ортақ көмбе белгіленеді. Оны «Орда» деп атайды.

Сүйегі бар топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Қалғандары сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тауып алған ойыншы «Сүйек менде» деп ордаға қарай жүгіреді. Қарсы топтың ойыншылары оны қуып сүйекті алуға тырысады. Ал сүйек қолында бар топтың ойыншылары оны сатылап алып қашып бермеуге тырысады. Егер қарсы топ сүйегі бар ойыншыны қуып жетіп сүйекті алса, ол ойыншы да сол топқа өтеді. Ойын екі топтың қайсысының ойыншылары таусылып болғанша жүре береді.

Бұл ойын жеткіншектерді бағдарлай білуге, айла-амалға, жүгіре білуге үйретеді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы