Қазақша мақал - мәтел: Ешкі

Қазақша мақал - мәтел: Ешкі казакша Қазақша мақал - мәтел: Ешкі на казахском языке

Есі кеткен ешкі жинар,
Ешкі жинап есін жияр.

Айдағаны - бес ешкі,
Ысқырығы жер жарады.

Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен ізде.

Әркім тапқанын теке қояды.

Жылқыны бөгелек,
Ешкіні кебенек аздырады.

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп ұлақтан айырылыпты.

Ешкінің пірі - Сексек ата.

Ешкілі қой өреген.

Ешкі бастаған қой егінге түсер.

Ешкі жейді ебелек,
Ешкіні жейді кебенек.

Ешкі қырыққан сайын бір өледі.

Ешкінің ажалы жетсе,
Қойшының таяғына сүйкенер.

Ешкі егіз тауып, қойдан аспас,
Ит сегіз тауып, елден аспас.

Қотыр теке қора былғар.

Бір лақ екі адамды талтаңдатады.

Сегіз ешкіге сексен теке.

Бұрын шыққан құлақтан
Кейін шыққан мүйіз артық.

Таудағы ешкі ыңғай берсе,
Етектегі теке дедектеп жетеді.

Жаман теке сүзеген.
Ешкі сойып жесең, бір күндік,
Сауып ішсең, мың күндік.

Арамнан алған түйеден
Адалдан алған ешкі артық.

Ешкілі үй ағы көп сиырлымен тең.

Түйе ағаш басын кемірсе,
Ешкі таңданады.

Түйесі кетеген, ешкісі өреген.

Тоқал ешкі қой бұзар.

Түйенің құйрығы жерге жетсе,
Ешкінің құйрығы көкке жетер.

Қорада лақ туса, өрісте от өнер.

Серкесіз қой отары болмайды.

Өзі келген текенің
Өзін атпа, көзін ат.

Ешкі бақсаң, түбіті көп, мүйізі пышаққа сап.

Ешкі баққан зыр қағар.

Жалаңқия жартаста ешкі жүреді.

Ешкі сойғанның екі амалы бар:
Мүйізі - пұшпағына сап,
Терісі - бұтына қап.

Қой көрмесек те, ешкілі байдың қызы едік.

Ешкі бақтым - еңіреп бақтым.




KZ » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, ешкі туралы мақал мәтелдер, ешкі туралы мақал мәтел, ешки туралы мақал мателдер, пословицы на казахском языке, Ешкіні, Ешкінің, кебенек, жейді, өреген, Ешкілі, бақтым, мүйіз, тауып, Тоқал, құйрығы, күндік, кеткен, артық, шыққан, алған, жетсе, Ысқырығы, Түйені, аспас, пословицы на казахском языке коза козлятина, ешкі туралы мақал мәтелдер, ешкі туралы мақал мәтел, ешки туралы мақал мателдер, пословицы на казахском языке, пословицы на казахском языке коза козлятина, Қазақша мақал - мәтел: Ешкі, Қазақша мақал - мәтел: Ешкі макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы

  • Анализ сайта www.zharar.com