Ауа-райы туралы мақал-мәтелдер топтамасы
Қыстағы суық - жаздағы ыстық.
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Үркерлі айдың бəрі қыс.
Сəуір болса, күн күркірер,
күн күркіресе, көк дүркірер.
Жаз сайға қонба,
қыс қырға қонба.
Қажетті сілтемелер:
-
Табиғат құбылыстары, табиғат туралы мақал-мәтелдер жиынтығы
-
Қыс туралы мақал - мәтелдер
-
Көктем туралы мақал - мәтелдер
-
Жаз туралы мақал - мәтелдер
-
Күз туралы мақал - мәтелдер
Ықтырмаң болмаса, желге өкпелеме.
Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар.
Шығыстан үркер туса егінді ор,
батса көктен егінді егетін бол.
Қырық күн, қырық түн сол үркер көктен безіп,
жоғалып қараңғыда шегеді жол.
Ауа-райы туралы 4 шумақ мақал-мәтел
Үшарқар айдай туып, күндей батар,
туғанда шабансары таң сонда атар.
Аспаннан жұлдыз тарап, шолпан туып,
таң райы күнменен манауратар.
Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен жел артық.
Қыстағы қар жер ырысы.
Таразыда таң суиды.
Қардың басын қар алар.
Үркер үйден көрінсе,
үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жамбасқа келсе,
жаз шықпағанда несі бар ?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?