Құс

 Құс

Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

Құс баласы қырымға қарайды.
Қаршыға ілген қазға сын.

Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.

Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады.

Құс тамағы үшін қолға түседі,
Балапаны үшін торға түседі.

Құс патшасы — бүркіт,
Аң патшасы — арыстан.

Бөдененің үйі жоқ,
Қайда барса бытпылдақ.

Екі тұйғын жабылса қаздың соры.

Атқанның құсын,
Жатқан байланар.

Ителгінің қызығына қызсаң,
Қаршығаңды қамшы етерсің.

Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес.

Сақ қарға сағағынан ілінер.

Құстың алғанынан,
Салғаны қызық.

Құс – қанаттасымен қатар ұшады.

Торғай
Жаңбыр жауса,
Баласын қорғайды;
Бұршақ жауса,
Басын қорғайды.

Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.

Қарға қаңқылдаса,
Қысты шақырады.
Қаз қаңқылдаса,
Жазды шақырады

Көкте тырна қиқуласа,
Көлдегі қаз қанатын қағар.

Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан келмей, боз болмас.

Ақ шалаға көрінді –
Алыс емес су жақын.

Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар.

Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.

Ат аяған жерге қарар,
Құс аяған көкке қарар.

Сауысқаннан сақ бол.

Құс жаман шажа,
Дос жаманы бажа.

Ит құтырса — иесін қабады.

Итті тепкен, ырысты тебеді.

Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас.

Міріден сірі айырады.

Айналаға атқан оқ ажалдыға тиеді.

Аңды ерінбеген атады,
Я көрінбеген атады.

Қаңтар қақпанды сүйер,
Сонаршы ақпанды сүйер.

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алады.

Тағыны жеткен алады.

Ай жарықта қоян арық.

Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.

Қаз орғанына семіреді.

Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.

Қоянның қарамын көр де, қалжасынан түңіл.

Алпыс қарсақ ат болмас.

Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді.

Құлан қырда, құндыз суда.

Өлі бөріден ит аттамас.

Құстың қуы сауысқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі