» » » Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ

Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ

Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ казакша Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ на казахском языке
Мазмұны

КІРІСПЕ

1ТАРАУ. МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОҒАМДА АЛАТЫН ОРНЫ.
1.1. Бүгінгі күні мұғалімге қойылатын талаптар.
1.2. Ұстаздық шеберлік мазмұны.

2 ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА – МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ.
2.1. Мұғалім сырт бейнесінің мәдениеті.
2.2. Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары.
2.3. Бастауыш сынып мұғалімінің шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары.
2.4. Бастауыш сынып мұғалімінің ізгілікті қарым-қатынас
мәдениеті.

ҚОРЫТЫНДЫ.
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ


1.1. Бүгінгі күні мұғалімге қойылатын талаптар.

Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін адам иесі. Тәрбие деген аталы ұғымның пайдалы болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыған орай мұғалім-тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берілген.
Г.А. Ягодин өзінің «Еркін адамды тек еркін мектеп қана тәрбиелейді» атты мақаласында: «Семья, мектеп, білім беру, мәдениет, адамгершілік ұғымдары мұғалім, тәрбиші сөздерімен қатар қолданылады. Бұл ұғымдар қоғам өміріне біте қайнасып жатыр. Сайып келгенде, қоғамның рухани дамуын үнемі алға жылжытып отырған нәрсе адамзат өз балаларының келешек ұрпағының өмірін неғұрлым жақсырақ, неғұрлым мағыналы етуге үздіксіз тырысушылығы белгілі. Бұдан туатын біздің мақсатымыз адамның қабілетін дамыту, адамнда жан-жақты жетілдіру, адамды әрі азаматты тәрбиелеу», - деп атап көрсетеді.
Бұл орайда жаңаша ойлау жүйесіне негізделген қайта құрудың күретамыры – мектепті гуманитарландыру мен демократияландыру еліміздегі барлық жаңару жолындағы мақсат міндеттерімен ұштасып жатыр.
Сонымен, бүгінгі таңда толғағы жеткен көптеген педагогикалық әлеуметтік проблемалар мұғалімнің ой-санасының жаңаруымен, жаңа міндеттерді айқын түсінуімен, педагогтердің белсенділігі мен творчестволық қатынастарымен шешіледі.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие әне оқыту процесін басқарады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны және қоғамдағы алатын орны жағынан ең құрметті болып танылған. Педагогикалық қызмет қиындығы мол қызмет. Себебі, ол бір-екі ғана баланы тәрбиелемейді, ондаған әртүрлі қабілеті мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдеп-ғұрпы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жас өспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекелеген ерекшелігін дамытады, ынтымақты тату жарасымды коллективке топтастырады. Әр балаға жеке адам деп шынайы қамқорлық жасайды. Адам жанында, қоғамда, табиғи ортаны да ізгілікке белейтін пәрменді ерекше құрал – мәдениет. Ал мұғалім мәдениеттің қайнар кезі, әдебиет пен өнер шығармаларының жаршысы. Сондықтан қандай мұғалім болашақтың мүсіншісі бола алады деген сұрақ туатыны заңды. Қазіргі заман мұғалімі қызметінлегі ең басты ерекшеліктің бірі – жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматын, еңбеккелерін және отанды қорғаушысын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы шарт. Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі де бала, ал оның дамуын, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу – бірінші кезектегі міндет.
Осыдан мұғалімді адам тану мамандығының иесі деуге де болады. Себебі, бала пассивті материал емес. Мұғалім еңбегі өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді. Мұғалім - бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам. В.А. Сухомлинский: «Менің өмірімдегі ең басты нәрсе не болып еді? Бұған ойланып жатпастан-ақ балаларға деген сүйіспеншілік деп жауап беремін» - деген. Мұғалімнің балаға деген махаббаты оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көріне түсуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйлау сезімін тудырады. Мектеп өміріне сөз салсақ, балалар бір қарағанда алдымен математика, не физика, химия мұғалімін жақсы немесе жек көреді, содан кейін біртіндеп мұғаліммен бірге оның беретін физика не химия пәніне де қызығып, жақсы көре бастайды. Екінші жағынан , балаға шын ықыласы бар мұғалімнің өзінің мамандық қызметіне де қызығушылығы арта түсетінін көруге болады. Л.Н. Толстой мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алмаса, онда ол – шын мәніндегі қазіргі заманның мұғалімі бола алмайтынын өсиет етіп айтқан.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталатынында. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Мұғалімдік қай кезеңде де өзінің маңызын жоғалтқан емес – қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық міндеттер ұдайы өзгеріп отырады, сонымен байланысты жас ұрпақты қоғамға бейімдеудің жаңа талаптары туындайды, әлбетте, бұл педагог мамандары кәсіби даярлау жүйесіндегі жаңа көзқарастар жиынтығынан жан-жақты көрініс тапқан.
Жаңа ғасыр мұғалімдерін кәсіби даярлау талаптары да өзгеше болуы заңды.
Білім берудің ұлттық үлгісіне көшу жағдайындағы қазіргі заманғы мектеп, сөз жоқ, оқу-тәрбие әдісіне, психологиялық-педагогикалық тәсілдерге жетіп, ұстаздық жұмыстың жаттанды, қасаң қалыбынан бойын аулақ ұстайтын, оқу үдерімдерін нақты тәжірибе негізінде өздігінен құра алатын ойшыл - мұғалімге, педагог-зерттеушіге аса мұқтаж. Бүгін де мектептер алдына қойылар талаптар мұғалімдерді әзірлеу жүйесіндегі өзгерістерден анағұрлым жылдам түрде өсуі ахуалы қалыптасып отыр. Біз өзіміз түзіп шыққан «XXI ғасыр мұғалімінің нобайы» тұжырымдамасында осы мәселенің барлығын қамтуға тырыстық. Ол кезінде республикалық педагогикалық басылымдар беттерінде жарияланып, педагогикалық қауымдастықтар арасында жан-жақты талқыланды. Көптеген тиімді ұсыныстар алдық.
Жасыратыны жоқ, міндетті орта білім беру кезінде ақпарат көздерінің шамадан тыс көбеюімен байланысты мұғалім өзінің бірден бір ақпарат қоймасы ретіндегі мәртебесін жоғалтып алды. Оның үстіне оқушы мектеп қабырғасында меңгеруі тиіс ақпараттардың 80% басқа тараптардан жинайтыны да дәлелденіп отыр. Нобайда бұл құбылыс мұғалімнің оқушыларды оқытудың алуан түрлі әдістерін меңгеруі, яғни жай дәрісшіден ақпараттық білім беру қызметін ұйымдастырушыға айналуы керектігі тұжырымдалған.
Кәсіби педагогикалық біліктілік кешенінің ішінде мұғалімге қажеттісі – тұжырымдамада атап көрсетілгендей, педагогикалық құбылыстарды, ахуал деректерді бірінші кезете қарастыру, олардың арасындағы тәуелділікті, себеп-салдарлық байланыстарды айқындау және осының негізінде педагогикалық ойлау икемділігіне қол жеткізу, жаттанды үлгіден арылу дер едім. Сондай-ақ болашақ мұғалімдер оқушылардың мүлде жаңа буынымен жұмыс істейтіндігі де ескеріледі. Ал, олар мектептегі оқу-тәрбие ісінің әдісі мен мазмұны жаңартылуын, отандық педагогикалық білім беру ісіне дәстүрлі емес, инновациялық тұрғыда келу тәсілдерін енгізуді талап етеді.
Аталған тұжырымдаманы елімізде тұңғыш іс жүзіне асыратын бірден бір әдістемелік орталық та осы – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты болғалы отыр.
Бүгін де мұғалімдерді ескі жүйеде оқытып даярлаудың ешбір реті жоқ. Жаңа инновациялық технологиялар іздестірілуде.
Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, балаларға шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді.
Мұғалім қызметі - өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі қарам-қайшылығы мол жан дүниесіне ене білуде. Педагогтың балалармен шынайы достық қарым-қатынасын ешбір оқулықпен алмастыруға болмайды. Парасаттылық – ақыл-оймен, ар-ұятпен, отанға берілгендік – соған адал қызмет етумен тәрбиеленеді.
Мұғалімді адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагер ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның алғашқы қылығының әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші баған … деп айтады. Осының бәрі – таза шындық.
Бүгінгі күнгі біздің мемлекетіміздегі педагогикалық қызметтің, педагогикалық процестің (қызметтің барысы) ғылыми зерттеу пәнінің негізгі проблемалары бар. Біз сол проблемаларды іріктеп алып шешкен жағдайда педагогикалық қызмет және педагогикалық процесс дұрыс жолға қойылады. Олар:
1. мұғалімдік қызметтің, педагогикалық процестің ұйымдастыру барысы, тәрбиенің заңдылықтарына сәйкес келуінде. Педагогикалық қызмет және оның барысы, іс жүзіне асу жолдары заңдылыққа сәйкес болғанда ғана тәрбие жұмысы дұрыс атқарылады. Ұстаздық қызмет, оның барысы деп отырғанымыз: оқытудың, тәрбиенің, үйретудің мазмұны, түрлері, әдістері, солардың өндіргіш күшке сәйкестігінде, өндірістік қарым-қатынасқы лайықты болуында.
2. Мұғалімдік қызметтің, оның педагогикалық процесінің барысы тек тәрбие заңдылықтарына ғана сүйеніп қоймай, педагогикаға байланысты ғылымдардың заңдылықтарына да сүйенеді.
3. Мұғалімдік қызмет пен педагогикалық процестің нәтижелі болуы ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасына байланысты. Сондықтан ұстаз үнемі шәкіртінің іс-қимыл әрекетіне зер салып бақылап, керек кезінде шәкіртінің әрекетіне түзеті енгізу қажет.
4. Мұғалімдік қызмет пен педагогикалық процесте диагностика керек. Шәкіртінің іс-әрекетіне баға беріп, қай бағытта тәрбиеленіп жатыр, қай бағытқа жөн сілтегеніміз жөн, дегендей оймен ұстаз шәкірттің мінез-құлық, тәрбиесіне диагноз қояды, емдейді. Яғни тәрбие нәтижесі туралы кері информация болғаны жөн.
5. Бүгінгі өмірдің өзгеруіне байланысты тәрбие, оқу, үйрену өзгеріп жатыр. Сондықтан осы өмірше байланысты ұстаздық қызмет, педагогикалық процесс экспериментті қажет етеді.
6. Ұстаздық қызмет пен педагогикалық процесте баланы субъект-объект ретінде қараймыз. Сондықтан тәрбие нәтижесі бастапқы қойған бағыттан басқаша болады. Бастапқы бағыт пен нәтиженің арасындағы бала тәрбиесіндегі өзгерістер есепке аланып, келесі бағытқа жаңалықтар еніп тұруы қажет.
7. Педагогиканы екі бағыттан тұрады дедік: теория және тәжірибе. Сондықтан теория тәжірибеден нәр алады. Ол мұғалімдік қызметтегі, педагогикалық процестегі пайдаланып жүрген алдыңғы қатарлы тәжірибе, соны жинақтау, қорытындылау және тарату.
Педагогиканың теориялық бағыттары: оның заңдылықтары, прициптері т.б. іс жүзінде тексеріліп, шәкіртті тәрбиелеу, оқыту, үйрету арқылы сол теория бағыттарының дұрысын көре аламыз. Ал оның дұрыстығы шәкірттің іс-әрекет, білім, қимылы, еңбегі арқылы іске асады. Ұстаздың еңбегінің нәтижесі шәкірттің берген жемісінен білінеді.
Соңғы 10 жылда мұғалімнің қызметіне, жеке басына қойылатын талаптар артып келеді. Білім мен тәрбиенің ісінен гуманитарлық сипат алуы педагогиканың қарым-қатынас стиліне әсер етуде. Болашақ мұғалімдерді дайындауда олардың кәсіби дайындығы мен практикалық дайындығына үлкен көңіл бөлінуде. Ең алдымен мұғалімнің жеке мәдениетінің жоғары болуы, оқушыны өз еркімен білім алуға әрекет етуге итермелейтін басты фактордың бірі. Мұғалімнің мәдениеті оның әдептік, еріктік, жігерлік қасиеттерімен тығыз байланысты. Нақ осы әдептілікке, жауапкершілікке адамның іс-әрекеті атқаруда іскерлігі жеке бастың адамгершілігі, сыпайылығы т.б. қасиеттері көрінеді.
Мұғалім қоғам алдындағы өзінің орнын біле отырып қоғамның мүшесі және маманы ретінді өз міндетін ағартушылық бағыттарда атқаруы тиіс. Мұғалімнің мінезінің қалыптасу процессі мінез-құлқының, сезімталдығының, сапасының дамуы. Әртүрлі іс-әрекеттерді атқаруда жүреді.
Мәдениет рухани, материалдық құндылықтар болып табылады. Мәдениетті мұғалім рухани дүниесі бай, өнерден,ғылымнан, білімі терең, адамгершілік қасиеттері жоғары тұлғаны айта аламыз. Мұғалім мәдениеті қоғамдық, қызметтік, имандылық бағытындағы жұмыстарды атқару барысында тәжірибелер жинақтап, мәдениеттілік құндылықтан хабар ала бастайды. Болашақ мұғалімнің кәсіби мәдени қасиеттерінің қалыптасуы адамның жеке ерекшелігіне, дайындығына, ізденушілік талабына байланысты. Білімді үнемі толықтырып отыру күрделі ғылыми пәндерді терең әрі жан-жақта игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты және айқын талап. Бұл үшін білім дәржесі ғана шешуші мәнге ие болмайды. Оған қоса білімнің дәлділігі, жүйелілігі және үнемі дамып отыратындығы қажет. Адамның педагогикалық қызметке жарамдылығы білімінің молдылығында ғана емес, сол білімнің үздіксіз дамып отыратығында, меңгеруге ыңғайлығы мен жағдайына бейімділігінде. Бұл үшін мүғалім ертеңгі мектепке дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы керек. Мүғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, осывндай жағдайда ол мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана көрсеткіші бола алады. Алған білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс-жағдайларымен байланыстары, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады.
Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба білу – қазіргі заман мұғаліміне тін кәсіби бейне. Ойлау процесінің әрдайым педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы, білімдер комплексінің маңызды болуы, мүғалімнің кәсіби мінез-құлқы мен әрәкетіне өзіндік сипат береді. Бүгінгі мұғалім - балаларға білім беруші ғана емес, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана-сезімін жоғары дәрежедегі рухани байлықтарымен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, олардың өз бетінше жаңалық ашуға, жаңалық жасауға үйретуші әлеуметтік белсенділігі бар жеке адамды тәрбиелеуші. Сондықтан мұғалім оқушылардан осы қасиеттерді көру үшін, еі алдымен, осындай жақсы жақтарды өз бойында тәрбилеуі тиіс. Мұғалім ешбір қажымайтын, өз ісін сүйетін, өзінің творчестволық деңгейін әрдайым молайтып отыратын мамандық иесі.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін маман. Педагогикалық шеберлік – идеялық-саяси бағыттың, жалпы мәдениеттің мамандық білім, іскерлік дағдының, ұстаздық тәжірибенің жиынтығы. Мұғалім еңбегінің нәтижелі болуы оның табиғи дарындылығында детін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандықта болиасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикалық шеберлік – кейбіреулерге ғана табиғиттың таңдап берген сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін ол - ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Себебі мұғалім еңбегінің объектісі – жансыз дүние емес, құрал-жабдық өндірісі де емес, өте күрделі, қарама-қайшылықты әрі нәзік тірі организм, жас ұрпақтық рухани дүниесі. Мұғалімде педагогикалық қабілет пен бейімділіктің болуы – оның еңбегінің нәтижелі болуының кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да, педагогикалық институттағы оқумен әрі қарай дамытып жетіледі.
Білімді үнемі толықтырып отыру күрделі ғылыми пәндерді терең әрі жан-жақта игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты және айқын талап. Бұл үшін білім дәржесі ғана шешуші мәнге ие болмайды. Оған қоса білімнің дәлділігі, жүйелілігі және үнемі дамып отыратындығы қажет. Адамның педагогикалық қызметке жарамдылығы білімінің молдылығында ғана емес, сол білімнің үздіксіз дамып отыратығында, меңгеруге ыңғайлығы мен жағдайына бейімділігінде. Бұл үшін мүғалім ертеңгі мектепке дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы керек. Мүғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, осындай жағдайда ол мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана көрсеткіші бола алады. Алған білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс-жағдайларымен байланыстары, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады.

1.2. Ұстаздық шеберлік мазмұны

Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Шеберлік барлық іс-әректтерге де, барлық мамандықтарға тән қасиет.
А.С.Макаренко былай деген болатын: «Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету»-деп, атап көрсеткен болатын.
Негізгі мақсат педагогикалық шеберліктің өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін білуіміз керек. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі негізгі мақсат – мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты педагогикалық іс - әрекетті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра білу.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады:бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психалогиясын білу, екінші жағы, оқытып – тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болып келе жатқан көптеген таныс,даңқты педагогиканың іс – тәжірибесін оқып үйрену арқылы педагогикалық шеберліктерді танып – біліп, олардың іс – тәжірибелерін жаңа жағдайда жаңа форма - әдістерменжандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ғана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.
Мысалы, А.С.Макаренконың, М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі “Ұстаздық дастан”, “Мұнара үстіндегі тулар” атты еңбектерінде айқын суреттелінген.
Қазақстанда педагогикалық іс - әрекеттің шеберлері Макаренконың педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы “Көкпенті” балалар үйінің директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің директоры – Архимед Мыңбаевтың іс - әрекеттері нағыз шеберліктің үлгісі болады.
Қазір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И.Ф.Шаталов, И.Е. Ильина, Ш.А.Амонашвили, Т.И.Гончаров, С.Н.Лысенко т.б педагогтардың іс - әрекеттерінен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.
Бұлардың педагогикалық шеберліктерінің негізі балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, жергілікті мұғалімдердің пікірімен, тәжірибелерімен санаса отырып, оқу құрал, бағдарламалардың балама түрлерін жасау, сөйтіп білім – тәрбие берудің жаңа талаптарына сай педагогикалық шеберліктерді дамытуға үлес қосу болллып табылады. Оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту. Әрбір оқу пәндерінің ерекшеліктеріне сай оқу – тәрбие әдістерін жетілдіру. Балаларға деген қамқорлықты, сүйіспеншілікті арттыру. Жаңа жұмыс әдіс – тәсілдерін жандандыра түсу – олардың педагогикалық шеберліктерінің сипаты.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз мұғалімнің оқу–тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық іс - әрекетті жоғарғы педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады: іс - әрекет мақсаты, іс - әрекет обьектісі, іс - әрекет субьектісі, іс - әрекет құралы.
Аталған іс - әрекеттер құрылымдары бір – бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып іс - әрекеттің компоненттері де болды.
Осы аталған іс - әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс – ірекет мақсаты, обьектісі, субьектісі және іс - әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ : іс - әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруды қажет етеді. Комплексті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбббиелерін тұтас бір-бірімен ұштастттыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбббиеленушілердің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметттіне де бір мерзімддде ықпал жасауға мүмкіндддік береді.
Жеке адамддды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі : өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
Іс - әрекет обьектісі – адамдардың қалыптасуының обьективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды. Адам жанасқан нәрселерінің бәрі – адамдар,заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез- құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 36 | 29.01.2019


Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ, курстык ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Педаго, Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін