Курстық жұмыс: Әдебиет | Абайдың педагогикалық көзқарастары

Курстық жұмыс: Әдебиет | Абайдың педагогикалық көзқарастары казакша Курстық жұмыс: Әдебиет | Абайдың педагогикалық көзқарастары на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................3

І Тарау Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
1.1 Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі - мораль
тәрбиесінің алатын орны .................................................................................4-7
1.2. Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіндегі еңбек, ақыл - ой
тақырыбына байланысты айтылған ой-пікірлері...........................................9-16

ІІ Тарау Абайдың педагогикалық көзқарастары
2.1 Абайдың қарасөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы
қазына.................................................................................................................16-18
2.2 Ақын творчествосындағы адамның психологиялық даму
жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі.................................19-24

Қорытынды.........................................................................................................25-26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27

І Тарау Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
1.1 Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі - мораль
тәрбиесінің алатын орны
Абай Құнанбаев —казақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғақлия» сөздері пәлсапалық этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой пікірлерге толы.
Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігімізбен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,— дейді Абай. Абай дүниені жаратушы бір күш бар деп қарайды. Бұл жағынан алғанда дейстік көзқараста болғаны байқалады.
Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі - мораль, тәрбие мәселелері. Бұл тақырыпқа 12-ші, 20, 36-шы, 44-ші сөздер кіреді.
Ақын өлеңдерінде көтерілген адамгершілік, гуманистік мәселелер ғакдияларынды де терең, дәлелді пікірлермен берілген.
Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой-пікірлерінің бірі — еңбек тақырыбы. Ақын: "Жаманшылыққа бір ілініп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қасиет қазақте кем болады", - дейді. Осы ойларда ұлы ғұлама халқының етектен тартып отырған қылықтарын тайға таңба басқандай айта отырып, халқының бетін жақсылыққа, адалдыққа бұрады.
"Не жаманшылық болса да бір етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда, я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен өздігінен тоқтаған адамды көрмессің" - деген үзінділерден адам мінез-құлығынан алуан үлгісін көреміз.
Алайда ұлы ойшыл адамдар жаратылысында бірдей емес дейтін нәсілді көзқараска қарсы шыға отырып (отыз төртінші қара сөз), «адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей... Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі — ішсем, жесем, ұйыктасам деп туады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі — білсем екен деу — жан құмарлығы»... (жетінші, қырық үшінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты _ақыл, ғылым... ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі...» деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзкарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгеріс дамуда болады, адамды қоршаған ортаның — табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.
Ол қазақ халқыңың саяси-экономикалық және мәдени артта қалушылығы— оның феодалдық-патриархалдык қатынасынан, рулық талас-тартыстары етек алған көшпелі тұрмысынан туындап отырған бытыранқылығының салдары екендігін жақсы білді. «Күнде ұрлық күнде төбелеспен күн кешкен» алты бақан алауыз елінің «жақсыларына» налыған Абай «малыңды жауға, басыңды дауға» салып, өмірінді қор қылмай татулас, бірлесіп ел боп «Егіннің ебін, сауданың тегін» үйрен, «жан аямай кәсіп кыл» деп өсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын кере білді, бірақ сол таптық қанаудан құтылудың жолы оқу, ағарту деп қарады.
Абайдың қарасөздерін тақырып жағынан топтасақ, он-он бір тақырыпқа бөлінеді. 1-ші сөзінде Абай жазуға кіріскендегі мақсатын айтады. Осы қарасөзінде ақынның айтпақ ойының өміршегдігі мен бүгінгі заманмен үндестігіне таң қаласыз: "... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған бел байладым"-дейді. Абай тек осы қарасөзінде ғана емес, барлық қарасөзінде бейне бір оқушысымен әңгімелесіп отырғанд ай, ол өзіне-өзі сұрақ беріп, оған нақтылы жауап береді.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты.
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге,—
деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.
Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:
Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толстой.
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой,—
деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шықкан сөз талаптыға кез болса екен»— дейді.
Тіршіліктің тұтқасы еқбек пен білімде деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еқбек егін салған,
Жасынан оқу оқып білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұткасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: «Барынды салсаң да балана орыстың ғылымын үйрет... өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі...»—деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі...—
деп, Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды.

Бұл жерде діни оқу жөніндегі Абайдың көзқарасы өзінің замандасы Шоқан, Ыбырайлармен өзектес келетіні байқалады.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді-- «Әне оны берем, міне мұны берем деп, бастан балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? «Боқта!» деп біреуді боқтатып, «кәпір қиянқы, осыған тимеңдерші» деп, оны масаттандырып тентектікке үйретіп қойып, «ку, сұм бол» деп, «пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі жанға сендірмей жат-мінез қыласың»—деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға алады. «Ақыл ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім кылап...
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап,—
деп кейбір жастардың іс-әрекетіне кейістік білдіреді.
Талап, еңбек, терен ой,
Қанағат, рақым-ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеніз,— '
деп, ел қамын ойлаған жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:
«...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек»,—
деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді еске сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ ұстау,_нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді.
1.2. Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіндегі еңбек, ақыл - ой
тақырыбына байланысты айтылған ой-пікірлері
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді»—деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінің ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандык, тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сепгіштікті, арсыздықты, мақтаншактықты, қулыкты, жауыздықты т. б. жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай еткізгенің жайында өзіңнен өзін есеп ал»—дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымактық»—дей келе, адамды тәрбиелеудегі коғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарынын бәрі виноват»—дейді. Яғни Абай сана-сезімді тәрбиелеп жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік көзқараспен түсіндіреді. Адамның жақсы, жаман болуы. ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақсүйек тұқымнан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің, отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»—деді.
Абай ел қыдырып ас ішіп, аяқ босатар жатып ішер, жалқау жастарды мінеп-сынай келе:
Жалға жүр, жат елге кет, мал тауып кел,
Малың болса сыйламай тұра алмас ел...
талаптан, талпын, адал еңбек ет. «Есек артын жусан, да» адал еңбекпен мал табудың арлығы жоқ «егіннің ебін, сауданың тегін үйрен» дегенді насихаттайды. Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал таппақ болатын женілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп күн көрушілердің арам пиғылын әшкерелеп, «ұрлық түбі қорлық», адалдан тапқан мал мұратқа жеткізеді, «еңбек түбі — зейнет» дегенді өнеге тұт дейді.
Жастардың белгілі бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын оларға:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, әрқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігің тап та, бар қалан,
өмірден өз орныңды таба біл, қоғамның пайдалы азаматы бол деп өсиет айтады.
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай коғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Абайдың педагогикалық көзқарастары жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет курстық жұмыстар, Абайдың педагогикалық көзқарастары, курстык Абайдың педагогикалық көзқарастары жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет кур, Курстық жұмыс: Әдебиет | Абайдың педагогикалық көзқарастары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін