Қазақ әдебиеті | ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

 Қазақ әдебиеті | ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………………..….3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен қызметі……………………...….8
1.2.Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармасындағы психологиялық мәселелері....………………………….…...17
І ТАРАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ..........................................................................24
ІІ ТАРАУ
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕДЕГІ МАҢЫЗЫ
2.1. Шәкәрімнің ұлттық тіл мен жан туралы ойларына психологиялық анализ ............25
2.2.Шәкәрім Құдайбердіұлының психологиялық мұрасы жөніндегі ой-пікірлерді казіргі мектептердегі оқу-тәрбие процесінде қолдану және насихаттау………...........................................………........………………..……27
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….……………………………..29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………...……………………………33

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі.
Қазіргі таңда еліміздің оқ󬬬-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселелерінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған ,өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.Тәрбиенің негізгі міндеті-қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгешілік стимулдарына айналдыру.
Қазіргі таңда әсіресе , көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту.Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген:«Адамгершілік-адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүние танымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әректтерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имнадылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т.б.
Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда тролық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелерін күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы.Бұл арқылы оқушылардың ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі:
-өмір талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттерді тәрбиелеу;
-оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
-оқушынң санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;
-Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты жасалады.
Адамгершілік тәрбиесі оқу-тәрбие үрдісінің барлық сапаларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек.
Тәрбие ісі әрбір нақты кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, болашаққа бағдар ұстайды, жек басты соған әзірлейді.
Зерттеу мақсаты.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен бастслсды. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастарында көзге түседі. Бастауыш сыныптарда адамгершілік көзқарастардың мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен-оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Түрлі пәндерді оқыту кезінде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық, өмірге белсенді көзқарасы, Отан туралы ұғымдары қалыптасадыжәне кеңиді. Үлкенді сыйлауды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді.Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу-әрекетіне өзінің қатынасын, жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі.Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым-қатынасы байиды.
Жас жеткіншектер 5-9 сынып оқушылары өздерін ересекткр қатарына санап, өз бетімен тіршілік етемін деп таза қиялға да кетеді. Бұл жастағы шәкірттердің дамуына ұйымшылдық, тәртіптілік, қамқорлық, құнттылық т.б. қасиеттер әсер етеді.
Жасөспірімдердің немесе 10-11 сынып оқушыларының ғылымға, мамандық таңдауға ынталары өседі. Бұлар әділеттілік , борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс, т.б. моральдық категорияларға ерекше көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауда өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан да бұл жастағыларға көбірек ерік берген жөн. Өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін белгілі жүйеде іске асыруға ықпал ететін-олардың ортасы.
Зерттеу міндеттері.
Оқушылар бойына тәрбие дарытуда мекткпте оқытылатын пәннің бәрі бірдей дәрежеде маңызды. Әсіресе оқушыларды адамгершілікке тәрбиелейтін пәннің бірі-тарих. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сезімді қалыптастырады. Қазақ халқының тарихына байланысты хандарымыз бен билеріміздің, шешендеріміз бен жырауларымыздың орны бөлек. Тарих пәні оқушының рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың батырлығына көмек көрсетуді тудырады, олардың ізгі талап-тілектерін оятады. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушылардың еңбек сүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйірме жұмыстарында адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түрінде сынып жетекшісінің этикалық әңгімесі, моральды-этикалық жарыстар, пікір сайыстар жатады.
Жасөспірімдерді адамершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін көптеген жағымсыз жәйтерден сақтандыру мәселелері ескерілуге тиіс. Мұндай мәселелерд әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.
Зерттеудің теориялық мәні.
Адамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.
«Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»,-дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,-деген болатын В.А.Сухомлинский.
А.Бейсенбаева «Қазіргі кезде адамгершілік қасиеттер азайған, тұрақсыздық жағдай қалыптасқан қоғамда өсіп келе жатқан жасөспірімдердің бойына жоғары азаматтық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ғаламдастыру, интеграция және гуманизация сияқты алдын-ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет»,-деп көрсетеді.
Сайып келгенде, адамгершілік тәрбиесі-үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшкліктерін ескеру негізгі орын алмақ.
Зерттеудің практикалық мәні.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсірісе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи-әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенін бйқадым.
І ТАРАУ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен қызметі
Қазір әдебиетіміздің тарихында орны ойсырап тұрған, елге ежелден белгілі болған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді атауымыз орынды деп білемін . Өйткені ол - Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда – бірегейі.
Олай дейтініміз, Абай шәкірттеоінің ішінде көп жасағаныда, көп жазғаны да музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол – терең ойшыл әрі бармағынан мөр тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері.
Мұхтар Әуезов «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласында «Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен» ақындар туралы айта келіп: «Мұндай ақын – төртеу, - дейді. – Оның екеуі – Ақылбай, Мағауия; Абайдың өз балалары ... Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері, Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлең мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған... Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзейдің жолдарын айтады.. Дәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушының мектебі сипаты болады».
ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақынымыз – Шәкәрім. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, халық шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген.
Шәкәрім ақын өзінің өмірдегі мұрат-мақсатын айқындап ашып айтқып, халқының алдында серт беріп, былай дейді:
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамға қамы үшін.
Серт қылғам еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
Ақын осы айтқан сертінен өл - өлгенше танған емес. Ақынның бір айтқан сертінен айнымайтын адалдығына, оның адамгершілік қасиетіне көзі жетіп, көңілі сенген туған халқы ардагер азамат ақынын ардақтаған.
«Әкенің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың», - деген Абай қағидасын Шәкәрім өмір бойы берік ұстап өткен адам. Ақын:
Адамның маған бәрі бір,
Не мұсылман, не кәпір.
Тамам адам бір бауыр,
Бөлінбесе өлген соң.
Мен ұлтшыл емеспін,
Жақыным мынау демеспін.
Ашылсын анық көмескім,
Айтайын кезі келген соң, -
десе, Шәкәрім туралы Сұлтанмахмұт Торайғыров былай дейді:
Бұл қазақтан мақсұты биік – алыс,
Таппаса да сөзіне құлақ алыс.
«Қазақ» деп жекелеме, «адамзат» де, -
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс.
Демеңіз тымақ киген бұл жай қазақ,
Киген киім, жүрісі, түріне қарап,
Надандар оны өлшейтін өлшеуің жоқ,
Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап!.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!