Әдебиет | Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру

 Әдебиет | Абай еңбектерінің негізінде ана тілі  оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру

Мазмұны

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ.
1.1.Бастауыш сынып оқушыларында құлықты қалыптастырудың негіздері.
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының құлықтық тәрбиесінде Абай шығармаларының тәрбиелік мәні.

ІІ. ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚТЫҚ ТЄРБИЕ БЕРУДЕ АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА АБАЙ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ РОЛІ.
2.1. Бастауыш мектепте ана тілі оқу сабағында Абай шығармаларын қолдану арқылы құлықтық тєрбиені жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері.
2.2. Ана тілі оқу сабағында Абай еңбектерін негізге ала отырып, өз іс-тәжірибемде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

I ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ.

1.1.Бастауыш сынып оқушыларында құлықты қалыптастырудың негіздері.

Халқымыз тәуелсіздікке қол жеткізісімен оқушыларға құлықтық тәрбие беру жан сала кірісуі уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екені даусыз.
Білім туралы заңда осы саладағы қоғамдық қатынастарды болашағымыздың мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері берілуі қарастырылады.
Білім беру заңдық жүйесінің негізгі міндеттері ескеріліп жүргені жөн:
1. Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу,
адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру.
2. Азаматтықты, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы
жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғыну.
Бұл заңда балаларды мінез құлық тәрбиелеуде, балаларды жаман єдеттен арылту, оқу сабақтарда құқық бұзушылықты болдырмауды қамтамасыз етуді кездейді.
Қазіргі қиын кезеңге қарамастан мектепте жан-жақты тәрбие, білім берудің бірден-бір мекемесі мектеп болып отыр.
Қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиелеудің алатын орны ерекше. Білім негізі мектепте қаланады десек, ұрпақ тәрбиесі алдында мектеп мұғалімдерінің жауапкершілігі арасан зор.
Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларымызды біліп, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру. Өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.
Еліміз егемендікке ие болып Қазақстан өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп, бүкіл әлемге, жер жүзіне өзінің елдігін, саясатын таныстырып жан-жаққа жетіп отыр.
"Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы ... Ал біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде" - деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, бүгінгі мектептерден де қоғамның үміті мол.
Білім беру жүйесінің негізгі ордасы мектеп екенін ескере отырып оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім - білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоғам, адам, айналаны, қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғарғы адамгершілік принциптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
Бүгін мектеп табалдырығында жүрген әрбір өскелең жас ұрпақ - ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан да оқытуды мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға сапалы білім мен саналы білім, тәрбие беру, халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындатуды болашақ ұстаз білуі тиіс.
Бүгінгі таңда, оқушылармен жұмыс барысында, барлық мұғалімдер, педагогтар Президентіміздің 2030 жылға дейінгі жолдамасын басшылыққа ала отырып ойланып, әр мектептің күшіне сай, оқушылар мен жақсы жұмыстар жүргізіледі.
Бұған ұлы Абайдың мына пікірлері дәл келгендей "Егер де ұлың адам болсын десең, оны оқуға бер! Қайырымдылықты аяма! Ол білімсіз оңбаған болып қалса, одан кімге пайда? Ол сен үшін жұбаныш бола ма? Оның өзі бақытты бола ма? Өзі халыққа жақсылық жасай ма?"
Оқушыларды тәрбиелеу барысында сабақтан тыс жұмыстар жүргізуде үлкен орын алады.
Оқушылардың мінез бітістерінің саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмұнды, рольді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады. Оларда мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі.
Жас балалардың мінез бітістерінің ересек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өнегесіне еліктеу арқылы қалыптасып отырады.
Бастауыш мектеп бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет - олардың жан-жақты болып өсуін, мінез құлқының өлеуметтік мәнге ие болу жағын көздестіру. Бұл үшін мұғалім жас ұрпақтың адамгершілік идеяларын баяндайтын иманшарт принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын көздеген.
Халқымыздың әр заманда кешкен ардагер перзенттерінің Аль-Фараби, Асан-Қайғы, Қабанбай, Төле би, т.б. үлгі өнегелеріне тәрбиелеу - осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бұларды өмір жолы,
моральдық тұлғасы - жоғары идеалдықтың батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтың, халық ісіне берілгендіктің теңдесі жоқ өнегелері.
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Әр адамның әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасы болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет.
Мінез - кең мағыналы ұғым. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы - оның негізгі сапалары болып есептеледі. Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді.
"Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты" - дөп Аль-Фараби айтқан.
Адамның жеке басына біткен мінезін құрайтын және белгілі жағдайда оның қылығы қалай болатынын жобалауға мүмкіншілік бөрөтін психикалық қасиөттөрін мінөздік бітісі дөйді.
Ерлік, адалдық, жігөрлік, өңбөкті сүюшілік, адал ниеттілік, қорқақтық, жалқаулық, тымыр мінезділік - мінез бітісінің түрлі сипаттарының мысалдары. Біреуді ер жүрек, тағы біреуді қорқақ, жүрексіз адам десек, осылар бірер қауіп-қатерге ұшыраса өздерін қалай ұстайтынын да шамалап айтуымызға болады. Адамның екпінділігіне қарап, оның бір жаңа істе қалай қимыл көрсететінін болжай аламыз.
"Мінез деген ұғым адамның мінез құлқындағы ерекшеліктерді білдіреді, адамның қылықтары да оның осы ерекшеліктеріне қарай болады, сондықтан мұның тікелей өмірлік маңызы бар".
Мінез адамның өмір сүру барысында, тұрмыс салтына ықпал жасайды. Табанды, қажырлы, қайратты кісі қандай кедергіні болса да жеңіп, көздеген мақсатына жете алады, осы жолда өз еңбегін, тұрмысын тиімді етіп ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете пайдаланады...
Адам өзінің әрбір ісіне, әрбір ойына ішінен баға беріп отырады.
Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады, адамға қалай да болса, қашанда болса пайда келтіретін ой һәм іс ізгілік - деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу - адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.
Қазақтың жазушысы Міржақып Дулатов бір өлеңінде:
"Мен - біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп, тамаша ағаш,
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, ағаш."
Құлық сезімдері, яғни адамның жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылатын мінезі адамның өзінің жаратылысында бар. Сондықтан адамның құлықтан сезімдөріне дін сезімдерін негіз қылып алу, адамды құлықты болуын дінді болуына бойлау дұрыстыққа келмейді.
Құлық сезімдерін өрнектеу жолдарын былайша көрсетуге болады:
1. Баланың маңайындағы адамдардың құлықты
болуы. Бала ізгі құлық пен жауыз құлықты айыра алмайды. Баланы ізгі құлықты болуы үшін маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туысқандары өздері ізгі құлықты болуы тиіс. Балаларда құлық сезімдері болуы үшін балаға әдебиеттен, тарихи өрнек әңгімелер айту және оқып беру керек.
2. Үйде және мектепте дұрыс тәртіпті болуы.
3. Баланы құлық туралы ой жүргізіп үйрету. Бала салыстырып, сынап үйренсе, құлық туралы белгілі бір ұғымға ие болады. Ол уақытта алдағы дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны, дұрыс және жеңіл айыратын болады.
Сана сезім жақсы жетілген адам ғана өмірдің сан түрлі құбылыстарын таразыға салып, оның әр түрлі ағымына төтеп бере алады. Жақсы адам көрсе қызар, жел көкпе өмес, тек антына адал, уәдесіне берік адамды ғана ер кісі деуге болады. Бейбастық, өсек-аяң, әңгіме айту, әсіресе ер адамға жараспайды. Салқын қандылық, тұрақтылық, мінезділік - адамға ауадай қажет. "Адам болу үшін де ерлікпен қатар ақкөңілділік те керек" - деп Жүсіп Баласағұни адамның жақсы қасиеттерін айтады.
С. Макаренко - баланың мінез-құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады, ал американың психолог ғалымы білім 7-8 жасқа дейін қалыптасады дөйді/
Әрине ор баланың табиғаты ор түрлі. Бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, ал екіншісінің ойлау қабілеті зор, ал үшіншісінің елестеу қабілеті дамыған.
Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенде мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталған. Сондықган соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді — деп Л.В. Занков айтып кеткен.
Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет, өнер, ғылым, екінші жағынан мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар бейнелейді. ¦лттық мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық мәдени жағдайдың шарттарына лайықты қалыптаскдн. Әрбір адамда үлттық мінез-құлық, саналы тәртіп, болымды қылықгар, сезім көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болады.
Қазақтардың өзін қоршаған әлеуметтік және табиғи ортаға мейірбандықпен, қайырымдылықпен және ізгілікпен қатынас жасауын айрықша айтуға болады. Олардың көшпенді өмір салты өздерінің табиғатының бір бөлігі. Қазақ халқының мінез-құлқында орын алған өзара көмектесу, әсіресе басқа түскен қуаныш пен қайғыда бір-біріне риясыз көмектесу, баға жетпес моральдық сүйемелдеу кезінде байқалады.
Жас ұрпақтың құлық тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор. ¦лттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақган-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. Тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады.
Қоғамдағы болып жатқан саяси әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мектеп мұғалімдерінің білім беру қызметіне жаңаша қарауды, яғни имандылық тәрбиенің ғылыми педагогикалық негіздерін қызмет барысында қолдануды талап етеді. Имандылық тәрбиесін бала жүрегіне дарытатын, оның пәрменділігін арттыратын ұстаз қауымы, соның ішінде бастауыш мектеп мұғалімдерінің сауатты іс қимылы өз жемісін бермек. Себебі "білім негізі бастауышта", "білім іргетасы бастауышта қаланады" деген ой-тұжырым өте дұрыс айтылған. Бала жас шыбық сияқты, қалай исең, солай қарай бейімделіп өседі. Орта сынып оқушыларының психикалық танымдық процестер, мінез-құлық нормалары, адамгершілік, имандылық принциптерін қарастыратын кейбір мәселелер сияқты жалпы адамзаттық мораль нышандары айқын байқалып, қалыптаса бастайды. Жастайынан адамгершілік, имандылық қасиеттерді бойына сіңіріп, жүрегіне дарытқан баладан жамандыққа әуес болады деп ойлаудың өзі қиын. Оқушыларды ұлттық тәрбие, имандық қасиеттерді бойына сіңіруге, жақсы мінез- құлықка бой ұруға, жаман мінезден аулақ болуға тәрбиелеу.
Бастауыш мұғалімдер өз жұмысында құлық тәрбиесінің міндеттерін былайша іске асыру керек:
1. Оқушыларды қоғамның моральдік нормасын орындауда қатыстыру.
2. Оқушылардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.
3. Балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету.
Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру, біріншіден: төрбие процесінің обьсктивті жєне субъсктивті жақтарының бірлігіне, яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға - бұл объективті жағынан; ал жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі – бұл тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің субъективті жағына байланысты; екіншіден: тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне байланысты.
Құлық тәрбиесі балалардың жас және дербес ерекшелікгеріне сәйкес жүргізіледі.

1.2.Бастауыш сынып оқушыларының құлықтық тәрбиесінде Абай шығармаларының тәрбиелік мәні.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың тәртіп, кұлық, достық және Отан туралы ұғымы қалыптасады, ата-аналарын, үлкен адамдарды құрметтеуді үйренеді, еңбекке сүйсініп қарайды, ізгілікті сақтайды.
Әр түрлі іс-әрекеттің барысында бастауыш сынып оқушылары тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, өзара түсінуге дағдыланады.
Оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды.
Оқушылар єділеттілік , борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс сияқты моральдік категорияларға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Жас өспірімдік шақтағы балалардың ерекшеліктерін еске алып, олардың әр-түрлі іс-әрекеттеріндегі еріктілігіне, бастамаларына мүмкіндік беру керек.
Қорытып айтқанда, әдет баланың тәртібінің, мінез құлқының тәрбиелік өлшеміне айналуы керек.
Осы орайда ұстаздардың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жытыла бсрмсуі ксрек, ойтксні тым қаталдық шәкірттің өзін ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кслтіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шєкірті селқос қарайтын болады.
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде — бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдылығында және жетілгенділігінде деген мағынада айтамыз.
Адамның белгілі бір мінез құлыкқа ие болуына немесе жақсы жұғысудың арқасында бір мінез-құлықган басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе - әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын.
Жақсы мінез-құлықгың өзі де әдет арқылы келетін болғандықган , біз әдеттене келе біздің жақсы мінез-құлқымызды тұдыратын нәрселерді де әңгіме етуіміз керек.
ұлағатты сөздер.
Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады. ( Әл-Фараби )
Мен егер закон куаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп бомайды деген кісінің тілін кесер едім. (Абай Құнанбаев).
Мінез-құлық - әркім өзінің кейпін көрсететін айна. (И.Гете). Жақсы мінез бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы. (У. Гэзлит).
Егер адам бойындағы зиянды әдет-дағдыларын түп-тамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса бар күш-жігерімен кіріссе, одан кұтылу да қиынға түспес еді... Бірақ та қиыншылығы сонда — мысқылдап ұзақ ауқыт енген жаман әдет — дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек/ (К.Д. Ушинский.)
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда Абай шығармаларының тәрбиелік маңызы ерекше. Абай шығармалары мен байланысы бар деген кейбір жанама деректерді ақынның дүние, дін, өнер, әсіресе этикалық пікірлеріне нақтылы салыстырулар жүргізіп барып, оның өзін ерекше сын елегінен өткізе отырып анықтасақ қана жемісін бермек.
Осы тұрғыдан қарағанда, Абай оқыған және оның қара сөздерімен белгілі дәрежеде қатысы бар деректер көзінің бірі — Шығыс єлеміне ертеден әйгілі "Насихаттама" (Кабуснама) кітабы деп білеміз.
Орта Азия мен Қазақстан, Татарстан ағартушыларының бәрі де кітапқа назар аудармай қалған емес. Сондықтан да олар осы кітапты жергілікті халықтың тіліне аударып, танытуға күш салған.
Бұл кітапты өзбек тілінде тұңғыш рет өзбек халқының белгілі тарихшысы, әрі ақын, атақты аудармашы Мұхаммед Ерниязбекұлы аударған. Өз тұстастары ерекше назар аударған бұл кітапты Шығысты олардың бәрінен тереңірек білген Абайдың оқымауы, білмеуі мүмкін емес. Абайдың "Насихаттамаға" қатысы әсіресе оның қазақ әдебиетінің тарихында бұрын болып көрмеген жанрлық, стильдік ерекшелігімен айрықша дараланатын қара сµздерінен айқынырақ аңғарылады. Бұлай дейтін себебіміз, осы кітаппен Абайдыц қара сµздсрінің сµз етер мєселелерінің көбі тақырып жағынан бір сыпыра ұқсас болып келсе де, оларды шешуі ор түрлі кµзқарастың тұрғысынан болып отырады. Әрі қазақ әдебиетінің тарихында жанрлық формасы мен стильдік ерекшелігі бар Абайдың қара сөздерінің елеулі түрде ұқсастығы барлығын да ескермеуге, онымен есептеспеуге болмайды.
Аса дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Абай өлеңдері "Соқыр кісі сыбырынан танырлық" деген бағасы екі ғасырдың түйілісінде дүниеге көзін жаңа ашқан кілең дарынды жаңа буын зиялылардың ортақ ой сезімі еді.
Абай үлгілі ақын даналығы халқымыздың оқып тауыса алмай келе жатқан мектебі, білім қазынасы болып қалуда. Арғы-бергі замандарда ғұмыр кешкен барлық данышпандар сияқты, Абай да ұрпақ жаңарған сайын жаңа қырынан танылып, жаңғыра беретін "артына өлмейтұғын сөз қалдырған" ардақты жан.
Еліміздегі егеменді ел болғалы құрылысын, құлашын кең жайып өрістеген сайын, жас ұрпаққа Абай атамыз "Қазіргі замавдағы жастарды тәрбиелеу, оқыту, үйрету жұмысының бәрі де оларды адамгершілік моральға баулу болып шығуы керек" - деген.
Мектеп оқушыларды ұзақ жылдар бойы оқытып, білім берумен қатар, олардың ақыл ойының, сана-сезімінің, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасайды.
Абай шығармаларының өмірі — қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы. Абай мұрасын зерттеп, ол туралы көркем туындылар жасауға бар өмірін арнаған ұлы Мұхтар Әуезовтың арамыздан кеткеніне азырық үш жыл болып қалыпты.
Содан бергі дәуірде Абайдың өмірі мен шығармаларын, қоғамдық-єлеуметтік көзқарасын зерттеу ісіне жеткілікті көңіл бµлінгсн жоқ.
1995 жылы Абайдың туғанына 150 жыл толуына Республикамызда үлкен мерке, Халықаралық Абай жылы болып аталып өтілді. Сол тойға әлемнің түпкір-түпкірінен ақындар, әншілер, жазушылар, журналистер, ғүлама ғалымдар жиналды.
Абай жылының мәнді де жанды өтуіне санасында сәулесі бар әрбір азамат қолынан келген көмегін аямады, өйткені Абай тойы — азамат тойы, ел тойы.
Сол тойдағы аса қадірлі қонақгардың маржан сөздері:
I Абай дүниежүзінің ұлы ақыны, ол арқылы Қазақстанды және оның өзіндік мәдениетін бүкіл әлем біледі. Осман Түрік (Туркия)
II Абай ұлы ақын, ол ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі