Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері

 Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері

Мазмұны
I ТАРАУ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Шығармашылық іс-әрекетті дамытудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері
I.2 Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамытудың қазіргі жағдайы.
II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ.
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың тиімді жолдары.
2.2 Тәжірибелік эксперименттің нәтижелері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,» - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген.
Бастауыш саты – мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады.
Халқымыздың мақтанышы, тұңғыш ағартушы педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан Ы.Алтынсарин мектеп туралы: «мектеп-қазақтарға білім берудің негізгі кілті. Бар үміт осында, қазақ халқының болашағы да осыған байланысты» - деген болатын.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген. Онда 12 жылдық орта білім үш сатыда қарастырылып, оның I-сатысы – бастауыш білім беру 1-4 сыныптарды қамтитыны айтылған. 12 жылдық орта білімнің басты ерекшелігі оқу яғни 1-сыныпқа балалар 6 жастан қабылданатындығында. Сонымен бірге осы тұжырымдамада бастауыш мектептің негізгі міндеті – «баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту,» - делінген. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ-ғасырдың басындағы белгілі ғалым А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру,» - деген болатын. Автордың мұндағы басты ойы мен идеясы Ресейлік ғалымдар, белгілі психологтар В.Давыдов пен Я.Занковтың идеясымен үндесуінде.
Сондай-ақ Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов,М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ә.Диваев т.б бастауыш мектепте оқытуды үйымдастыру мәселесіне арналған еңбектерін атап өткеніміз жөн.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде: мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған біріншісі: – жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі – жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі - өндіріс байлығы; төртіншісі – тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіл-әлемдік деңгейдегі жасалымдары» - дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес, ой пікірінің нетижелі мағынасын береді. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында:
- Жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттігі атап көрсетілген.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, білім негізінің іргетасы. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Бүгінгі мектеп тәжірибесіндегі дамыта оқытудың басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп, іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық әрекет – оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет, мұндай оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Белгілі психолог ғалым Л.С.Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» - дейді. Сонымен қатар ғалым – психологтар Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б. зерттеу жұмыстарында оқыту дамудың алғы шарты дей келе, әр қайсысы өз тұрғысынан анықтама берген.
Психологиялық тұрғыда шығармашылық процесс дегеніміз – үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады, білім өз бетінше жүзеге асса, соғұрлым ілімді қолдану шығармашылық сипатта болады, - деп анықтама берілген.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен одан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту жас ұрапаққа тәлім-тәрбие берудегі негізгі әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақта және сабақтан тыс мезгілде шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолдана білу қажет.
Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог – ғалымдар: В.К.Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р.Рақымбаев, М.О.Резванцева, С.Қ.Бердібаева еңбектерін атап өтуге болады. А.Матюшкин дарындылықты шығармашылықтың көрінуімен, өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен байланыстыруды қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүріп жатқан реформаның негізінде бастауыш сатының мақсаты мен міндеттерінің өзгеруіне байланысты оқытудың мазмұны да өзгеруде. Осыған орай бастауыш сатыда оқытудың теориясы мен әдістемесінің әр саласынан зерттеуші ғалымдар – профессорлар: Қ.А.Аймағамбетова: «Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері», С.Рахметова: «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері», Т.С.Сабыров: «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары» атты докторлық диссертациялар қорғады. Онда жекелеген әдістемелердің жаңа мазмұнын оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс – тәсілдерін оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасап ұсынған. Сонымен қатар бастауыш сатыда жаңа мазмұнды оқу бағдарламалары мен оқулық, әдістемелік кешенін жасауға өзіндік үлесін қосқан ғалым Б.А.Тұрғынбаеваның еңбегін атап өтуге болады. Автор өзінің зерттеу проблемасы етіп алған: «Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту», А.Б.Мырзабаевтың: «Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері», Ә.Ә.Сағымбаевтың: «Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты тақырыптағы диссертациялар шығармашылық жұмыс мәселесінің ғылыми теориялық негіздеріне сипаттама берген.
Дегенмен, әрбір жаңа дүниенің өзіндік ерекшелігі, басты жаңалығы болады. Ол үшін алдымен жаңа мазмұнды меңгертудің әдіс-тәсілдерімен бірге ұстаздардың теориялық дайындағы яғни білімі де болуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту үшін мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігін білуі маңызды болмақ. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің, оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен оқушыларды оқыту барысында профессор Ж.Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» басшылыққа алдық. Мұнда біздің алға қойған мақсатымыз өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдайтын, қорытынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыру. Жаңа буын оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі оқушының белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Олай дейтініз оқулықтарда берілген тапсырмалардың міндетті және мүмкін деңгейде берілуінің өзі деңгейлік саралау технологиясымен оқытуда оқушының да, мұғалімнің де, белсенді шығармашылық іс-әрекетін қажет етеді. Бүгінде қоғам сұранысынан туындап отырған шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігі мен мектеп тәжірбиесін оқытудың дәстүрлі оқыту мен жаңа технологиясын сабақта тиімді пайдаланудың ерекшеліктерін ажырата біліп, мұғалімнің оқушы шығармашылығын ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру біздің «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері» атты тақырыпта диплом жұмысын таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысанасы (объектісі): бастауыш сыныптардағы оқыту тәрбие процесі.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жүйесімен қамтамасыз ету;
Ғылыми болжамы:
Егер бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін оқыту процесінде дамытудың психологиялық, педагогикалық мәні тұлғалық, бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыда теориялық негіздері айқындалса, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқытудың жаңа технологияларын жүйелі қ олданылса, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе, онда оқушыларыдың шығармашылық іс-әрекетін дамытуға болды. Зерттеу әдістері:
- Зерттеу тақырыбымызға сай педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен танысу, талдау жасау. -Б астауыш сыныптардың құжаттары мен танысу, бағдарлама, жоспарлау , сабақтарға қатысу.
- Арнайы ұйымдастырылған сабақтарда және тәрбие жұмыстарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамытуды тәжірибелік эксперимент арқылы анықтау.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы №128, №136 мектептер, Алматы облысы Талғар ауданы №16 мектеп....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?