👈 қаріп өлшемі 👉

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары


І. Теориялық бөлім.
1. 1 Ғылыми - жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктері мақсаты
Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Мектепте оқу - тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың бірден - бір жолы - ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, өз бетінше ізденуін арттыру.
Әрбір мұғалімнің шығармашылық жұмысы белгілі бір мақсатты көздейтіні сөзсіз. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы негізгі мақсат - олардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Ал, бұл мақсатқа жету оқытудың көптеген міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, яғни:
• жаңа материалды берік және түсініп оқуына;
• білімін өз бетімен оқып толықтыруға;
• жоғары оқу орындарына жақсы дайындалған талапкерлерді беруге;
• сол талапкердің таңдаған мамандығын шығармашылықпен игеруге.
Мұғалімнің құзіреттілігі - оның шығармашылық жұмысынан көрінеді.
Бұл тұжырым - психологияның негізгі принциптерінің бірі. Оқушының білім алудағы жоғары белсенділігін қалыптастыру үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс қолдану - оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың ең басты құралы болып табылады. Сондықтан да оқушының танымдық дамуын қамтамасыз ету үшін, оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін жиі қолдану өте қажет. Бірақ түрі әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда, оқушының бойында танымдық қабілеттің бар - жоғын ескеру қажет. Күрделі танымдық тапсырмаларды тек ғана қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Таным қабілетінің дамуына сай емес, оқушының мүмкіндігінен жоғары тапсырмалар, оқушының өз қабілеті мен күшіне деген сенімін жояды. Олай болса, оқушының танымдық қабілетін дамыту – ұзақ үрдіс деген қорытындыға келуге болады. Ол үшін мұғалімнің жұмыс жүйесі біртіндеп, жоспарлы және көздеген мақсатқа жетуге бағытталған болуы қажет.

"Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі" КММ
география пәнінің мұғалімі
Искаков Елубай Сагитович


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы