Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру


Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаћандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Сондықтан да заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой - өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы – қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыруда сабақта ақпараттық - коммуникативтік технологияларды арттырып, пайдалану маңызды болмақ. Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық - коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез - келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық - коммуникативтік технологиялар саласы мамандарының күш - жігерін жан - жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді. Олай болса ақпараттық – коммуникативтік технологиялар дегеніміз не, АКТ - ның мүмкіндіктері қандай, білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда деген сауалдар әрқайсысымызды, ұстаздар қауымын толғандырмай қоймайды.
Жалпы ақпараттық - коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс - әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу - тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан - жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.
Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:
1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу - тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу - тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан - жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- пәнаралық байланыс орнату;
- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
- Ақпараттық – коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Ақпараттық - коммуникативтік технологияны оқу - тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:
- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
- Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
- Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
- Білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
- Шығармашылық жұмыстар жасайды;
- Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
- Оқушының ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;
- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;
- Интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан - жақты жетілдіреді;
- Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс - әрекетін тиімді ұйымдастырады;
- Оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастырады;
- Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т. б.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнің үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
- Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс – тәсіл деп қарауға болады. Соңғы жылдары ақпараттық - коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми - әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тестер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндер түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Бұл оқулықтарды пайдалануда оқушы екі жақты білім алады: біріншісі – пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электрондық оқулықтағы өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысты алмастырады.
Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті.
Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту - тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді.
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын пайдалану бірден - бір тиімді болмақ:
• электрондық пошта( e - mail), телеконфереция, видеоконференция;
• жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web
• серверге жеке шығару;
• ақпараттық каталогтар (Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Бұл технология - жан - жақты білім, тәрбие беретін, өміртанытқыш қызмет атқаратын құрал. Ұлт болашағы, өркениетті елдер қатарына жету үшін білім алу, жас тұлғаның ғылымды игеруге, имандылыққа, адамгершілікке, өнерлі болуға тәрбиелейді. Болашақта ақпараттық технологияны жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, өзара байланыста белсенді қолдануына өте қажет деп түсінем.
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж. Аймауытов айтқандай әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. АКТ - ны әр мұғалім өз сабақтарына пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға болады. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы. «Білім баспасы», 1998.
2. Жанпейісова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2002.
3. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. – Алматы. 2005.

Избасаров Е. Х.
«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты, Тараз қаласы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу