Әдебиет | Ақын ағартушы Абай Құнанбаев

 Әдебиет | Ақын ағартушы Абай Құнанбаев

Мазмұны

І. Кіріспе................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім

І тарау. Ақын, ағартушы А. Құнанбаев
1.1. Абайға барар жолда.......................................................................................4
1.2. Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат мұраты.............................................10
1.3. Абай ғылым мен өнер туралы .....................................................................13

ІІ тарау. Абай – данышпан, Абай – кемеңгер.
2.1. Абай өз заманының жыршысы ...................................................................22
2.2. Абай шығармаларындағы әлеуметтік – теңсіздік мәселелері ................24
2.3. Абай жөнінде жазылған еңбектер туралы ...............................................26

ІІІ. Қорытынды ..................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................30
Сілтемелер тізімі...............................................................................................31

тарау. Ақын, ағартушы Абай Құнанбаев
1.1 Абайға барар жолда

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл -ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев .
Дана ақын - Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере.

Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл-Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.
Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер - демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды1.
1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба , "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан : өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді. Қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады.
Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды.
Абайдың шығармашылық мұрасы — халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне біржарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтітнен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, Ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол, халқыңа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт» деген имандылық ережесін әр кезеңнің жас ұрпағы бұдан былай санасына Абай қа-зынасының нәрлі бұлағынан сіңіретін болады. Азаматтықтың үлкен жолындағы өзінің алдынан көлденең тартылған әрбір сұраққа ол тиісті жауапты ең алдымен Абай мұрасынан іздеп, Абай даналығынан табатын болады.
Абай өмірінде шын мәнінде пайғамбарлық сапат бар еді. Оның қаламынан туған қастерлі жыр, оның даналығынан туған лұғатты сөз халқымыздың рухани қажетіне өзінен кейін ғана жаратыла бастады. Оның алып тұлғасы ақын дүниеден өтіп кеткен күннің ертеңінде-ақ заман-дастарының күнделікті тіршілігінің деңгейінен биікке бірден көтеріліп шықты да, уақыт өткен сайын зорая берді2.
Абайдың атағын алғаш көтеріп әкеткен ғасырымыздың елең-алаңында ел өміріне жыл басындай жаңалық әкеліп, қалың ұйқыда жатқан халқының санасына сәуле түсірген бір топ зиялылар еді. Солардың ішінде ең бірінші «бісмілләні» айтқан сол шоғыр топтың ішіндегі шоқтығы биік басшысы туған халқының елдік тәуелсіздігі мен рухани бостандығы жолында Алаш туын көтеріп шыққан қайраткерлердің топбастары — Әлихан Бөкейханов болды
Абайдың әлеуметтік қызметі мен шығармашылығы жәнінде бұл кісінің бірден айтқан көшелі пікірлері былай тұрсын, «чудные его стихи, иосвященные четырем временам года (весна, лето, осень и зима), сделали бы честь знаменитым поэтам Европы» деген бір ғана ауыз сөзінің өзі ақын мұрасының бұдан былайғы мәңгілік өміріне жол ашып кеткендей еді.
Тарихта тұңғыш рет ақынның өмірбаяны мен шығармашылық мұрасынан біршама толық мағлұмат келтіре отырып, соларды патшалық әкімшілік тілінде шығатын газет арқылы бір ғана Семей өңірі, бір ғана қазақ даласы емес, бүкіл Ресей көлеміндегі қалың жұртшылықтың қатеріне жеткізген бұл басылым кейін тұтас бір ғылым саласына айналған абайтанудың алғашқы қайырлы қадамы болып еді.
Бұл қазанама мақалада Абайдың шыққан тегі, тәрбиеленген ортасы, алған білімі, азаматтық қызметі, шығармашылық жолы, үлкен ағартушы ойшыл ретіндегі дүниеге көзқарасының қалыптасуы жайында мәнді мағ-лұматтар келтіріліп, жүйелі пікірлер айтылған.
Егер бұдан бұрынырақ, ақынның көзі тірісінде, 1903 жылы Қазақ өлкесі туралы Петербургте басылып шыққан анықтамалық кітапта халқымыздың жалпы рухани мәдениеті жөнінде толғана келіп, жаңа әдебиетінің төлбасы ретінде Абай атына айтқан сындарлы ойлары мен байсалды бағалауын еске алсақ, Ә. Бөкейхановты ұлы ақынның алғашқы шежірешісі және зерделі зерттеушісі деп бағалауға толық негіз бар деп ойлаймыз.
Абай сөздерінің дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ екенін, мезгілінен ерте туып, өз тыңдаушысынан тұтас бір дәуір озып кеткен ақын байлар мен атқамінерлердің шылауында жүрген қазақ өлеңін алдымен есіктен төрге шығарғанын, сонсоң таққа көтергенін айта келіп, А. Байтұрсынов Абай өнерінің не себепті қадірлі болатын сырын ашты.
Абай мұрасының өзіне дейінгі және өзімен тұстас өзге ақындар өлеңдерінен үздік артықшылығының басқа да қырлары мен сырларын тәптіштей келгендегі автордын оқырманға арнаған түйінді тілегі мынадай еді: «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек .
«Бірінші жаңалығы,— деп жазады ол,- Абайдың көркем сөзге, поэзияға көзқарасы... Өлең қазақ өмірінде үлкен орын алды. Қазақтың салт-санасын сұрыптауда өлең феодал табының тап құралы болды... Өлеңді хан-ның, сұлтанның, байдың жалдамалы ақынығана айтатын еді. Үстемдік құрып, ел билеп отырған феодалдардың, өздері ақындық құруды бойына кемшілік деп санаушы еді.
Міне осы ескі көзқарасқа Абай өзгеріс жасады. Абай өленнің үлкен өнер екенін білді... Әлеумет тұрмысында орыны үлкен екенін ұға білді»
«Абайдың екінші жаңалығы — қазақтың жазба әдебиетін жасауға бас болғаны» .
«Абайдың қазақ әдебиетіне кіргізген үшінші жаңалығы — орыс әдебиетінің үлгілерін алуы...
Абайдың төртінші жаңалығы — қазақтың тіл байлығын ұқсата білуі» .
Өзінің тықнан шығарған, орыс, арабг парсы әдебиеттерінен алған үлгілері де жоқ емес. Біздің жалпылап шолуымыздын, өзінде-ақ Абай өлеңдерінен 7—8 өлең түрлері қазақтың бұрынғы әдебиетінде болмаған түрлер дейміз.
Бұдан кейін сыншы өзінің жаңа түрлер деп анықтап отырған өлеңдеріне тән өзгешеліктерді атайды. Бірінші өзгешелігі — «әнге лайықтап, музыка үніне үйлесіп, буын өлшеуі, дыбыс ұйқастығы, сөз ырғағы күшті болып келеді. Өлеңді оқығаныңда сөз ырғағы, дыбыс ұйқастығы, елеңнің жалпы кестесі — әнге өзі тартып тұрады».
Сонсон, «Абайдың екінші біркелкі өлең түрлері әнге келмейді — өлең кестесі, сөз ырғағы, сөз қисыны мазмұнына бағынады. Мағынасы келіп тұрған сөзді, кейде өлең ұйқастығын, жалпы кестесін бұзып тұрса да, Абай қосып жібереді. Абайдың мұндай өлеңдерінде терең ой, толғаулы, табақты сөз кеп кездеседі. Әндетіп, сылдыратып оқи алмайсың, көбінесек талдап, саралап, тоқтап оқисың».
Абайдың бар ынтасы, мақсаты — қазақ байын жақсылауда, наданды өнерлі, ақылсызды ақылды, жалқауды ерінбейтін, епсізді епті, берекесізді берекелі, дінсізді дінді қылу — міне Абай осыны арман қылды. Қазақ байлары осылай болса, қазақ халқы өзге халықтарға теңеледі, деді.
Абайдың орыс дүниесінің тілін біл, малыңды аямай, осы орыс білімін үйрен, шаруаңды ұқсат, егін сал, сауда жүргіз, түзден мал ізде, қол өнерін үйрен, болыстыққа шашылма, берекеңді қашырма деген сөздері қазақтың капиталдаса бастаған байларының программасы еді».
«Абайдың жылауы, тарығуы неден туып отыр? Абай жалғызбын, дос жоқ, ақылшы жоқ дегенде, ескіден өзім ғана қалдым, ескі қазақтың надан тұрмысы, феодалдығы жақсы еді деп, соны жоқтап жырлап отыр ма? Біз біл-ген Абайда бұл жоқ3.
...Абайдың жаны жаралы, сырты бүтін, іші ауру болуы ескілікті көксегендік емес... Бұл торығудық тамыры Абайдың ескішілдігінде емес, жаңалығында жатыр. Абайдың көзін жасқа толтырған — қазақтың капиталдаса бастаған ескі байының шалалығы, надандығы, шабандығы».
Абайдың тілейтін арманы — жақсы бай, өнерлі, епті бай. Көптеп егін салатын, үлкен сауда жүргізетін, орысша оқыған, дінге жақсы түсінген — міне осындай бай. Бай осындай болса, Абай ойынша, заман түзелер еді, қазақ елі жетілер еді. Абай қазақ байын сынағанда, осы оймен ғана сынайды. Абайда басқа ой жоқ. Басқа арман да жоқ... Сондықтан Абайдың шындығы — көзі ашық, епті байдың шындығынан аспайды.
«Ұлтшылдар,— деп жалғастырады автор ойын,—Абайды ұлтшыл еді деп көтерсе, мұның ешбір таңданар ештеңесі жоқ, мұның тап(тық) сыры ап-анық. Абайдың көздеген таптық жолын, саяси тілегін алып қарағанда, Абай ұлтшылдардың (Әлихандардың) атасы екендігінде және дау жоқ».
Мінеки, бір кездегі біздің өткеніміз бен бүгінімізді бірдей темір құрсауына алып қысқан саяси бопсаның схемасы, сорымызға қарай, осылай жасалған. Сол схема бойынша, кітаптың келесі бір бөлімінде Абай қазақтың ұлттық ақыны болмай, бір ғана үстем таптың (авторша айтқанда, байлар табының — Ж- Ы.) жаршысы болып шыққан
1.2. Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
Абай заманы, ол ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен кез — қазақ халқының тарихындағы ең бір күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ-ұсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уезд бастықтарының — патша чиновниктерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды. Қазақ жеріне Ресейден кешіріліп қоныстандырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шұрайлы жерлерді тартып алып, елді атамекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының іске асуы нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді құтқарудың ендігі жаңа жағдайдағы бірден-бір ұтымды жолы білім-ғылым үйрену еді. Шоқан, Ыбырай, Абай секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы түсініп, ұлттық ұранға айналдырды. Олар Ресеймен қарым-қатынасты күшейте түсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетінің үздік үлгілерін ел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бұрын түсінді4.
Абай жас шағында Семей қаласындағы медреседе оқығаны мәлім. Бұл жылдары ол араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс классиктері Фирдоуси, Саадидің, Науаидің, Низамидің, Фзулидін, Жәмидің, Сайхалидін т. б. шығармаларымен танысты. Сонымен қатар ол орыс мектебіне —«приходская школаға» да барып жүреді. Өзінің ерекше қабілеттілігі және зейін қойып, зор ықыласпен үйренуі арқасында Абай орыс тілін де игеріп алады. Алайда, әкесі Құнанбай оны енді өзінің жанында ұстап, бірте-бірте ел билеу ісіне араластырмақ ниетпен .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!