» » » Диплом жұмысы қалай жазылады?

Диплом жұмысы қалай жазылады?

Диплом жұмысы қалай жазылады? казакша Диплом жұмысы қалай жазылады? на казахском языке
Диплом жұмысы – жоғарғы оқу орнындағы соңғы әрі қорытынды жұмысыңыз, сіздің жылдар бойында алған біліміңіздің нәтижесі. Сол себептен де, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты іздеу жұмыстарын жүргізу керек. Ал біз өз тарапымыздан диплом жұмысының жазылу ережесін шама-шарқымызша түсіндіріп өтпекшіміз.

Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін (4 курс басында) 1-2 айдың ішінде жетекшіңіз бен диплом тақырыбыңызды таңдап, жетекшіңіздің кафедрасына өтініш беруіңіз керек. Диплом тақырыбы үш тілде бекітіледі. Соңғы айда үлгермей қалып, көрінген жерден ақпарат көшірмес үшін, осы сәттен бастап жұмысты бастай беріңіз. Сіздің басты көмекшіңіз – жетекші мен кітапхана.

Тақырыбыңызға қатысты мәліметтерді қарастырып болғаннан кейін жетекшіңізге барыңыз. Бірге отырып жоспар құрасыздар. Немесе жетекші жоспар құруды өзіңізге тапсырып, соңында бекітетін болады.

Диплом жұмысы қалай жазылады?


Жоспардың тәртібі мынадай болмақ:


І. Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі (2-3 абзац).

Жұмыстың мақсат-міндеттері (3-4 сөйлем).

Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері (1-2 сөйлем). Мұнда қандай еңбектерді бастамаға алғаныңызды жазасыз.

Зерттеудің әдістері (жүйелеу, баяндау, салыстыру т.б.)

Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы. (Яғни, нәтижелерді, жаңалықтарды қай жерде пайдалануға болатындығы жазылады).

Кіріспенің жалпы көлемі 3 беттей болуы керек.

ІІ. Негізгі бөлім

Тақырыбыңызды бір жүйеге келтіріңіз. Мәселен, тақырып – "Алма Қыраубаева – әдебиет тарихын зерттеуші" болсын делік. Жұмысты мынадай тарауларға бөлесіз:

1-тарау: Ежелгі дәуір әдеби мұраларын зерттеуші.
2-тарау: Орта ғасыр әдебиетін және шығыстық қисса-дастандарды зерттеуші.
3-тарау. Қазақ әдебиетін зерттеуші.


Төрт тараудан асырмағаныңыз дұрыс. Бұл әрине, гуманитарлық мамандықтардың жазу үлгісі. Дипломдық жұмыстардың үлгілері әртүрлі болады. Мысалы, сәулетшілер сызбалар мен кестелер пайдаланады, педагогтар презентация көрсетеді.


ІІІ. Қорытынды

Қорытындыға аты айтып тұрғандай диплом жұмысының тобықтай түйінін жазасыз. Ашқан жаңалығыңызды, нәтижелерді барынша қысқа әрі түсінікті етіп жазып шығу қажет. Жұмыстың жалпы көлемін кафедра бекітеді. Соңында жазған жұмысыңыз белгіленген межеге жетпей қалмас үшін, жазу ретін жақсылап сұрап біліңіз.

Диплом жұмысы тәмәмдалғанда жетекшіңізге көрсетесіз. Ол сізге артық тұстарын қысқартып, толықтыру керек мәселелерді көрсетіп береді. Сондықтан, жұмысты барынша ерте көрсетуге тырысыңыз. Соңында жетекші толықтай бекітісімен, диплом қорғау жиынына арналған сөзіңізді дайындайсыз. Және жетекшіңіз ұсынған маманнан жұмыс туралы пікір аласыз.

Ісіңіз оңды болсын, студент!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
дереккөз
Сурет: liveinternet.ru



Автор: Zharar_4 | 2 597 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі  (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі №2 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі №2 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Курстық жұмыс: Шетел тілі | Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Курстық жұмыс: Шетел тілі | Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Курстық жұмыс: Педагогика | Лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау
Курстық жұмыс: Педагогика | Лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау
Өмірдің 30 қағидасы
Өмірдің 30 қағидасы
Дипломдық жұмыс: Экономика | Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері
Дипломдық жұмыс: Экономика | Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері
Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға- дағдыландыру
Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға- дағдыландыру
Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагог мамандарға қойылатын талаптар
Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагог мамандарға қойылатын талаптар
Дипломдық жұмыс: Филология | Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу
Дипломдық жұмыс: Филология | Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу
Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас
Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас
Дипломдық жұмыс: Библиография | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
Дипломдық жұмыс: Библиография | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
Қазақша анекдот: Енкейева
Қазақша анекдот: Енкейева
Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Диплом)
Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Диплом)
Балабақшадағы психологттың жылдық жоспары
Балабақшадағы психологттың жылдық жоспары
Хакер: «Бәрін жасырып қойдым деп ойлайсыз ба?»
Хакер: «Бәрін жасырып қойдым деп ойлайсыз ба?»

KZ / Пайдалы кеңес жинағы, диплом жұмысының жазылу ережесі, Диплом тақырыбы, диплом жұмысы қалай жазылады, диплом жумысы калай жазылады, диплом жұмысын жазу ережесі, диплом жұмысын жазу үлгісі, дипломдық жұмыс қалай жазылады, дипломдык жумыс калай жазылады, дипломдык жумыс казакша, диплом жазу үлгісі, диплом жұмысының жазу үлгісі, диплом жұмысының жазылу ережесі Диплом тақырыбы диплом жұмысы қалай жазылады диплом жумысы калай жазылады диплом жұмысын жазу ережесі диплом жұмысын жазу үлгісі, Диплом жұмысы қалай жазылады? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге