Хакер: «Бәрін жасырып қойдым деп ойлайсыз ба?»

Хакер: «Бәрін жасырып қойдым деп ойлайсыз ба?» казакша Хакер: «Бәрін жасырып қойдым деп ойлайсыз ба?» на казахском языке

2014 жылы ғаламдық дау туды. Даудың басы дайрабайдың сиыры емес, хакерлер болды. Голливудтық жұлдыздардың жеке ақпарат қорына енген хакерлер олардың түрлі суреттерін жүктеп, мазақ қылды, қала берді ақпараттар ішінде құнды дүниелер де болған.
Айта кету керек, бүгінде «облако» аталатын бағдарламада әрбір екінші адам ақпаратын сақтандырады. Бұл ең сенімді ақпарат көзі болмаса да, жоқтан жақсы. Арнайы тіркеуден өткеннен кейін сіздің әрбір суретіңіз бен ақпаратыңыздың көшірме үлгісі сақталып, жүктеліп отырады. Бұл автоматтандырылған жүйе.

Хакерлерден қалай сақтануға болады?

(2FA) немесе екі факторлы аутентификация. Бұл екі бағытта қарастырылатын қарапайым және күрделі қорғану түрі. Ең біріншісі білуіңіз керек нәрсе (құпия сөз), сізге не тәуелді (чип, ұялы байланыс және т.б.) немесе сізге нақты қатысты бірлік (саусақ ізі). Негізгі (2FA) екі факторлы аутентификация деп кілт сөз және бір реттік құпия сөзді айтамыз. Кілт сөз сіздің өзіңізге байланысты құрылған еркін қорғану түрі. Екінші түрі сізге бір реттік хабарлама алу арқылы қорғану тәсілі. Қазіргі таңда негізгі қорғану жолдары осылар. Өкінішке орай хакерлердің дені бұл бағдарламаның да қыр-сырын меңгеріп алған. Бірақ сақтансаң сақтайтынын ұмытпау керек.

Хакер: «Бәрін жасырып қойдым деп ойлайсыз ба?»

Сақтаушы бағдарламаңызға өте күрделі кілт сөз ойлап табыңыз

Кілт сөз – жеке өміріңіздің ақпаратын сақтауға негіз болатын өзіңізге ғана тән белгілер. Олар сан, әріп, басқа да түрлі белгілермен құрылуы мүмкін. Хакерлер сіздің кез келген құпия сөзіңізді шешуден тайынбайды. Ол үшін сізге белгілі бір «спам» деп аталатын сілтемелер жіберуі мүмкін немесе қызықты ақпарат жолдайды. Сіз сілтемені басып кірген бетте өзіңіз жайлы барлық шындықты ашып қоясыз. Сондықтан абай болыңыз! Кілт сөзді барынша әріп және санмен араластырып жасаңыз. Ең аз дегенде белгілер саны сегізден кем болмасын.

Хакер: «Бәрін жасырып қойдым деп ойлайсыз ба?»

«Облако» жүйесіне салған әрбір ақпаратыңызды қадағалап отырыңыз

Әрбір жүктеген ақпаратыңызға мән беріңіз. Ол сурет, видео немесе құжат болсын, немқұрайлы қарамаңыз. Құнды және жеке өмірге қатысты болса, оны салмауға тырысыңыз. Салған күннің өзінде хакерлердің алдауына ұрынып қалмайтыныңызға сенімді болғаныңыз жөн. Қазір де кеш емес. Салған ақпараттарыңызды қайта бір қарап шығып, маңыздыларын өшіріп тастаңыз да, өзіңізге жеке басқа бір бағдарламалық немесе тасымалдаушы құрылғыға сақтаңыз.

«Wi-Fi да» да «Wi-Fi» бар...

Отырған жеріңізде, мәселен қонақ үйде, оқу орнында, қоғамдық ортада, мейрамханаларда сізге жақын тұрған, желісі ұстап тұрған Wi-Fi желісіне қосыла бермеңіз. Бұл аса қауіпті. Мықты хакерлер WiFi ойлап тауып, сол арқылы сіздің жеке өміріңізге кіруге мүмкіндік алады. Сондықтан Wi-Fi желісіне қосылатын модемді өзіңізбен алып жүріңіз немесе қолдануға рұқсат етілген, заңды түрде орналасқан желіні пайдаланыңыз.

Айтылған ақпараттарды ескеру керек. Себебі ХХІ ғасыр – ақпарттық соғыс дәуірі.

Дайындаған: Марғұлан Ақан Фото: Анатолий Шарий, дереккөз




KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы, немесе, керек, сізге, хакерлер, қорғану, ақпарат, сіздің, аталатын, түрлі, құпия, әрбір, өзіңізге, сенімді, күрделі, факторлы, реттік, аутентификация, желісіне, мүмкін, басқа, компьютерді қорғау, компьютерді вирустардан қорғау, немесе, керек, сізге, хакерлер, қорғану, ақпарат, сіздің, аталатын, түрлі, құпия, әрбір, өзіңізге, сенімді, күрделі, факторлы, реттік, аутентификация, желісіне, мүмкін, басқа, Хакер: «Бәрін жасырып қойдым деп ойлайсыз ба?», Хакер: «Бәрін жасырып қойдым деп ойлайсыз ба?» пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге