Сіздің байланыс нөміріңіз сіз жайлы қандай ақпарат береді?



Нумеролог мамандардың сөзіне сүйенсек, әр адамның жеке байланыс нөміріндегі сандар сол адам жайлы ақпарат бере алады. Әдетте біз нумерологиялық есеп жүргізгенде жеке тұлғаның туған күні, айы және жылын ескерсек, байланыс нөміріндегі сандар да сол адамның мінезі жайлы сыр шерте алады. Олай болса, бұл есептеуді бірге тексеріп көрейік. Мысалы, сіздің байланыс нөміріңіз  8 007 308 49 28 болса, оларды бір-біріне қосамыз. 8+0+0+7+3+0+8+4+9+2+8 = 49.  Мұны бір сан қалғанша жалғастырамыз: 4+9 = 13, 1+3 = 4. Сіздің саныңыз – 4. Енді жауабын оқып көріңіз:

«1» саны шықса

Көп ойланбай бірден әрекетке көшетін жандардың қатарынансыз. Бір жұмысты бастасаңыз, қосымша бірнеше істі қатар алып жүре аласыз. Еңбекқор, өзіңізге не керек екенін білетін адамсыз. Мақсатыңызды айқындағаннан кейін оған жету үшін бірден іске кірісесіз. Десе де, шыдамсыздыққа бой беріп жататыныңыз бар.

«2» саны шықса

Көптеген жанға өзіңіздің ашық-жарқын мінезіңізбен сыйлысыз. Досыққа адал, қарым-қатынасты жоғары бағалайтын жандардың қатарынансыз. Әрдайым әділетті шешім қабылдап, кез келген жайтқа түсіністік танытасыз. Дәл осы қасиеттеріңізді жақындарыңыз бен достарыңыз жоғары бағалайды. Десе де, көп жағдайда ұялшақсыз және осы қасиетіңізден көптеген армандарыңызды кейінге қалдырумен келесіз.

«3» саны шықса

Шығармашылықтың адамысыз. Өнерге жақын, тез тіл табысатын қабілетіңіз бар. Өзіңіздің жеке басыңыздың пайдасын соңғы орынға қойып, барынша басқа жандарға көмек қолын созуға дайынсыз. Үнемі өзгелерге қамқорлық танытып, жақсылық жасауға тырысасыз.

«4» саны шықса

Әр күніңізді жоспарлап, үнемі уақытты тиімді пайдалануға тырысасыз. Қызметте жоғары бағаланатын маманның бірісіз. Байсалдылық қабілетіңіз бен алға қойған мақсатқа жетуге деген талпынысыңыз үнемі жақсы нәтиже көрсетеді. Қандай жағдай болса да ақылыңыз бен еңбекқорлық мінезіңізге сенесіз.

«5» саны шықса

Еркіндікті жоғары бағалайсыз. Яғни сізге өзге жанның бір істі тапсырғаны ұнамайды. Үнемі өзіңіз қалаған іспен айналысасыз. Спортқа және ғылыми зерттеулерге жақынсыз. Десе де, көп істі соңына дейін жеткізбейсіз.

«6» саны шықса

Бұл сан тұрақтылықты білдіреді. Қызмет саласында үлкен жетістіктерге жетіп, әріптестер арасында біліміңіз бен біліктілігіңіз жоғары бағаланады. Материалдық құндылықтарды екінші орынға қоясыз. Сіз үшін мансап жоғары тұрады.


«7» саны шықса

Рухани байлықты білдіретін сандардың бірі. Сіз бос уақытыңызды пайдалы өткізгенді жөн көресіз. Мінезіңізде ұяңдық басым. Көп жағдайда шешім қабылдауға қиналасыз. Десек те, армандарыңызға жету жолында айқын мақсат қойып, үнемі іске асыруға тырысасыз.


«8» саны шықса

Қаржылық жағдайды жоғары бағалайсыз. Өзіңіздің табысыңызды арттыру мақсатында тыңбай еңбектенуге дайынсыз. Сіз үшін атақ пен дәреже маңызды. Кей жағдайларда қаталдық, билікке деген құштарлық мінездеріңіз жетістікке жетуге кедергісін келтіреді.

«9» саны шықса
Жүрегі нәзік, басқаларға тек жақсылық ойлап тұрасыз. Қайырымдылықпен айналысып, жақын жандарға үнемі көмек қолын созуға тырысасыз. Өзге жанға тез сенім артып, көп жағдайда адамдарды жақсы тани алмай жатасыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Пернекул
    Пернекул 26.03.2022 09:38
    0 + 1 -
    Сан туралы пікірге онша қосылмаймын