Алаяқтар сіздің картаңыз жайлы ақпаратты қалай біледі?


Бүгінде интернет желісінде алаяқтықтың бірнеше түрі таралып жатыр. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков айтты.


Оның айтуынша, соңғы уақытта елімізде түрлі сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы алаяқтықтың бірнеше түрі анықталған. Мамандар азаматтарға алаяқтардың түрлі айла-тәсілдеріне алданбай, сақ болуға шақырады. Ол қазіргі кезде кең қолданылып жүрген интернет-алаяқтықтың бірнеше түріне тоқталды.

  • Онлайн дүкен. Түрлі күдікті сайттарда арзан бағадағы тауарларға жарнама жүреді. Оған сенген желі қолданушылары тауарға тапсырыс беріп, ақша аударады. Уақыт өте келе жеке шоттан тауарға ғана емес, қосыша ақша ұрланғанын байқауға болады. Дүкен қызметкерлері болса, тауардың жолда екенін айтып, тапсырыс берген жандарды сендіреді.
  • Банк мамандарының қоңырау шалуы.  Қазіргі уақытта өте жиі кездесіп жүрген жағдайлардың бірі.  Өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардан карта жайлы толық ақпаратты сұрап алуы. Олар қоңырау шалу барысында сіздің картаңыздағы ақшаны басқа біреу иемденгелі жатқанын айтып, тезірек мәліметтерді беруді сұрайды. 
  • «Сыйлық ұтып алдыңыз!». Алаяқтар қоңырау шалып, азаматарға бағалы сыйлық иегері атанғандығын айтады. Ал сол сыйлықты жеткізу үшін азғантай ақы сұрайды. Сенім білдіргендер жеке мәліметтерін айтып қана қоймай, сыйлықты жеткізу үшін қосымша ақша да аударады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде үш жыл аралығында интернетте жасалатын алаяқтық түрі 2 есе артқан. 2020 жылы 1 700 қылмыс анықталып, 400-ден аса адам ұсталған.

Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий

Комментариев 1

  1. Офлайн
    Нқөөөимв
    Нқөөөимв 3 ноября 2020 14:28
    0 + 0 -
    пайдасы мол