Ертегі: Уәзір мен шал

Ертегі: Уәзір мен шал казакша Ертегі: Уәзір мен шал на казахском языке

Сейпін деген хан болыпты. Ханның Мүбәрак дейтін уәзірі болыпты. Ханның уәзірі ханға айтыпты:

— Ханда 40 кісінің ақылы бар дейді, егерде сізде 40 кісінің ақылы бола тұрып, дау болса, жаңжал болса бізге неге жолдайсыз, өз бетіңізбен неге бітіріп жібермейсіз? Бізбен неге ақылдасасыз? – депті. Сонда хан айтыпты:

— Ханда 40 кісінің ақылы бар екендігі рас. Бірақ бір жерде Самыр деген шал бар, сол шалда 40 ханның ақылы бар. Сол шалды мұнда қонаққа шақырып кел, – депті хан уәзірге. Мүбәрак Самыр шалды қонаққа шақырып әкеліпті.

Хан шалдың тамағын беріп сыйлап отырады. Уәзір отырып: «Бұл жаман шалдың қандай қасиеті бар, мынау жеті руды билеген хан, ал анау шал – кедей», – деп ішінен ойлап отырыпты. Хан шалға айтады: «Мен сізге таңертең бір құс жіберемін, сол құсымның екі жақ қанатын жұлып, тазалап жібергейсіз», – депті. Уәзір не деген сөз екендігіне түсінбей қалыпты. Шал ханға айтыпты: «Хан, мен беске бірді қосып алтау қылып таңертеңнен кешке шейін алтын соққанда отыз екіге жеткізе алмай жүрмін-ау!» – депті. Уәзір тағы не деген сөз екендігіне түсінбей қалады. Шал кетеді. Үш күннен соң хан уәзіріне: «Шалға қонаққа барып кел», – депті. Уәзір келсе жаман үйі бар, үсті-басы күйе-күйе шал барын береді, кеңесіп отырады. Самыр шалға уәзір айтады: «Сізге менің бір сұрауым бар», – дейді. Шал «сұраңыз» дейді.

— Кеше сізге хан: «Таңертең бір құс жіберем, сол құсымның екі жақ қанатын жұлып тазалап жібер», – деп еді, сол не сөз?» – дейді. Шалдың сөзі: «Балам, мен кедей адаммын ғой, сонымен күн көріп отырайын, бір қалта алтын берсең, шешіп беремін ғой!» – депті. Уәзір бір қалта алтын беріпті. Уәзір «Тағы бір сұрауым бар» депті. Шал: «Сұра, балам», депті. «Сіз кеше ханға беске бірді қосып алтау қылып таңертеңнен кешке шейін алтын соққанда отыз екіге жеткізе алмай жүрмін-ау» деген сөзіңізге түсінбей қалдым-ау», – депті. Шал: «Балам, мен кедей адаммын ғой, ақылыммен күн көріп отырған, бір қалта алтын берсең, шешіп беремін ғой!», – депті. Тағы бір қалта алтын беріпті. Сонда 40 ханның ақылы бар деген шалдың шешкені: «Балам, осы саусағым нешеу?» депті. Бесеу ғой! Соған бірді қосшы, нешеу болады?»

— Алты болады.

— Ендеше, таңертеңнен кешке шейін жұмыс істегенде тапқан-таянғаным ішіп-жеуіме жетпейді деген сөзім еді. Ал ханның «Таңертең бір құс жіберемін, сол құсымның екі жақ қанатын жұлып тазалап жібер» дегені ол мынау: — құс сен, екі қалтаңды тазалап сыпырдым ба? Енді жүре бер, – депті шал ханның уәзіріне. Сонда барып уәзір шалда 40 ханның ақылы бар екендігіне сенген екен.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Уәзір мен шал туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Уәзір мен шал для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Уәзір мен шал, ертегилер Уәзір мен шал казакша оку, Уәзір мен шал, ертегі Уәзір мен шал туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Уәзір мен шал для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Уәзір мен шал ертегилер Уәзір мен шал к, Ертегі: Уәзір мен шал ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн