Сатиралық ертегі: Хан мен кедей жолаушы
Алыс жерден иесіз даламен Бұхар шаһарына бір кедей жолаушы келіпті. Қалаға келген соң ол тұп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын болған соң бұл жолаушы киімін шешіп, жайланып, демін алып, азығын жей бастапты. Ханның ауыз үйінде отырған жендеттер жолаушыны көріп, мұның ханның үйіне барып, кіргеніне қайран қалып, сасқанынан не қыларын білмей тұрып, ақырында, жолаушыны қуа бастапты. «Қумаңдар, дем алған соң өзім кетемін», − деп, жолаушы бұларға айтқанда, жендеттер жолаушыға ашу шақырып айтыпты: «Сен бұл арада неғып отырсың?», − деп. Жолаушы айтыпты: «Тамақ жеп алған соң, екі сағаттай дем алып, ұйықтап алып жөнелем», − деп айтыпты.
− Ей, әдепсіз кедей, көрмей тұрсың ба, бұл қонақ үй емес, менің сарайым! – деп, бұған хан айғай салыпты.
− Бұл үй сенің сарайың ба, Бұхардың ханы, айтшы, бұл сарайда бұрын кім тұрды? – деп, асықпай, ханға жолаушы сөз қайтарыпты.
− Менің әкем тұрды, − деп хан айтқанда:
− Бұрын, сенің әкеңнен бұрын кім тұрды? − деп, жолаушы айтыпты.
− Бұл үйде менің үлкен әкем тұрды, − деп хан айтыпты.
– Үлкен әкеңнен бұрын кім тұрды? − дегенде:
− Ол әкемнің әкесі тұрды, − депті.
− Сенен соң бұл сарайда кім тұрады? – дегенде:
− Менің балам тұрады.
− Сенің балаңнан кейін кім тұрады? − дегенде:
− Менің немерем тұрады, − дейді. − Менің баламнан соң немерем, мұның балалары һәм, Құдай бұйырса, менің тұқымымнан біреу тұрады, − деп, хан жауап беріпті.
− Мінекей, байқап қарашы, бұл сарайда бір адамнан соң бір адам тұрады. Сіздердің бәрің де бұл сарайда тұрған қонақсыздар. Бұл сарайда қонақ үйінде тұрғандай болып тұрасыздар.
Ашуланшақ хан ойланып тұрып, әмір қылыпты:
− Жолаушыға тамақ, сый бер! – деп. Жолаушы тамағын жеп, дем алып, берген сыйды алмапты.
– Мен жолаушымын, маған берген сыйларың керек емес, − деп. Мұның сөзін ханға айтқанда, хан тағы да таң қалыпты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?