Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  | Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру казакша Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  | Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру на казахском языке

2005 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындыларына келетін болсақ, ішкі жалпы µнім 9,4 пайызға өскен.(жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр). Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы 34,1 пайызды, жүк тасымалдау көлемінің артуы 4,8 пайызды құрады. Байланыс қызметінің көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға өссе, ұялы байланыс қызметі 65,3 пайызға артқан. Тұрғын үй құрылысына 241 миллиард теңге инвестиция бөлінген. Бұл оның алдындағы жылғы деңгейге қарағанда 1,6 есе көп. 2005 жылы инфляция орта есеппен 7,6 пайызды құраған. Халықтың нақты ақшалай табысы бағалау бойынша 11,6 пайызға өскен. Бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 33,8 мың теңге болған.
Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарлама бойынша ІЖӨ-нің орташа жылдық өсімі 8,5 пайыз болуы тиіс. Бұл экономиканың жалпы өсімін осы үш жылда 27,7 пайызға арттырады. Орташа жылдық инфляция 5-7,3 пайыз шегінде қалып, еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3-7,0 пайызға өсіру көзделген. Негізгі капиталға инвестиция салу 14-15 пайызға өсетін болады. Сөйтіп, ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы үлесі 2008 жылы 5450 АҚШ долларына жетпек, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есе артық.
Осы мақсаттарға жету жолындағы негізгі бағыттар:
- Қазақстан экономикасын жедел жаңарту және оның серпінділігі;
- Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді
қамтамасыз ету;
- Єлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын
осы заманғы әлеуметтік саясат.
Әрине, осындай маңызды міндеттерді шешу жолында басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпаратармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік жүйесінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуының маңызы зор.
Дипломдық жұмыста мемлекеттік кєсіпорындардың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың µзекті мєселелері қарастырылѓан. Жұмыс Шардара ауданы бойынша салық комитетінің негізінде жазылѓан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
Шардара ауданы бойынша салық комитетінің тарихы.
Қазақ Советтік Социалисттік Республика Министрлер кеңесінің 16.03.1990 жылғы 112 «Мемлекеттік салық инспекциясының құру туралы» Қаулысы және Қазақстан Республикасының президентінің 09.07.1991 жылғы 380 «Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік салық инспекциясының құру туралы» Жарлығына байланысты Қазақстан Республикасы салық органы құрылды. Шардара ауданынының салық қызметі органы заңды тұлға болып табылады, ол республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
Салық қызметі органы орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады. Мемлекеттік Өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруында, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органына жәрдемдесіп отырады.
Отанымыздың қалыптасуында, эконимикалық, әлеуметтік саяси дамуында Шардара ауданы бойынша салық комитетінің үлесі аз емес. Егер 1995 жылды негізге алып, бюджетке түсіп отырған төлемді 2000 жылмен салыстырсақ, салық түсімі 415,0 % өсіп отыр. 1995 жылы бағдарламадағы 65,5 млн теңгенің орнына бюджет кірісіне 91,7 млн теңге түсіп, 140,0% орындалса, 2000 жылы бюджеткірісіне 272,0 млн теңге түсті, немесе 1995 жылдан 180,3 млн теңге артық түсіп отыр. Ал үстіміздегі 2004 жылдың алты айлық жоспары 109,0 пайызға орындалды, яғни бағдарламадағы 112,12 млн теңгенің қаржы жинауда қарқынды қимыл жасап отырған салық қызметкерлерінің ерен еңбек нәтижесінде бюджет кірісіне 122,3 млн теңген түсіріліп қазына қоржынына 10,1 млн теңге артық түсірілді. Тексеру қорытындысымен 9,7 млн теңге қосымша есептелініп, оның 9,4 млн теңгесі бюджетке енгізілді.

І. Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.

1.1. Салықтардың экономикалық мәні және қызметі.

Салық дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: Салықтар шаруашылық жүргізуші субектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттік өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар:
- реттеушілік
- фискальді
- қайта бөлу.
Жоѓарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттреу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар, ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланысты болуы эқажет. Салықтық реттеуде салықтық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі, ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы тағы бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
а) егер төленетін салық мөлері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б) егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 пайызы аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы бақа да шараардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекеттінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек болып отыр. Бұл эконоимкасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздері орталықтандырудың бір айғағы осы.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтады. Салық меанизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
Салық салу обьектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады .
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін оператцияларға салынатын салық;
- жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;
- көлік құралдарына салынатын салық және т.б.
Жанама салықтар – тікелей емес, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.
- қосылған құнға салынатын салық
- акциздер
- баж салық.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын-ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, ешқандай дербессіз жалпы мақсатта жұмсалады.
Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын-ала белгіленген міндеттер бойынша нақтылай шараларға жұмсалады. Мысалы, көлік құралдарына салынатын салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмасалады.
Салықты алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мына салықтар жатады:
1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2) қосылған құнға салынатын салық;
3) акциздер;
4) бағалы қағаздармен жасалынатын операцияланға салынатын салық;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

1.2. Салық салу механизмі.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.
Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар : салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары: нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар: салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизіміне жатады. Салық жүйесінің жақсы да тиімді қызмет істеуіне салық салу механизімінің тигізер ықпалы өте зор.
Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық.
Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері мыналар:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтың жазалау шаралары.
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.
- Салық субъектісі (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
- Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалынатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
- Салық көзі – салық салынатын табыс.
- Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
- Ставкалар тұрақты немесе пайызбен белгіленеді.
- Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлжшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен тағайындалады.
- Пайыздық ставкалар үш түрге бөлінеді; үдемелі немесе прогрессивті, регрессивті және пропорционалды.
Үдемелі немесе прогрессивті ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.
Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісіне мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір пайызбен тағайындалады.
- Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
- Салық жеңілдіктері дегеніміз – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімімен ұзарту жатады.
- Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.
- Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзіиде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де, мынадай тәртіппен іске асырылады:
а) бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді, содан соң
акциздер және баж салығы;
ә) екінші кезеңде жерлікті салықтар мен алымдар;
б) үшінші кезеңде басқа салықтар мен алымдар.
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы». ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Есеп және аудит дипломдық жұмыстар, Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, дипломдык Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін