Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық жағдайы

Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық жағдайы казакша Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық жағдайы на казахском языке

Мазмұны


Оңтүстік Қазақстан ежелден өнеркәсібі ерекше дамыған өңір саналады. Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Дипломдың жұмыстың негізгі мақсаты облыс шаруашылығына сипаттама бере отырып, оның қазіргі кездегі даму жағдайын қарастыру. Еліміз егемендік алып, экономикамыз ілгерілеген сайын облыстың экономикасының өркендеп келе жатқанын байқауға болады.
Облыстың өнеркәсібі әлемнің 37 еліне экспортқа шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдері-43,3%, металлургия өнеркәсібі-14,5 %,минералдық өнімдер-17,2 %,мал және өсімдік өнімдері-17,3 %,химия өнімдері-4,3 %.Ал импорт құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар мен аппараттар 42,8%, химия өнімдері -18,8 % құрайды. Облыста қазіргі таңды «Оңтүстік Қаазсқатн облысының индустриалды-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жасалған. Өнім сапасын халықаралық стандартқа сай ету жұмыстары жан-жақты жандандырылуда.
Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен орныдары және уранның Республика бойынша 50 пайызы бар. Қолайлы ауа райы мен ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің молдығы ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға жағдай жасайды. Соңғы 15 жылда ірі өнеркәсіп орындарының тоқырауына қарамастан облыс индустриалды-аграрлы өлке болып табылады. Бүгінгі күнде Қңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша трансформатордың 98 пайызын, дәрі-дәрмектің 70 пайызын, республикады өндірілетін минералды сулардың жартысына жуығын, мотор майлары мен бензиннің 40 пайызын, республика бойынша мақта және оның өнімдерінің барлығын береді.

1. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық –географиялық жағдайы

1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы мен табиғи жағдайы

Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шарша шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері жазықты, негін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен |Сырдарья, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған.
Оңтүстік Қаазақстан облысының көп ғасырлық тарихы бар. Мұнда Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлке ертедегі мәдениет пен цивилизацияның орталығы. Ертедегі Оңтүстік Қаазсқатн облысында көне түрік қағанаты заманында көне мәдениет ошақтары- Исфиджаб (Сайрам),Отырар, Сығанақ, Яссы, Әулие-Ата қалалары дамыған. Мұнде әлемдік маңызы бар ғылыми және білім орталықтары болған.
Саяси-әкімшілік тарихы бойынша Оңтүстік Қаазақстан облысы 1932 жылы жеке әкімшілік облысы болып құрылған. Оның жеке облыс болып даму тарихы Алматы, Қарағанды, Шығыс Қаазақстан, Батыс Қазақстан облыстарымен байланысты.
Оңьтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10-наурыз күні құрылғаннан бастап, атауын сан мың өзгерткен. 60-жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында Шымкент деген атаумен еніп, егемендік жылдарынан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталды.

1.2. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтікдемографиялық сипаты

2005 жылдың басына облыстағы халықтың саны 2193, 6 мың құрап, 2004 жылмен салыстырғанда оңтүстік қазақстандықтардың саны 2 % артты.
Халық санының көбеюі негізінен , бүгінгі таңға облыс халқының 59,9 % 1312,9 мың адам бөлігін құрап отырған, ауыл тұрғындары санының өсуі есебінен болып отыр. Оңтүстік қазақстандықтардың 80,7 мыңы ( 40,1 % ) – қалалықтар.
1994 жылдан 2004 жылға дейінгі кезенде облыс бойынша туылғандардың жалпы саны 545,8 мың адамды құрады, барлық туылғандардың 67,0 % ( 365, 9 мың адам) ауыл халқына жатады. Гендер белгісі бойынша, жаңа туылғандардың 48,5 % ( 264, 8 мың адам) әйелдер және 51,5 % ( 281, 0 мың адам) – ерлер.
Қазақ халқы арасында туу жоғары деңгейде қалып отыр, оның үлесіне 1994-2004 жылдары туылғандардың - 71,5 % (390,3 мың адам ) тиесілі.
Туылғандардың жалпы коэффициентерін әр 1000 адамға шаққанда 1994 жылғы – 29,0 –ден 2004 жылы - 26,9-ға дейін кеміді, алайда Республиканы тұтас алғанда бұл көрсеткіш жоғары күйінде қалып отыр. 2004 жылы әр 1000 қалалық тұрғынға орта есеппен 26,4 туылғаннан келсе, 1000 ауыл тұрғынына 27, 2 туылғаннан келді.
1994-2004 жылдары өлгендер саны 161,7 мың адамды құрады, 1994-2004 жылы өлім деңгейі халықтың 1000 адамына шаққанда 6,9 өлімнен келді. Қалалық елді мекенде 77,0 мың жалпы өлім санының 47,6 % ) ауылдық жерде – 84,8 мың өлім (52,4 % ) тіркелді.
1994-2004 жылдары өлім себептерінің ішінде анықтаушы орынды қан айналымы жүйесі аурулары ( жалпы өлім санының 47, 6 % ) алды.
Осы мезгіл ішінде тыныс органдары ауруынан өлгендер саны 18,5 мың адамды ( 11,4 % ) адамды кездейсоқ оқиғалардан, улану басқа да сыртқы әсерлерден 17, 8 мың адам ( 11,0 % ), жаңа ісік ауруларынан 16, 9 адам ( 10, 5 % ) қайтыс болды.
Сәбилердің шетінеу деңгейі төмен-түсті. Мәселен, бір жасқа дейінгі өлген сәбилер өлімінің коэффициенті 1000 туылған балаға шаққанда 1994 жылғы 27, 4-тен 2003 жылы 14, 6-ға дейін кеміді. Жаңа туылған сәбилер өлімінің жоғары деңгейі тыныс органдарының ауруына – 4,9 мың
оқиға (1994-2004 жылдар аралығында өлгендердің – 43, 0 % ) және перинаталды кезеңде пайда болған жағдайға – 2,8 мың оқиғасы (24,6 %) тиеді. 1994-2004 жылдары бір жасқа дейінге 11,4 мың сәби өлді.
1994 жылдан 2004 жылға дейін облыс бойынша 152,7 мың неке тіркелді, оның 95,2 мыңы (62,3 % ) – ауылдық жерде некелескендер. Аумаққа қарай бөлгенде, бұл кезеңде ең аз некелесу – 4,2 мың көрсеткішпен ( оның жалпы санының 2,8 % ) Арыс қалалық әкімшілігінде тіркелген болса, некелесудің көбірек саны - 30,4 мың
(19,9 % ) көрсеткішпен Шымкент қалалық әкімшілігіне тән болды.
Облысты тұтас алғанда, некелесудің қалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 1993 жылғы – 8,1 – ден 2004 жылы – 7, 9-ға дейін кеміді.
1994-2004 жылдары 23,6 мың ажырасу тіркелді, оның 17,9 мыңы (75,8 % ) – қалалық елді мекенде тіркелді.
Ажырасудың жалпы коэффициенті халықтың әр 1000 адамына шаққанда 1994 жылғы 1,4 – тен 2004 жылы – 0,9 – ға дейін кеміді. 1993 жылы 1000 некелесуге 173 ажырасудан келсе, 2004 жылы оның саны 115-ке дейін азайды.
1994-2004 жылдары облысқа 105,5 мың адам келді ( облыс аумағындағы қоныс аударушыларды есепке алмағанда ). Келгендердің ішінде 37,7 мың - Қазақстанның басқа облыстарынан, 64,8 мыңы – ынтымақтастық елдерден, 2,9 мың адам – қиыр шеттегі елдерден келгендер.
1994-2004 жылдары облыстан шетке кеткендердің саны 96,2 мың адамды құрады. Кетушілердің ішінде 69,5 мың адам - Қазақстанның басқа облыстарынан, 23,8 мыңы - ынтымақтастық елдерден, 2,9 мың адам - қиыр шеттегі елдерден кетушілер.
Көші-қон айырымының абсолюттік ауытқу 1999-2004 жылдары 9291 адамды (оң ) құрады.
Облыстың барлық аудандары мен қалалық әкімшіліктерінде халықтың жалпы өсімінің артқандығы байқалды. 2004 жылы облыста барлық халықтың жалпы өсімі 43,3 мың адамды құрады.
2005 жылдың 1 шілдесіне, алдын ала деректер бойынша, облыс халқының саны 2213,9 мың адамды құрады ( 2004 жылдың 1 шілдесіне - 2173, 0 мың адам ).
2005 жылдың қантар-маусымында халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 21,5 мың адам болып ( 2004 жылдың қантар-маусымында - 102,2 % ), 29,8 мың - туу ( 103,7 % ), 8,3 мың - өлім оқиғасы ( 107,9 % ) тіркелді.
Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда, 2004 жылдың қантар-маусымында 26,9-дан 2005 жылдың қантар-маусымында 27,4-ке дейін өсті. Қалалық жерде әр 1000 адамға - 28,6 туылғаннан келсе, ауылдық жерде 1000 адамға - 26,7 туылғаннан келеді.
Өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда, 2004 жылдың қантар-маусымында 7,2-ден 2005 жылдың қантар-маусымында - 7,6-ға дейін өсті. Қалалық жерде әр 1000 адамға орта есеппен 9,8 өлгеннен келсе, ауылдық жерде 1000 адамға - 6,2 өлгеннен келеді.
2005 жылдың қантар-маусымында 7,3 мың некелесу ( 2004 жылдың қантар-маусымында - 96,7 % ), 1,0 мың - ажырасу ( 101,1 % ) тіркелді.
Облысты тұтас алғанда, некелесудің жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 2004 жылдың қантар-маусымында - 7,1-ден 2005 жылдың қантар-маусымында - 6,7-ге дейін кеміді. Әсіресе, оның едәуір өсуі Қазығұрт ауданында ( 7,3-тен 8,7-ге дейін ) орын алды.
Ажырасудың жалпы коэффициенті 2005 жылы қантар-маусымында халықтың әр 1000 адамына шаққанда – 0,9-дан 2004 жылдың қантар-маусымында - 0,9 деңгейінде өзгеріссіз қалды. Ажырасудың ең жоғары деңгейі - Шымкент қ. ә. ( 1,9 ажырасу ), ең төмен деңгейі - Шардара ауданында ( 0,3 ажырасу ) орын алды.
Көші-қонмен 2005 жылдың қантар-маусымында облысқа келген халықтың саны 5,9 мың адамды құрап ( облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда ), ал облыстан шетке кеткен халықтың саны 7,1 мың адам болды, көші-қон өсімі -1,2 мың адамды құрады.
Халықтың атаулы ақшалай табыстары ( бағалау бойынша ).
Атаулы ақшалай табыстары - бұл халықтың ағымдағы тұтынуларына, өндірістік қызметтеріне және қорлануға бағытталған ( табыс салығын есепке алғанда ) ақшалай қаражаттары. Олардың көлемі макродеңгейде есептеу әдісімен анықталады, оған халықтың жалдамалы және өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табыстарын бағалауы
( статистикалық есеппен толық алынбаған жұмыспен қамтылған халық санын және жасырылған еңбек ақыны қоса есептегенде) және әлеуметті к
трансферттер төлемдері кіреді.
Нақты ақшалай табыстар - бұл тұтыну баға индексіне түзетілген ақшалай табыстар.
2005 жылдың қантар-маусымында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары ( бағалау бойынша ) 41099 теңгені құрады, бұл 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,2 % өсті .

Халықтың тұтынуға пайдаланған табыстары.

Тұтынуға пайдаланған табыстар, шығыстар және жеке шаруашылықтарда өндірілген өнімдерінің тұтыну құны негізінде есептелінген ақшалай табыстардың сомасы болып табылады.
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын аса маңызды көрсеткіштердің бірі - үй шаруашылықтарының түрлі тауарлар алуға, қызмет пайдалануға мүмкіндіктерін айқындайтын кіріс көрсеткіші болып табылады.
Облыстың үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеудің мәліметтері бойынша, халықтың тұтынуға пайдаланған табыстары жан басына шаққанда 2005 жылдың II тоқсанында айына орта есеппен 6025 теңгені құрады және 2004 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 12,8 % артты
Жұмыспен қамтылу. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық ( жұмыс күші ) - тауар және қызмет көрсету өндірісі үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына экономикалық қызметтің барлық салаларында жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар кіреді. Еңбекке қабілетті жастағы адамдарға 16 жасқа толған азаматтар және 63 жасқа дейінгі еркектер, 58 жасқа дейінгі әйелдер жатады ( «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» және «Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР заңдарына сәйкес).
Экономикалық белсенділік деңгейі - пайызбен өлшенген 15 жас және одан жоғары жастағы халықтың жалпы санындағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының үлесі.
Жұмыспен қамтылған ( жұмыс істейтін ) халық - бір аптаға тең қысқа мерзім ішінде өз жағдайы бойынша мына санаттардың біреуіне жатқызуға болатын тиісті жастағы барлық адамдар;
а) ақы төленетін өз (жалдамалы ) қызметкер;
б) өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкер.
Зерттелген аптада демалыста болған ( еңбек демалысында, ақысыз демалыс, жүктілігі мен босануы бойынша демалыс немесе баланы күтуге берілетін демалыс ) немесе ауырып қалған адам да жұмыспен қамтылған болып есептеледі, өйткені ол өз жұмысына ресми тіркелген. Жалдамалы ( ақы төленетін ) қызметкерлер – қызметақы, сыйақы, үстемеақы және с.с. немесе заттай еңбек ақы ( сыйақы ) төлеу көзделетін жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Өз бетінше жұмыспен қамтылу - бұл сыйақы мөлшері тауар өндіру
(өткізу ) және қызмет көрсетуден алынатын табысқа тікелей байланысты
болатын жұмыспен қамтылу ( бұл жерде өзінің тұтынуы табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылады).
Жұмыссыздарға халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралып отырған кезеңде бір мезгілде үш негізгі өлшемге жауап берген адамдар жатады;
а) жұмыссыз ( табысты жұмысы болмаған ) болған ;
б) оны белсенді іздеумен айналысқан;
в) белгілі уақыт кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған.
Жұмыссыздық деңгейі - экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі.
Экономикалық тұрғыдан енжар ( әрекетсіз) халық - қаралып отырған кезең ішінде жұмыспен қамтылғандарға жатпайтын немесе жұмыссыздар болып табылмайтын, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы адамдар.
Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлық деңгейі – 15 жас және одан жоғары жастағы халықтың жалпы санындағы экономикалық тұрғыдан енжар халық санының пайызбен өлшенген үлесі.
Іріктеп зерттеу сауалнамасының мәліметтері бойынша ( алдын ала мәліметтер ), облыстағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 2005 жылдың 2 тоқсанында 1010,7 мың адамды құрады ( 15 және одан жоғары жастағы жалпы халық санының 69,1 %), олардың 92,6 % - экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар, 7,4 % - жұмысы жоқтар, дегенмен олар жұмысты белсенді түрде іздестіруде, жұмыс табылған жағдайда оған кірісуге дайын.
Облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандар санының 47,2 % - жалдамалы қызметкерлер, 52,8 % - өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.Олардың басым көпшілігі (73,4 %) ауылдық жерлерде еңбек етті. 2005 жылдың II тоқсанында жұмыссыздар саны 74,7 мың адамды құрады, олардың 57,0 % - қала 43,0 % - ауыл халқы.
Осы кезең ішінде облыста экономикалық тұрғыдан енжар халық саны 452,6 мың адамды ( 15 және одан жоғары жастағы жалпы халық санының 30,9 %) құрады.

Халықты жұмысқа орналастыру.

2005 жылдың маусымында 13,6 мың адам жұмыс іздеп, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне өтініш білдірген, оның ішінде ауылдық жерде тұратындары – 5,3 мың ( 39,1 % ) адамға жеткен. Облыстың еңбек басқармасы есебіндегі жұмыссыздардың саны 2005 жылдың маусым айының аяғында 9,7 мың адамды құрады ( 2004 жылдың тиісті кезеңіндегі санынан 4,6 % кем ), оның 4,5 мыңы-ауылдық жердің тұрғындары ( барлық жұмыссыздар санындағы үлесі - 46,7 % ) және 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,0 % кеміді.
2005 жылдың қантар-маусымында облыс бойынша 9,0 мың адам, немесе өтініш білдіргендердің - 66,1 % , оның ішінде ауылдық жерде тұратындардан - 3,8 мың адам, немесе 70,8 % жұмыспен қамту органдарының жәрдемімен жұмысқа орналасты
Жалақы
Жалақы - еңбекке, оның күрделігіне, мөлшеріне және сапасына сәйкес берілетін сыйақы ( табыс ). Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын жұмыс істеушілердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлардың санына бөлу жолымен анықталады. Нақты жалақының индексі орташа атаулы жалақы индексін тұтыну бағасының индексіне бөлу арқылы анықталады. Екі индексте бір және сол уақыттық кезеңге жатады. Халықтың табысының едәуір дәрежеде өсуі жалақының деңгейіне байланысты.
2005 жылдың қантар-маусымында кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке қоспағанда бір қызметкердің орта айлық жалақысы 20327 теңгені құрап, 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,4 % өсті.
Үстіміздегі жылдың басынан бергі орташа айлық жалақы қалалық жерде - 15844 теңгені құрады. Атаулы жалақының едәуір өсуі облыстың барлық қалалық әкімшіліктері мен аудандарында байқалды. Әсіресе, бұл көрсеткіштің жоғары деңгейі Созақ ( 17,7 % ), ал төменгі деңгейі Бәйдібек ауданында ( 0,2 % ) орын алды.

Зейнетақы.
Зейнетақы - заңдар ретімен тағайындалған зейнетақы төлемдерінің жиынтығы. Белгіленген айлық зейнетақының орташа көлемі белгіленген жалпы айлық зейнетақы сомасының әлеуметтік қорғау мекемелерінде есепке тұратын барлық зейнеткерлер санына қатынасымен есептплпді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Зейнетақы Төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталығының деректері бойынша, 2005 жылдың II тоқсанында белгіленген айлық зейнетақының орташа көлемі 8139 теңгені құрады, бұл 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,4 % артық.
Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы.
Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы - ең төмен деңгейдегі тұтын қоржыны құнының шамасына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай табыс. Ең төмен деңгейдегі тұтын қоржыны азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалған шығыстардан тұрады. Ол ең төмен деңгейде қажетті азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалған шығыстардың белгіленген үлес қосылған ең төмен деңгейдегі азық түлік қоржынының құнынан алынып есептеледі. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалған шығыстардың белгіленген үлесі қазіргі кезде ең төмен деңгейдегі тұтыну қоржыны құнының 30 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
Халықтың тұрмыс деңгейін бағалау үшін, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, абсолютті кедейлік өлшемі болып табылатын күнкөрістің ең төмен деңгейі қолданылады.
Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасына әсер ететін негізгі факторлар тамақ өнімдерін тұтыну нормалары , яғни осы тамақ өнімдерінің бағасы және азық-түлік пен азық-түлік емес шығыстары арасындағы белгіленген арақатынасы болып табылады. Тамақ ұлттық Институтының физиологиялық деңгейде негізгі ас заттарын тұтыну және энергетикалық бағалылықты қамтамасыз ету тұжырымдамасы арқылы өңдеген тамақ өнімдерінің тұтыну нормалары Республика халқы үшін бірдей. Ең төмен деңгейдегі азық-түлік қоржынының құны тамақ өнімдерінің тұтыну нормаларын инфляция деңгейін ескере алатын , облыстағы айдың ортасына келген орта бағаларға көбейту жолымен есептелінеді.
2005 жылдың маусымында негізгі азық-түлік тауарларын пайдаланудың ең төменгі деңгейімен есептелінген , жан басына шаққандағы кұнкөрістің ең төмен деңгейі орта есеппен 5356 теңгені (азық-түлік тауарлары – 3749 теңге, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет - 1607 теңге) құрап , өткен аймен салыстырғанда 2,2 % өсті.
Облыс бойынша жан басына шаққандағы ең төмен күнкөрістің орташа шамасынан жоғары көрсеткіш Мақтаарал (5473 теңге) ауданында қалыптасса, төменгі көрсеткіш Ордабасы ауданында - 4789 теңгені құрады.
2005 жылдың маусымында 2004 жылдың маусымымен салыстырғанда күнкөрістің ең төмен деңгейі облыс бойынша 16,2 % - ға өсті. Аудандар бойынша айтарлықтай баға өсімі Түркістан қ.ә. – 16,0 %, Сайрамда – 15,4 % , Кентау қ.ә. – 14,7 % және Созақ ауданында 14,5 % - ға байқалды.
1998 жылдың Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әпеуметтік қорғау Министрлігінің еңдеген күнкөрістің ең төмен деңгейін және кедейлік белгілерін сипаттайтын әдістемелік ұсынысына сәйкес, күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы облысты тұтастай алғанда облыс орталығындағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасымен , ал аудан бойынша аудан орталығындағы күнкөрістің ең төмен деңгейімен анықталады.
Табыстарды бөлудің әркелкілігі...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық жағдайы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар география дипломдық жұмыстар, Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық жағдайы, дипломдык Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық жағдайы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын ди, Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық жағдайы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін