Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  |  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары казакша Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  |  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары на казахском языке

Мазмұны


КІРІСПЕ ...............................................................................................................

І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, және оның маңыздылығы ......................
1.2 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы................................
1.3 Кәсіпорынның есеп саясаты....................................................................

ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру тәсілдері ..................................
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі................................................................
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі..............................................

ІІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАУЫ
3.1Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау.................
3.2 Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімділік
көрсеткіштерін талдау...................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................. .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарына және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен кәсіпорынның және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – негізгі құралдар түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.
Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі объектісі ЖШС «Капланбек» ұйымы болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімінде – негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын талдау
есебі, оған түгендеу жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары
қарастырылады.
І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, және оның маңыздылығы

Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандарттарына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралджар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономикалық барлық салаларында бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар-деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және ағы да басқа салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса, онда ол субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы қызметі түрінде топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);
- Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;
- Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер;
- Көлік құралдары;
- Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құрлдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істейтін негізгі құралдардың тоқталып қойылған, белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандарттарына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар, сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегі шығындржатады:
• алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау шығындары;
• тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
• орнатуға байланысты шығындар;
• архитекторлардың және инжинерлердің жұмыстары сияқты кәсіби қызмет көрсетудің құны.
Кәсіпорынның өзінде шығарылған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі табыс ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының бөлімшелерінде, яғни мына активты шоттарда жүргізіледі:
2411-шот – жер;
2412-шот – үйлер мен ғимараттар;
2413-шот – машиналар мен жабдықтар;
2414-шот – көліктер құралдары;
2415-шот – компьютерлер, перифирициялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық;
2416-шот – кеңсе жиһазы;
2417-шот - өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар.
Бұлар активті болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық есебі әрбір инвентарлық объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объект деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірлген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске алынған негізгі құралдарына берілмейді. Инвертарлық номер негізгі құралдарға бекітілген житонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Инвентарлық объектілерді реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сетиялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығы көрсетілетіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорында инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
- Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
- Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
- Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
-Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;
- Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.


1.2. «АВК Капланбек» ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы

Капланбек шарап заводының негізі 1934 жылы құрылған.1994 жылға дейін мемлекет меншігінде болып өнім беріп келген.Кеңестер одағы тарағасын 1994 жылдан бастап завод жекешелендіріліп «Капланбек Агровинкомбинат» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылды.
Міне содан бері 13 жыл көлемінде шарап түрлерін өндіріп өз алдына жеке құрылып өндірістің көптеген қыр-сырын игеріп шарап өндіру мен сатып-өткізудің тәжірибелік сырларын игерді.
- Заводтың болашақ жоспарында жүзімдіктерді көбейтіп, ескірген жүзімдіктерді жаңартып және жаңа жүзім сорттарын өсіру арқылы шараптың жаңа түрлерін шығару қаралған.
- Шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа отырып және жергілікті тұрғындармен жеке жүзім өндірушілермен келісім-шарт арқылы жүзім шикізатын көбейтеді.
- «Капланбек АВК» ЖШС-нің шығарған өнімдерін Қазақстанның қалалары аудандары және алыс жақын шет елдерге жіберіледі.
- Сатып өткізу негізінен келісілген көтерме сауда арқылы және дүкендер арқылы жүргізіледі.
Өндірістік өнім өндіру көлемі шамамен жылына 6,7 млн теңгеге жетеді.заводтың негізгі бәсекелестері болып:
1) «Бахус» Ашық Акционерлік Қоғамы;
2) «Конысбаев» - шарап заводы және Абай аудандағы «Назико» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі;
3) Өзбекстандағы шарап заводтары есептеледі.
«Капланбек АВК» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында бірден-бір ірі шығаратын кәсіпорын болып есептеледі.
Заводтың барлық инфраструктура мен жарақталған шарап өнімдерін шығару үшін технологиясы барлық стандартқа сай құрылған.
Өндірістің негізіне жүзімді өңдеу арқылы маркалы шараптың 8 түрі өндіріледі.
Олар: «Херес», «Капланбек», «Мускат», «Ақ-бұлақ», «Ислам», «Жоламан», «Ерке-Тумаш», «Қызыл-Таң» және де орденді шараптың үш түрі бар,олар: «Ахдам», «Талас», «Рубин».Бұл шараптар 12 халықаралық сайыстардың жеңімпазы аталған.1995 жылы завод бөлім-бөлімімен қайта жаңартудан өтіп бірнеше ғимараттар мен үлкен жертөле салынды.Заводтың шарап шығару қуаты жылына 20000 долл.1997 жылы шарап өндіру цехы тоқтаусыз және көпжақты ашыту бойынша қайта жарақталып,1200 гкал/сағ мұздатқышы, 4-16 т/сағ қазандығы қойылды.
Заводта:
- сөткесіне 850 тонна жүзімді өңдейтін 8 желі бар;
- сөткесіне 75 тонна жеміс өңдейтін 2 желі бар;
- сағатына 1500 шөлмек құятын 2 желі бар;
- сағатына 5000 шөлмек құятын 1 желі бар;
- сөткесіне 500 долл беретін спирт колоннасы құрастырылып жатыр;
- сөткесіне 280 дол беретін коньяк колоннасы жұмыс істеп тұр.
Басқарма ғимараты 2 қабаттан тұрады.Осы ғимаратта керекті құралдармен жабдықталған зертхана орналасқан.Зертханада шараптардың және шарап өнімдерінің сомасына талдау жүргізіледі.
Есеп шоты – 009467183 Халық Банкі
Шымкент қаласы МФО – 195801604
СТН – 581200001712 ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Есеп және аудит дипломдық жұмыстар, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары, дипломдык Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жум, Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін