Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті казакша Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті на казахском языке

Мазмұны


Кіріспе..........................................................................................
I-тарау Шаруашылықтың сипаттамасы, есеп саясаты және негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Шаруашылықтың технико- экономикалық сипаттамасы..........
1.2. Есеп саясаты..................................................................
1.3. Негізгі құралдар туралы түсінік және
оның мәні................................................................................

II-тарау Негізгі құралдардың есебі.
2.1. Негізгі құралдар, оларды сыныптау, бағалау
және түгендеу.........................................................................
2.2. Негізгі құралдар кіріс және шығыс қозғалысының
есебі.Жөндеу есебі..............................................................
2.3. Негізгі құралдардың жалдау есебі..............................

III тарау. Негізгі құралдардың есебінің аудиті.
3.1. Негізгі құралдар есебінің аудитінің мақсаты
және міндеті............................................................................
3.2. Негізгі құралдарға аудит жүргізу тәртібі...................
3.3. Негізгі құралдарды талдау................................................

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Бухгалтерлік есеп және аудитті нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “Бухгалтерлік есеп туралы”, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттарына барынша АҚындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілері болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз екендігін дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он төрт жыл уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.
Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субъектілері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп (дайындап, жасап) шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі
Сондықтан да шаруашылық субъектілеріндегі негізгі құралдардың есебі, аудиті және оларды тиімді пайдалану жайында осы дипломдық жұмысымда жазылған.
Негізгі құралдардың есебі және аудиті зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі. Тақырыпты зерттеудегі мақсат - негізгі құралдардың есебін және аудитін жүргізудің теориялық және практикалық мәселелерін оқып-үйрену.
Жалпы бұл дипломдық жұмысымның жоспары үш тараудан тұрады:
- бірінші тарауында, негізгі құралдардың өндіріс үрдісінде алатын орны мен мәні, практикамды өткен “АГС” АҚ-ның шаруашылық-экономикалық сипаттамасы мен есеп саясаты жайлы жазылған;
- екінші тарауында, тауарлы-материалдық қорлардың түрлерімен, олардың жіктелуімен, бағалануымен және де олардың қозғалысының есебі, қоймада және бухгалтериядағы есептері қарастырылған;
- үшінші тарауында, тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің мақсаты мен міндеттері, оларға талдау жүргізудің шаруашылық субъектісіне маңызды екендігі жайлы жазылған.
I – тарау. Шаруашылықтың сипаттамасы, есеп саясаты және негізгі құралдар туралы түсінік.

1.1.Шаруашылықтың технико-экономикалық сипаттамасы.

АҚ «Алматинские газовые сети» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылып, Алматы қалалық Әділет басқармасында тіркелген. Заңды тұлғаның мемлекетік тіркеу куәлігінің № 40039 – 1910-АО (ИУ) 2001ж. 21 мамырынан, мемлекеттік класификатор туралы бойынша коды ОКПО: 39485350.
АҚ «АГС» мекен-жайы: Алматы қаласы, Төлеби көшесі, 63.
Қоғам салық төлеуші болып Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінде тіркелген.
Қоғамның жарғылық капиталы 1 000 000 теңге болып жарияланған. Номиналды құны 10 000 теңге акцияларының эмиссия көлемі 1 000 000 теңге. Эмиссия ұлттық идентификациялық номері берілген 100 қарапайым атаулы акцияларға бөлінген. Эмиссия Мемлекеттік бағалы қағаздар реестріне 01.01.2002ж енгізілген. Эмиссия акциялары толығымен орналастырыдған және төленген.
Қоғам өз қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Ол құрылтайшылармен 20.04.2001ж бекітілген.
Қоғам жүзеге асыратын негізгі қызметтерінің түрлері: Алматы қаласының тұрғындарын, кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді табиғигазбен қамтамсыз ету;
жабдықтаушылардан табиғи газды қабылдап алуды ұйымдастыру және келісім шарттарға сәйкес қаланы үздіксіз газбен қамтамасыз ету;
газ құрылғыларын, өлшеу құралдарын жөндеу және тасымалдауға байланысты басқа да қызмет түрлері;
коммерциялық қызмет;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайша келмейтін басқа да, өзге қызмет түрлері.
Ұйымның - қаржы шаруашылық қызметі кәсіпоынның өндіріс қызметінің барлық АҚтарын ашық көрсетеді, яғни талдау жүргізуге қажетті қаржылық есептіліктің барлық мәліметтері (цифрлары) бар.
Бухгалтерлік балансты талдау – бірінші талданатын қаржылық есептіліктің негізгі бөлігі.
Кірістер және шығыстар туралы есепті талдау – компания туралы, сату көлемі және таза пайда туралы мәліметтердің маңызды қайнар көзі. Бухгалтердің міндеті белгілі бір периодқа таза пайданы және кірісті анықтай білу болып табылады.
АҚ «АГС» -ң 2002,2003ж.ж «Бухгалтерлік балансы», «Кірістер және шығыстар туралы есебі», «Ақша қозғалысы туралы есебі» № 1,2,3 Қосымшаларда көрсетілген.
Қоғамның бухгалтерлік есебі Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарының талаптарына сәйкес құрылған. Қоғам өзінің есептік жазуларын жүргізеді және Типтік шоттар жоспары мен Қазақстан Республикасында қабылданған, Қоғамның Есеп саясатымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша нормативті актілер мен тәртіптеріне сай қаржылық есептілігін дайындайды. Негізгі құралдары мен материалды емес активтері, жинақталған тозуды есептемегенде, есептілікте сатып алу құнымен көрсетіледі. Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің алғашқы құнына сатып алу құны және активтерді жұмыс істеу қалпына жеткізуге дейнгі кеткен барлық шығындар кіреді. Негізгі құралдардың тозуы негізгі құралдар мен материалды емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзіміне байланысты тік сызықты әдіспен есептелінеді. 2004 жыл бойынша негізгі құралдар 92%-ға қайта бағалаудың есебінен және 8 %-ға Алматы қаласы бойынша газ құбыр жүйесіне жаңа объектілер енгізу есебінен артқан.
Тауарлы – материалды құндылықтар есепте орташа құн бойынша көрсетілген. ТМҚ – оларды пайдалану қай есепті кезеңде болса, сол есепті есепті кезеңде шығысқа шығындалады.
Дебиторлық қарыздар қаржылық есептілікте толық көлемінде көрсетілген, яғни күдікті қарыздар сомасына түзетулерсіз, себебі Қоғамда күдікті қарыздар бойынша резерв әлі құрылмады. Өткен жылмен салыстырғанда сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарыздар
- сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің жалпы қарыздары 27814 мың теңгеге артқан, соның ішінде 26061 мың теңге «АПК» АҚ-ң газын тасымалдау қызметіне кеткен.
- үй ішнде газ құрылғыларын жөндеу бойынша қызметке 1753 мың теңге кеткен
- 2002 жылмен салыстырғанда - басқа да дебиторлық қарыздардың азаюы 57775 мың теңгені құрайды. 2002 жылы басқа да қарыздардың өсуі, негізінен, есепке алынған негізгі құралдарға салынған қосымша құнға салық сомасының өсуінен болып отыр.
Ақшаның бар болуы және оның қолдануы қызмет көрсететін банк құжаттарымен көрсетіледі.
Шет ел валютасымен операциялар қызмет көрсететін банк бекіткен айырбас бағамы бойынша қазақстандық теңгемен жүргізіледі. Пайдаланылған валюталық несиелер мен пайыздарды жабу бойынша операциялар нарықтық бағам бойынша бағаланады.
Заемдық құралдар Банктік заем келісіміне отырған ААҚ Банк Каспийскийден Қоғам шотына теңге, швейцариялық франк, АҚШ доллары түрінде нақты келіп түскен ақша негізінде көрсетіледі.
Заемды пайдалану бойынша марапаттау 13,5 % мөлшерінде 184664 мың теңге 2003 жылы есепке алынған және ол кезең шығындарында көрсетілген.
Салық салу Салық Кодексінің талаптарына сай жүргізіледі.
Қысқа мерзмді кредиторлық қарыз өткен жылмен салыстырғанда 144772,5 мың теңгеге кеміген. Кему заемдық құралдарды тарту есебінен болып отыр. Қоғамның қаржылық жағдайына елеулі әсер ететін барлық кредиторлық қарыздар сомасы контрагенттермен есептесудің салыстыру актісінде көрсетіледі.
Табыс алынған немесе алынуға тиісті сату құнымен бағаланады. Газды тасымалдаудан түскен табыс Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу бойынша Агенттігінің Департаменті бекіткен тарифтер бойынша бағаланады. Сату құны сатып алушымен келісілген негізде анықталады. Сатудун түскен табыс, осы операцияларды дәлелдейтін құжаттар негізінде, тауарды тиеп жіберген уақыттан (жұмыс істеу, қызмет көрсету) бастап есептеледі. Газды тасымалдау бойынша алынған табыс тұтынушы бекіткен акт негізінде көрсетіледі.
Шығыстар құралдардың шығысталуын дәлелдейтін алғашқы құжаттар негізінде есепке алу әдісі бойынша көрсетіледі.
Газды тасымалдау қызметі бойынша нақты шығындар бекітілген тарифтердегі шығындардан артық. Шығындар сомасының артық болып кетуіне банк заемдарын пайдалану үшін кеткен марапаттау шығындары әсер еткен. Ал марапаттау бойынша шығындардың асып түсуіне валюталық эквмвалентте фиксациясымен теңге түрінде алынған заемдардың қайта бағалау нәтижесі әсер етті.
Шығын көлемі: 2002 жыл бойынша сомасы 135288 мың теңге;
2003 жыл бойынша сомасы 237,5 мың теңге.
Қызмет нәтижесінің шығынды болуына заемдық ақшаны пайдалануға байланыста шығыстар әсер етті. Ол ақшалар инвестициялық жоба бағдарламасының орындалуына бағытталған болатын. Шет ел валютасына қатысты теңге бағамының өзгеруі салдарынан заемдарды қайта бағалау және заемдарды жабу кезіндегі баға айырымынан пайда болған шығындар пайда болды.

1–кесте.2003 ж. Табыстар мен шығындар

Қызмет түрі Сатудан түскен табыс Өзіндік құны Таза кіріс
Газ тасымалдау 652173,5 274261 377912,5
Дайын өнімді сату 285,5 23,5 50,5
Басқа да өткізулер 37153,5 31226,5 5927
Барлығы 689612,5 305722,5 383890
2–кесте.Кезең шығындары

Кезең шығындары түрлері
Сома
Әкімшілік шығындар, барлығы: с. іш 200210,5
Амортизация 1475
Жал 6559,5
Жөндеу 10878
Еңбек ақы 23284
Салықтар 11744
Байланыс қызметі 1158
Транспорт шығындары 312,5
Кеңсе шығындары 144291
Т.с.с
Марапаттау, барлығы: с. іш 184664
Банк несиесі бойынша марапаттау 184664
Жалпы кезкң шығындары 384876


3–кесте.Негізгі емес қызметтен түскен пайда (зиян)

Пайда (зиян) түрлері -1024
Негізгі құралдардың шығысынан
Баға айырымынан 1628
Басқа да негізгі емес қызметтен 3974
Барлығы 4578
1.2. Есеп саясаты

«АГС» АҚ-ң есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңға, ҚР бухгалтерлік есеп стандарттарына және өкілетті органдармен бекітілген методикалық ұсыныстарға сәйкес жасалған.
АҚ есеп саясатын құру және пайдалану барысында, ҚБЕС-30 «Қаржылық есептілікті ұсыну», Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына негіз болатын келесідей қағидаларды басшылыққа алу керек: есепке алу, қызметтің үздіксіздігі, түсініктілік, мәнділік, мағыналық, шынайылық, бейтараптылық, абайлық, аяқтылық, салыстырмалылық, кезектілік.
Бухгалтерлік есептің саясаты қаржылық есепті құру және ұсыну үшін қажет қағидаларды, негіздер мен тәртіптерді қамтиды. Қаржылық есептің мақсаты келесідей органдарға АҚ-ң қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі жайлы барлық қажетті ақпараттарды ұсыну:
- зеттеуші органдар (тұрақты және статистикалық есеп беру, салық декларациясы);
- құрылтайшыларға жедел ақпаратты ұсыну.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар Қоғам қызметінің ерекшелігін ескере отырып Типтік шоттар жоспары негізінде жасалған Қоғамның Жұмысшы шоттар жоспарының сыныптамасына сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік жазулардың тізбегі келесідей тәртіппен анықталады:
1. Алғашқы құжаттар негізінде, оның мазмұнына сай жасалған операциялардың фактілері бухгалтерлік жазумен бекітіледі;
2. Алғашқы құжаттардың мәліметтері операциялардың орындалуына байланысты журнал-ордерлерде, ведомостерде, бухгалтерлік есеп регистрлерінде және стандартты емес есеп регистрлерінде жинала береді.
3. Есептілікте өңделген мәліметтер негізінде қаржылық есеп құрылады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Негізгі құралдардың есебі және аудиті жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Есеп және аудит дипломдық жұмыстар, Негізгі құралдардың есебі және аудиті, дипломдык Негізгі құралдардың есебі және аудиті жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жобала, Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін