Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы

Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы казакша Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы на казахском языке

1 АУДАННЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ
ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


1.1 Сырдария аймағының географиялық орны

Сырдария ойысының аккумулятивті жазықтары солтүстік-шығысында Қаратау жотасымен, оңтүстік-батысында Орталық Қызылқұм көтерілімдерімен шектеседі. Ал, оңтсүтік-шығысында Қазақстан территориясынан тыс Тянь-Шанға дейін созылып, солтүстігінде және солтүстік-батысында солтүстік Арал маңы қабатты жазықтарымен және Арал теңізінің шығыс жағалауымен көмкеріледі.
Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі болып саналады. Қызылорда облысының аумағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 %-і тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді.
Тұран ойпатының жазықтау келген кең алқабын алып жатқан зерттеліп отырған территорияның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде қазіргі Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазан шұңқыр болған. Сонау Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кішігірім өзендерден басын алып, батысқа Қызылорда шұңқырына құйған. Ол кезде Сырдария суы мол, ірі өзен болса керек. Өйткені, Шу мен Сарысу өзендері Сырдарияның арнасына құйылған екен. Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып, жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм-лайды ала келген.
Ғылыми деректерге жүгінсек, бұл шұңқыр 56 мың жылда сумен келген шөгіндімен толып, осы заманға геоморфологиялық аймақ қалыптасқан делінеді. Сол геоморфологиялық аймақ солтүстік-шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр. Оны Сырдария ойысы деп атайды. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай стансасы тұсынан басталады да, Қызылорда арқылы Тереңөзекке дейін созылып, онан оңтүстік-батысқа қарай бұрылып, Жаңадарияның арнасын бойлап жатыр. Шұңқырлардың табанынан санағанда жиналған шөгінді үш қабаттан тұрады. Төменгі бірінші қабаттың қалыңдығы 7 метрден аспайтын майда тас аралас құм мен саздан тұрады. Қызылорда қаласы мен Тереңөзектің тұрған жеріндегі екінші қабаттың қалыңдығы 60-80 метр болатын үрінді құмның қалыңдығы шетке қарай жұқара береді де, Шірік Рабаттың тұсында 30-45 метр болса, шығыс Арал өңірінде 6-20 метрден аспайды. Бұл екінші қабат осы өлкені ең алғаш мекендеген Келтеминар тайпасының атымен аталады. Ең үстіңгі, яғни, төменнен санағанда үшінші қабаттың қалыңдығы 1-5 метр, кей жерлерде 9 метрге дейін болатын саз, құмшық және құм аралас шөгіндіден тұрады. Бұл қабатқа біздің дәуірге дейін осы өңірді мекендеген Яқсарт (немесе Масығұрт) тайпасының аты берілген.
Жазықтың ең биік нүктелері Тартоғай тұсында 140-151 метр, Жосалы тұсында 100 метр, ал Аралдың шығыс жағасында 55 метрден аспайды. Сонда Сырдың атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап, көлбеу жатқан жазық дала. Жазық бетінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйрат құмдар. Кейде жазық бетінде жалғыз-жарым төбелер кездеседі, мысалы, Аққыр, Қарақ, Жосалы, Көксеңгір. Олардың биіктігі 60-80 метрге дейін барады. Бітім-бейнесі ешнәрсеге ұқсамайтын сол шоқылардың баурайы Тікжар болып келеді.
Арналар арасындағы кеңістіктің бет бедерінің өзіне тән ерекшелігі бар. Мұнда теңіздің толқыны тәрізді бұйраттанып жатқан ауқымы әртүрлі су айрықтары, айнала атшаптырым жиегі түйе-тайлы ойпаттар. Дария тасығанда бұл ой-шұңқырлардың бәрі сумен толып, бүкіл атырауда жүздеген көлдер пайда болатын. Олар – Қаракөл, Көксу, Ақсай, т.б. Айнала егістік, шабындық жерлерді су басып, ыза көтеріліп кетпес үшін жегін тоғандап қойған Далакөл, Жандыкөл, құм төбелерінің ара-арасындағы ой жерлерді ащы көлдер Сыр аңғарының келбетіне осы өлкеге тән ерекшелік берді. Кезінде бұл өлкеде көлдердің көп болған себебі Сырдария 2002 мың шақырымнан ұзақ жолында өзінің арнасында ағып келіп, осы даланың шетіне жеткенде арнасында симай жазық даланы жаппай қамтып, бірнеше тарауға бөліп ағатын болған. Баяғы заманда Қызылқұмды кемерлеп, Ескідариялық, оның солтүстік-шығыс жағынан Іңкәрдария, даланың орта тұсында Қуаңдария, одан оңға таман Жаңадария, сосын негізгі арна Сырдария болып теңізге құйған. Қазір олардың көпшілігі кеуіп, құрғақ арналары ғана қалған.


1.2 Ауданның зерттелу тарихы

Оңтүстік Қазақстан жазықтарын жүйелі түрде көптеген ғалымдар зерттеді. Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов және Л.С.Берг еңбектерінде жазықтардың шығу тегі геологиялық құрылымы туралы ғана емес, осы ауданның рельеф динамикасы туралы да жазылды. Аралдың шығыс жағалауы мен Жаңадария құрғақ арнасында болған Н.А.Северцов теңіз деңгейінің төмен түсуі жөнінде ой қозғаған. И.В. Мушкетов “Түркістан” монографиясында Қызылқұмды толық сипаттады. Аталған ауданға алғаш рет құрылған Түркістан картасында үштік кезеңнен кейінгі шөгінділер көрсетілген.
19-ғасырдың соңында жел құмды ой жерден құмды қырқаларға үю арқылы шөл бедерін тегістемейді, керісінше тілімдейді деген пікір айтқан. Бұл аймақтың бедер тарихы туралы маңызды мағлұматтар Л.С.Бергтің “Арал теңізі” атты үлкен монографиясында келтіріледі. Көбіне ол бірнеше зерттеушілердің кең Арал-Каспий алабы бар деген идеясын жоққа шығара отырып, ежелгі Арал шөгінділерінің шектеулі тарағанын айтады. 1910-12 жылдары С.С.Неуструев Сырдарияның төменгі ағысымен Солтүстік Қызылқұм топырағын және оның астындағы жыныстарды зерттеп, оның жағалауындағы аллювийлік жазықтардың жастығын бірнеше мақалаларында жариялады. Оның ойы бойынша ескі өзендердің ұшырылған, өзгеріске ұшыраған шөгінділері болып табылатын Қызылқұм құмдарының шығу тегі болып табылатын гипотеза жасады. Сонымен бірге ол ауданда кең тараған сортаңдар мен тақырлардың түзілгені туралы айтты. Оңтүстік Қазақстан жазықтарын жоспарлы түрде геологиялық зерттеу өлкенің шаруашылыққа негізделуімен байланысты, Қазан төңкерісінен кейін басталды. 1927-28 жылдары И.П.Герасимов пен П.К.Чехаев Солтүстік Қызылқұмдағы Сырдарияның сол жағалауын өзеннің әртүрлі террасаларына сәйкес 3 геоморфологиялық бөлікке бөлді. 1930 жылдың басында Б.А.Петрушевский алғаш рет Сырдарияның төменгі ағысындағы шөгінді жыныстардың құрылымын анықтады. Сырдария аңғарымен жазық рельефін және соған қатыстыларды сипаттады. И.П.Герасимовтың “Тұранның беткі жазығының қазіргі дамуының негізгі белгілері” монографиясында ТҰран рельефінің даму тарихын және шөлдің қазіргі геологиялық динамикасын қарастырды. Автордың айтуынша Тұранның плиоценнен кейінгі климаты жалпы түрде аридті және экстра аридті сипатқа ие болды және климаттың ылғалдануына қарай ауытқуы аридті режим аясынан шықпады.
1951 жылы Н.Ф.Фединнің “Сырдария өзенінің төменгі ағысы террасаларының абсолютті жасы туралы” (“Об абсолютном возрасте террас низовии р. Сырдарьи”) мақаласы жарық көрді. Абсолютті жасы бойынша мәліметтер терраса үстінде таралған археологиялық ескерткіштер арқылы алынған.
1954 жылы Н.Н.Костенко “Сырдария өзені террасаларының жасы туралы” (К вопросу о возрасте террас р.Сырдарьи) мақаласында өзеннің төменгі террасаларын өзбек геологтарының мәліметтері бойынша голоцен, төменгі төрттік, орта төрттік кезеңге сәйкес Сырдариялық, шөлейттік және қызылқұмдық кешендердің аллювийлік шөгінділерінен құралған Ташкент ауданымен салыстырады.


1.3 Гидрографиясы

Сырдария өзені Қазақстаннан тыс Ферғана аңғарынан Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алады. Басталған жерден сағаға дейін жалпы ұзындығы 2212 км. Қазақстан Республикасы аумағында өзен жоғарғы бөлігінде үш сағаны (Келес, Күрік-Келес және Арыс өзендері) ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар география дипломдық жұмыстар, Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы, дипломдык Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жобалар, Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін