География | Оңтүстік Қазақстанның ландшафт экологиялық аудандары және ландшафты қорғау

 География | Оңтүстік Қазақстанның ландшафт экологиялық аудандары және ландшафты қорғау

Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................................

1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖАЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА.............................
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы.......................................................................................................
1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайына сипаттама........

2.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ ЖӘНЕ ЛАНДШАФТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ............................................................................

3.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШІ ЖОЛДАРЫ......................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .......................................
ҚОСЫМША..................................................................................................

1. Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы физикалық-географиялық сипаттама

1.1. Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы.

Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен |Сырдарья, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған.
Саяси-әкімшілік тарихы бойынша Оңтүстік Қаазақстан облысы 1932 жылы жеке әкімшілік облысы болып құрылған. Оның жеке облыс болып даму тарихы Алматы, Қарағанды, Шығыс Қаазақстан, Батыс Қазақстан облыстарымен байланысты.
Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10-наурыз күні құрылғаннан бастап, атауын сан мың өзгерткен. 60-жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында Шымкент деген атаумен еніп, егемендік жылдарынан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталды.


1.2. Оңтүстік Қазақстанның табиғи жағдайына сипаттама

Облыс жері негізінен жазық көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 — 300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетбақдала шөлі, Шу анғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы. қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, онтүстік шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр.
Ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі — Өтем жотасында облыстың ең биік нүктесі — Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өтем мен Келес өзендерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс әлемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі — Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м).
Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы күрт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.
Қазақтар осыдан мындаған жыл бұрын Қазығұртты кие тұтып. дүниенің тұтқасы тұтып: Басына Қазығұрттың кеме қалған, Болмаса кереметі неге қалған?! — деп басталатын ғажайып дастан тудырған.
Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары авто және темір жолдар кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.
Геологиясы және кен байлықтары. Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы — протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, кұмтас конгломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермен дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: подиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, от төзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәр-мәр түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау койнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінін орны ерекше.
Облыста республика уран ресурстарынын жартысына жуығы орналаскан, олар әлем-дегі ен ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және Абайыл кеніште-рінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мүнай-газ кен орындары бар. Боралдайдан, Тас-көмірсайдан, Келтемашатган және Ленгер кеніштерінен мезозойлык коңыр кемір өн-дірічеді. Облыс аумагындагы Қаратау фос-форит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтгі.
Ал Тәңіртаудың ен батыс Қаржантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.
Кентау қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті кеніштерінде резина, қағаз бояулар дайындалады, газ-мұнай бұрғылау жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат — бариттің ірі ресурстары бар.
Түлкібас өңіріндегі Құлантау және Иірсу кенорындарында жеңіл бетон дайындауға, оттан, дыбыстан қорғауға, жылу сақтауға, ғарыштық техникаға аса қажетті вермикулит бар. Бессазда габброперидотиттер құрамында от төзімді заттар, қағаз резина, парфюмерияға кажетті шикізат — тальктің ірі қоры барланып, зерттелген. Төле би ауданында орналасқан Жоғарғы Бадамда жоғары сапалы керамика, минерал талшығы, фарфор, фалнс, диэлектрлік керамика, бояу, қағаз, резина өндірістеріне аса қажетті техникалық шикізат — волдастониттің мол қоры ашылған.
Сары жылға, Қызылкөл және Дарбаза кеніштерінде кварц құмының ірі қоры бар. Ал Түлкібас, Корнштов кеніштерінің әктастары бұрыннан қант өндірісінде карбонаттық шикізат ретінде қолданылып келеді.
Облыстағы құрылыс материалдарының минералды шикізат базасы әр түрлі цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің шикізаттары, құм-тас минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі, Күбірексай минералдық бояулары, Ленгер оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-ұсақты ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.
Облыс аумағынын географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орнхтасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты куаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыла отырады. Жазы ұзақ облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай — қаңтардың орташа температурасы -2 — 9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (—4РС).
Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы 19 — 29°С. Ең ыстық кезен Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230 — 320 тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 — 170 мм, тау етектеріше 300 — 450 мм. ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20 — 40 см аралығында жазыкта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоксанның басында түсіп наурыз айында ери бастайды.
Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антидиклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұтылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстікпен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15 — 20 күнге дейін азаяды. Міне осылардың нәтижесінде жиынтық радианның мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1.9 — 3.9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы — Аксораң онда желдің жылдамдығы 5.1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.
Облыстың киыр онтүстігі жылу мең ылғалдың жыл бойы таралуына т.б. метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелігі — жауын-шашынның негізгі мөлшері (62 — 67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезенінің ұзақтығы 245 — 260 тәулік. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300 — 4600°С.
Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа — 90 күндей. Жазы ұзақ — 160 — 170 күнге дейін созылады./1/
Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге жуық су келіп осыншама мөлшерде су кетіп отырады.
Облыстағы ең ірі және ұзын өзен — Сырдария өзені басқа мемлекеттерден басталып. Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км).
Машат (60 км). т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км). Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.
Облыстағы ең үлкен суқойма — Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға берілген. су сыйымдылығы 5.2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3/с. Одан су алатын Қызылқұм (106 км). Шардара (10 км) каналдары арқылы 71.5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқоймасының сыйымдылығы 37 млн. текше метр. ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.
Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336 шақырым су арналары. 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды ұнғышалар. 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.
Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Шошқа көлде (көлемі 8,6 млн. м3) аң ауланады, Сарыкөлден (10,2 м) балық ауланады, Қызылкөл суының (5.9 м3) ем үшін пайдасы зор.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай. Талас-Ақсу. Икансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауыддарында арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.
Облыс аумағындағы гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен нан астам гектар жерді алып жатыр. Олар бастау алады. Жалпы облыс өзендері Сырға Бадам, Бөген, Шардара. Қапшағай. т.б. дария және Шу өзен алаптарына жатады./3/
Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің облыстағы негізгі саласы — Арыс өзені, ол Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарынын беткейлерінен басталады. 1961 жылы Арыс — Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52,8-ден 31 м-ус-ка азайды.
Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан Жиделі. Бесарық Ермексу, Қарашық, Арыстанды және Шаян өзендері басталады.
Облыстың қиыр солтүстігі Бетпақдаланың батысында Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысын қамтиды.
Негізінен Сырдария. Шу өзендерінің сағаларында орналасқан. Олар тасыған өзен суларымен, ал ұсақ көлдер жер асты суларымен толығады. Облыс аумағында 43 кел бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың ға. Облыстың солтүстік аймағында Шу өзенінің төменгі ағысында Ақжайық, Қарқын тұзды көлдері, Құмкент елді мекені жанында тұйық жер асты суымен қоректенетін Қызылкол жатыр.
Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр, Хантағы. Иқансу Көкқиясай өзендері Қарашык, Қалдыкөл, Шүйнек көлдеріне құяды.
Сырдария өзенінің аңғарында Тұздық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл, т.б. ірілі-ұсақты көлдер көп кездеседі. Бұл көлдердің көпшілігі ащы, тұзды.
Облыстағы су желісінің бір ерекшелігі: тақырларда жауын-шашын суларынан түзілетін көлшіктер мен көлдер пайда болып, кейінірек кеуіп кетеді.
Сонымен қатар облыстағы 22 жасанды су қоймаларының жалпы қөлемі 98 мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Оларға Бадам, Бөген, Шардара, Қапшағай. т.б. бөгендер жатады.
Облыста шамамен тәуліктік ресурсы 3000 м-Утоулік болатын 30-дан астам жер асты суларының көздері белгілі. Ішуте жарамды сулардың болжамдық ресурсы тәулігіне 4000 м-тан астам мөлшерге бағаланады.
Облыста Арал, Сырдария және Ташкент (солтүстік жақ бөлігі) ойыстарынан тұратын Сырдария артезиан алабы барланған. Сырдария және Келес ойысы аумақтарының палеоген жер қыртыстарында ойыстың шеты бөлігінде 90 — 170 м. ортаңғы бөліпнде 1100 — 1200 м тереңдікте жататын сульфат-хлоридті натрийлік суларының көздері табылған. Су көзінің тәуліктік қор мөлшері 10 — 15 және 165 м аралығында. Минералдануы 2—12 г/дм. Жоғарғы бор дәуірі жер қыртыстарында бұл сулар Сырдария ойпанының оңтүстік-батысында көптеп кездеседі және 170 — 600 м тереңдікте жатады. Судың температурасы 20 - 40=С.
Түркістан ауданында (Түркістан минералды сулары) және "Манкент" шипа-жайында (Манкент минералды сулары) емдік мақсаттарда колданылатын сульфат натрий су көздері ашылған. Манкент минералды жерасты су көзінің тереңдігі 1143 — 1181 м. минералдылығы 2.1 г/дм\ судың температурасы 40°С. Судың құрамында күкіртсутегі бор, бром, кремний қышқылы кездеседі./4/
Сырдария және Келес ойысы аумақтарындағы жер қыртысында 400 — 500-ден 2000 м терендікте жататын және температурасы 20 — 90°С болатын аз минералданған азот сілтілік термальды сулар мол. Олар палеоген жеке бор дәуірлері жер қыртыстарының құмды бөліктерінде кездеседі.
Темірлан ауылынын оңтүстік бөлігінде (Шымкент минералды сулары) 792 — 840 м тереңдікте мирокарбонатнатрий құрамына кіретін аз минералданған азот сілтілік су көздері ашылған. Су жоғары қысымды, минералдылығы 0,8 г/дм\ температурасы 39"С.
Келес ойысының ортаңғы болігінде содалық сулар көп кездеседі. Сарыағаш жерінің зерттелген минералды су көздері негізінде ''Сарыағаш" курорты жұмыс істеуде. Судың құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонаттар, натрий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және әр түрлі микроэлементтер бар екені анықталған. Судың температурасы 49 — 53°С, тәуліктік шығымы 5 млн.тәулік.
Бөгендері мен тоғандары. Облыста 27 бөген мен тоған бар. Шағын бөгендер мен тоғандар Түркістан ауданында көп кездеседі. Облыстағы суқоймалар 1927 — 92 жылдар аралығында салынып, іске қосылған. Олардың ең үлкені — Шардара бөгені 1965 жылы іске қосылған. Ол Сырдария өзенінің алабында орналасқан, көлемі 5200 млн. м- ұзындығы 6000 м, терендігі 28,2 м.
Көлемі және халық шаруашьшығындағы маңызы жағынан екінші орында тұрған Бөген суқоймасы 1967 жылы іске қосылған. Арыс өзенінің алабында орналасқан, көлемі 370 млн. м\ ұзындығы 5400 м.

Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын алъпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырактарға жалғасып, терістік және терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сүрқұба, ескі аллювиалды ойыс жазықтарды тақыр және тақыр түстес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. ҚР Ғылым академиясының О.Оспанов атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардын комбинациялары кездесетіндігі анықталды. Жалпы облыс жерінің топырағы екі топқа бөлінеді: 1. Тау топырақтары. 2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тау боктеріндегі, т.б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары.
Таулы аймақтар облыстың біраз жерін алып жатыр. Осы таулы аймақтың бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге жақындайтындықтан топырақ климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын алады яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп ауа райы суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіңдегі шөлді-дала белдеуінен (теңіз деңгейінен 250 —350 м) таудың биік 3500 — 4000 м деңгейіне дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырақ өсімдік жамылғылары да жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Былайша айтқанда, табиғаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын сонау терістік тундрадан оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін мыңдаған шақырым қажет болса облыс аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шындарына дейінгі 3 — 4 шақырым қашықтықтағы биіктікте көпшілік белдемдердің кездесуі ғажап дүние, табиғаттың осындай ерекшелігін түсіне білген ғалым, Орта Азия университетінің профессоры А.Л. Бродский 1920 жылдардың басында осы аймақга Мемлекеттік қорық ұйымдастыру мәселесін алға қойған. Бұл ұсыныс сол кезде Мәскеуде Орталық органдарда қызметке араласа бастаған Т.Рысқұловтан қолдау тауып, 1926 жылы Қазақстанда алғаш Аксу — Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. Сонымен осы таулы белдеуде таудың шалғындыдалалы альпілік, субальпілік, таулыдалалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалғанды роморфты субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі. Бұл топырақтар 132 мың гектарды, яғни облыс жерінің 1,1 пайызын алып жатыр. Орта таулы аумақтарда таулы орманды, таулы-бұталы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?