Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері казакша Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ ......................................................................................................

І. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-
ТАРИХИ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1. Оңтүстік Қазақстанның топонимикалық жүйесінің
қалыптасуының тарихи негіздері ..................................................
1.2. Табиғат жағдайлары мен жер бедері негізінде қалыптасқан
атаулары ............................................................................................

ІІ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ЛАНДШАФТТЫҚ
ТОПОНИМИКАСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Оңтүстік Қазақстан аумағы ландшафттық топонимикасын
зерттеудегі туындайтын теориялық мәселелер .........................
2.2 Оңтүстік Қазақстан аумағының ландшафттық
топонимикасы ...................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ жерінің оңтүстік өңірі табиғат жағдайлары мен ресурстары алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Осы кезге дейін Оңтүстік Қазақстанның топонимиялық жүйесі география ғылымдары тұрғысынан арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан, ең алдымен өңірдің топонимиялық жүйесінің физикалық-географиялық негіздеріне қатысты зерттеулер жүргізудің қажеттілігі ұсынылып отыр.
Бүгінгі күні география ғылымының алдында қойылып отырған міндеттер ҚР «Тіл туралы заңы» (11.07.1997 ж.), басқа да әкімшілік, құрылыс, елді мекендер мен физикалық-географиялық обьектілерді қайта атау туралы ережелік жарлықтар мен қаулыларға және ҚР президентінің 2007 ж. 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында қойылған мемлекеттік тілге қатысты талаптарға сәйкес келеді.
Оңтүстік Қазақстандағы атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып білу, әртүрлі карталар мен ғылыми әдебиеттерде атаулардың жазылуын бірізге келтіру қажеттілігінде болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде топонимикалық талдаудан өткізу және ландшафттық топонимикасы ерекшеліктерін саралау.
Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатына сәйкес, төмендегі міндеттерді шешу жүзеге асырылды:
- нақты деректерге сүйене отырып, Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайларының топонимдерде бейнелену заңдылықтарына талдау жасау;
- аумақта кең қолданыста жүрген, географиялық атаулар құрамында жиі кездесетін халықтық географиялық терминдердің мағынасын талдап, таралу жиілігі мен белсенділігін анықтау;
- Оңтүстік Қазақстанның ландшафттық топонимдерін зерттеу;
- Өңірдегі табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулар жиынтығына арнайы талдау жасау.
Зерттеу пәні – Оңтүстік Қазақстанның топонимдері қалыптасуының физикалық-географиялық негіздерін тарихи-географиялық зерттеулер тұрғысында талдау мәселелері.
Зерттеу нысаны – Оңтүстік Қазақстандағы табиғат жағдайларын бейнелейтін халықтық топонимдер жүйесі мен ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері – статистикалық, этимологиялық, лингвистикалық, картографиялық, жүйелік талдау, географиялық, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қорытындыланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу барысында төмендегідей ғылыми нәтижелер алынды:
- өңірдегі географиялық атауларда алғаш рет табиғат жағдайларының ерекшеліктерінің бейнелену заңдылықтары анықталды;
- Оңтүстік Қазақстандағы географиялық нысандардың атаулары жөнінде ақпарат жинақталып, оларды лексикалық-семантикалық, статистикалық тұрғыдан өңдеу жүзеге асырылды;
- өңірдегі халықтық географиялық терминдер негізінде жасалған топонимдер топтарының қалыптасу және таралу заңдылықтары анықталды;
- Оңтүстік Қазақстандағы табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулардың жиынтығы сипатталды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Зерттеу барысында анықталған Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде болашақ география пәні мұғалімі ретінде қызмет барысында пайдалану болып табылады.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.


І. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-ТАРИХИ
АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1.1. Оңтүстік Қазақстанның топонимикалық жүйесінің қалыптасуының тарихи негіздері

Қазақстан Республикасындағы топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелерді талдау, географиялық атаулардың зерттелуі, облыс топонимиясының қалыптасу тарихи негіздері мен облыс топонимиясындағы тілдік қабаттары қарастырылады. Өңірдегі көне атаулар антик дәуірінен бері жазба әдебиеттерде бар, олар бұрмаланып берілген. Қытайтанушы ғалым Иакинф Бичурин – Ежелгі ортаазиялық көрсеткіші деген еңбегінде қытай жазбаларында Оңтүстік Қазақстан туралы мәліметтер бар. Ірі мемлекет құрылымы болған Қаңға атауы негізінде көптеген тарихи атаулар түзілген. Қаңға тұңғыш рет б.з.б. І – ІІ ғ.ғ. ежелгі ирандықтардың зорастриялық дінінің қасиетті кітабы – Авестада аталады. ХІ ғ. Түркі мәдениетінің озық туындысы деп бағаланған М. Қашғаридың «Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегінде Сайрам, Сығанақ, Қарнақ, Фараб, Қарашық атаулары туралы деректер келтірілген. Кейбір сөздер мен терминдердің (өл, ой, өкұз, ашақ, өзүк, құрт, таң, татыр, чал, және т.б.) мағынасына берілген түсініктемелер өңірдегі этимологиясы түсініксіз болып келген атауларды талдауға негіз болады деп есептейміз. Өңір аумағындағы сырттан енген топонимдер қабатын иран, араб, монғол, орыс тілдеріндегі географиялық атаулар құрайды.
«Физикалық география» - ғылымы Жердің географиялық қабығының әр түрлі учаскелері - өлі (таужыныстары, су, ауа) және тірі (өсімдік, жануарлар дүниесі) табиғаттан шыққан күрделі табиғат түзілісі екенін анықтайды. Мұның үстіне құрлықтағы топырақ та әлгі екеуінің қатысуымен түзіледі.
Тау жыныстары мен олардың бетінің жер бедері, су, ауа, өсімдік, жануарлар дүниесі және топырақ табиғат компоненттері деп аталады. Жердің беткі жағында осы компоненттердің бәрі бір-бірімен тоғысады және бірінің ішіне бірі еніп, мысалы, су мен ауа литосфераға бірқатар тереңдеп кетеді, ал литосфераның бөлшектері (тозаң түрінде) мен су (бу түрінде) атмосфераға араласады, өсімдіктер мен жануарлар организмдері Жердің бетінде, топырақ пен грунтта (топырақ астындағы жыныста), гидросферада, атмосфераның төменгі қабаттарында тіршілік етеді.
Табиғат компоненттері бір-бірімен ұштаса отырып, бедері әр түрлі комплекстер түзеді. Сөйтіп, әрбір жер үлкенді – кішілі территорияны қамтитын табиғат компоненттерінің белгілі бір комплексі болып табылады. Сондықтан да, оларды территориялық табиғат комплекстері деп атайды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанның табиғат компоненттері бір-бірімен ұштаса отырып жер бедерінде әр түрлі комплекстерді немесе ландшафтарын түзеді. Өңір территориясын зерттегенде ең алдымен оның, көбінесе, табиғат жағдайларының жалпы сипатын анықтайтын географиялық орнын білу қажет. «Территорияның географиялық орны» деген ұғымға мыналар жатады:
- территория орналасқан жердің аты,
- оның экватор және нольдік меридианмен салыстыра қарағандағы алып жатқан орнын анықтайтын ең шеткі нүктелерінің географиялық координаттары,территория шектесетін елдің аты,
- мұхиттарға, теңіздерге, тау ғимараттарына, Жердің жылылық белдеулеріне алыс- жакындығы,
- территорияның теңіз деңгейінен биіктігі,
- қандай болсын, әйтеуір, бір географиялық зонаға жататындығы.
Географиялық орын картаның және глобустың көмегімен анықталады. Оңтүстік Қазақстан өңірінің физикалық-географиялық картасына талдау жасалынды.
Кейбір сөздер мен терминдер елді мекендердің аттары мен жер, су атаулары мағынасына берілген түсініктемелер сырттан енген топонимдер қабатын иран, араб, парсы және монғол тілдеріндегі географиялық атаулардан алынған. Сонымен бірге, Ұлы Жібек жолы бойымен өтетін сауда жолының маңында қоныстанған елді мекендердің картаға сурет түрінде сызба деректер көзімен түсіндіріледі.
Оңтүстік Қазақстан өңірі – Тұран ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 ж. 10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4,3% бөлігін құрайды. Халқының саны 2,17 млн. Терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал түстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінген. Орталығы – Шымкент қаласы.
Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал, жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.
Облыстың айтарлықтай өндірістік - экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды.
Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша – үшінші орын алады.
Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.


1 сурет. Оңтүстік Қазақстанның физикалық картасы

Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаваторлар, трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.
Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралық Орынбор – Ташкент және Түркістан – Сібір магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан – Самара автомагистральдары өтіп жатыр.
Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны, Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сияқты таулары, өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған /4/.
Географиялық орны жағынан Еуропа мен Азия арасындағы елшілік және миссионерлік маршруттардың, керуен жолдарының қақпасы болған Оңтүстік Қазақстан аймағын географиялық тұрғыдан танып білудің ұзақ тарихы бар. Дипломдық жұмыста аймақты зерттеудің тарихын бізге дейінгі зерттеулер негізінде 3 кезеңге бөліп қарастырып, жеке кезеңдердегі саяхатшылар маршруттары бейнеленген карталарды құрастырылған.
Біз тарихи-географиялық жазба еңбектерді, аймақтағы географиялық объектілер мен топонимдердің тарихи кезендерде өзгеру дәрежесін анықтауға негіз болатын құнды акпарат көзі деп бағалаймыз. Сол себепті зерттеу жұмысымызда бұл мәселеге айрықша назар аудардық. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы географиялық объектілер мен олардың атаулары жайлы антик дәуіріндегі ғалымдар еңбектерінен бастап, XX ғасырдың екінші жартысына дейінгі зерттеулердің нәтижелерін талдау негізінде мынадай қорытыңдылар жасадық:
а) аймақ географиялық орнының ерекшеліктері мен жазықты сулы өңір тәрізді айрықша табиғат объектілерінің болуына байланысты зерттеушілер назарына ерте іліккен; бұл көне географиялық атаулардың жазба нұсқаларының сақталып, осы күнге дейін жетуіне себепші болған;
ә) Ресей мемлекетінің негізгі отарлау аймағы болғандықтан, орыс географтары тарапынан жан-жақты зерттелді; байырғы топонимдердің этимологиясына қатысты болжамдар жасалды; осы кезеңде құрастырылған карталар мен ғылыми еңбектерде аймақтың макро-микротопонимдері көптеп кездеседі;
б) кеңес дәуірінде жүргізілген арнаулы комплексті зерттеулер нәтижесінде аймақтың табиғат жағдайлары мен ресурстары жөнінде нақты мағлұматтар жинақталып, қомақты ғылыми еңбектер, тақырыптық карталар жарық көрді; осы кезеңде аймақтың байырғы географиялық атауларының кейбірі жойылып, бұрмалануға ұшырады;
в) аумақтың тарихи кезеңдерде географиялық зерттелуіне қатысты жазба және картографиялық деректерді аймақ топонимдерінің қалыптасуы мен өзгеруіне қатысты зерттеулерде пайдалануға болады.
Қазақ тіліндегі топонимдердің қалыптасуын, жергілікті табиғат жағдайларын дәстүрлі дүниетаным мен шаруашылық қажеттерге орай бейнелеумен байланысты жүрген тарихи құбылыс деп бағалауға болады. Сол себепті, зерттеудің осы бөлімінде аймақтың жаратылыс жағдайына, топонимдердің пайда болуына, қалыптасу зандылықтарына және ғылыми терминдер мен ұғымдарды жүйелі талданды. Қазақстанның атауларына тарихи себептер тұрғысынан зер салсақ, елді мекендер атауларына қарағанда табиғи объектілер атауы көбінесе тұрақты келеді. Мұны елді мекен атауларының түрлі тарихи оқиғаларға байланысты әрбір қоғамдық формацияның ауысу, өзгеруіне орай жойылып отыруымен түсіндіруге болады. Зерттеу барысында аймақ топонимдерінің қалыптасуына географиялық, этнографиялық, тарихи-әлеуметтік факторлар әсер ететіні анықталып, оларға талдау жасалынды.
Қазақстанның атауларына тарихи себептер тұрғысынан зер салсақ, елді мекендер атауларына қарағанда табиғи объектілер атауы көбінесе тұрақты келеді. Мұны елді мекен атауларының түрлі тарихи оқиғаларға байланысты әрбір қоғамдык формацияның ауысу, өзгеруіне орай жойылып отыруымен түсіндіруге болады. Зерттеу барысында аймақ топонимдерінің қалыптасуына географиялық, этнографиялық, тарихи-әлеуметтік факторлар әсер ететіні анықталып, оларға талдау жасалынды.
Оңтүстік Қазақстанның топонимиялық жүйесі – осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды «жадында» сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеудін маңызы зор.
Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдык қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келб.ін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география «топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды».
Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің тарихи негіздерін зерттеу барысында аумақтың халқына қатысты тарихи деректердің барлығымен танысып шығу қажет болды. Өйткені, белгілі бір аумақта қай кезеңде қандай халықтар мекендегенін және олардың қандай тілдерде сөйлегендігін білудің топонимикалық зерттеулер үшін маңызы аса зор. Көне замандардан бері игерілген өркениет ошағы болған облыс жерінде қазіргі тілдер тұрғысында түсіндірілмейтін реликт және архаикалык топоүлгілер бар. Кейбір көне топоүлгілердің аумақтық шоғырлану заңдылығы анықталды. Мұның өзі сол аудандағы осы атаулар қалыптасқан кезеңдегі нақты тарихи жағдайларды қалпына келтіру негізінде ғана мүмкін болды.
Өлке тарихы көне замандардан бастау алады. Ғалымдардың болжамы бойынша, мұнда адамның өмір сүруіне қолайлы экологиялық жағдай осыдан 3-5 млн жылдай бұрын қалыптасқан. Қаратау өңірінен табылған алғашқы адамдардың палеолиттік қоныстары осының айқын дәлелі. Бұл маңда сол ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері, дипломдык Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын, Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін