Дипломдық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты

Дипломдық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты казакша Дипломдық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................

Негізгі бөлім

І-тарау. Тұран жазығының физикалық географиялық орны.
Тибиғатының қалыптасу тарихы.
1.1. Тұран жазығының физикалық географиялық орынының
ерекшеліктері. Зерттеу тарихы геологиялық құрылысы...........
1.2. Тұран жазығының геологиялық құрылысы табиғатының
даму тарихы..............................................................................
1.3. Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.Геоморфологиялық
типтері.........................................................................................

ІІ-тарау. Тұран жазығының климатының.Органикалық дүниесі.
2.1. Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері.............
2.2. Ішкі сулары, топырағы................................................................
2.3. Тұран жазығының органикалық дүниесі....................................
2.4. Шөлдін негізгі түрлері шөлді игеруге байланысты туындаған
түйінді экологиялық мәселелері................................................

Қорытынды........................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................

Тақырыптың өзектілігі.
35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын
әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен арганикалық дүниесінің таралуына ;түзетін әсерін;
- Аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палео климаттық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
- Геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
- Аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сай Бітіру жұмысын жазу барысында төмендегі мәселелерді шешу көзделген:
- Физикалық ,географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
- Аймақтың зерттеу тарихын;
- Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
- Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
- Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
- Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
- Табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Бітіру жұмысының әдістемелік методологиялық негіздері:
Бітіру жұмысының теорялық негізі ретінде М.Н Давидова мен Э.М Раковскаяның физическая география СССР Жанашеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В. Чупахиннің отпустын до снежных вершыин оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу әдістері қолданылады.
Бітіру жұмысының практикалық манызы: Бітіру жұмысының нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар ֵГеография мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, падаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Тұран ойпатының географиялық орыны, Геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Екінші тарауда ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді мәселелермен оны шешу жолдары көрсетілген.
Бітіру жұмысының мазмұныны ашу үшін, географиялық карталар, графиктік кестелер пайдаланылған.

І-тарау.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы.

1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, зерттеу тарихы.
1.1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны.

Тұран жазығының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді.Солтүстік-батысында үстүрттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі үстүртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспи маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі. Тұран ойпатын батыс сібір жазығынан Қостанай Қазан шұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды. /1/
Физикалық-георафиялық аймақты шығысымен Солтүстік-шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа орналасқан оңтүстік-шығысындағы Шу-Іле таулары Тұран ойпатын Балқаш-Алакөл крпитодепресияларынан бөліп тұр.Оңтүстік шекарасы каледон, герцин қатпарлығында түзілген Тянь-Шань тауларының солтістік және оңтүстік тізбектері, Альпі қатпарлығына жататын Памир Капетдаг тауларының етегі батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізі арқылы өтеді Аймақтын еленді бөлігі батыстан-шығысқа 2500, солтүстіктен-оңтүстікке 2000 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Торғай үстірті, Үстүрт сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 53°-35° солтүстік ендіктермен 51°-70° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан.Аймақтын басым бөлігі 48°-35° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан Қазақстанның аумағында 41°-53°. Ендіктің аралығындағы Солтүстік, орталық және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ауданы екі милион шаршы шақырымға жуық.Арал теңізіне қарай еңіс, шеткі бөліктері көтерінкі үстірті болып келуімен ерекшеленеді. Арал теңізінің жағалауында теңізденгейінен 51 метрден шеткі аймақтарында 200-300 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі./2/
Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Тұран ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар:
- Материктің ішкі бөлігіндегі 35-53 гр. арасы С.е аралығындағы орынының;
- дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
- оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жат
- мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы;
- Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы;
- транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы;
- Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы.
Тұран ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді.
Тұран ойпаты бұл ортасында Арал теңізі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жаң жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады./3/
1.112.Тұран жазығының физикалық-геоеграфиялық тұрғыдан зерттеу тарихы.

Тұран ойпаты туралы алғашқы тарихи жазба деректер ежелгі грек ғалымдары Герадоттың, ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-Истрахидің, Абдулафтың, Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым Аль-Фараби мен Бабырдың еңбектерінде кездеседі. Тұран ойпатымен Орта Азияның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу XVlll ғасырдың бірінші ширегінде І Петрдің Ресей мен оған шектесетін аймақтардың табиғатын жанжақты зерттеу мақсатыда ұйымдастырған ғылыми экспедициясынан басталды.
1714 жылы Астраханнан шыққан А.Черкасскидің экспедициясы Каспий теңізінің Шығыс бөлігі мен Амудария өзеніне сипаттамаларын орыс саяхатшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып ,құрғап қалған ескі арнасы узбойларды тауып бұрын Каспийге құйғанын анықтады.
1731жылы Сырдария ,Амудария,Жел,Орал өзендері және тоқсан елді мекен кескіндеген картасын жасады.П.И.Рычков1762 жылы
“Орынбор өлкесінің топографиясы атты еңбегінде Арал теңізіне құятын өзендермен Орал маңының жербедері жөнінен сол кездегі жазба дерек көздерін жинақтап біржүйеге келтіріп,алғаш рет Тұран ойпатына ғылыми тұрғыдан сипаттады.
XVlll ғасырдың соңы мен XlX ғасырдың басында сол кездегі белгілі болған керуен жолдары арқылы Орта Азиядағы таукенісінің мамандары, геодезистермен әскери топографтар, елшілер келе бастады. Олардың Орта Азия табиғатына жасаған сипсттамалары XVlll ғасырдағы саяхатшыларына қарағанда біршама толық болды.
Арнайы білікті мамандар қатысқан саяхаттар нәтижесінде Тұран ойпатның жербедері, өзен, таулары, климаты жөнінде ғылыми деректердің ауқымы біршама кеңейді. Сол кезеңнің өзінде Амудария,Сырдария өзендері аңғарының Бетпақдала мен Мойынқұмның өсімдіктер ,жануарлар дуниесі жөнінде маңызды ақпараттар жиналды.
XlX ғасырдың 40-50 жылдары Тұран ойпатының табиғатын кешенді оқып үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция ұйымдастырыла бастады.
Амудария мен Сырдарияның Арал теңізінің, Қызылқұмның табиғатын жанжақты оқып үйренуде 1840-1850 жылдар аралығында А.И.Бутаковтың экспедициясы ерекше орын алды.Ол өзі болған аймақтың органикалық дүниесін оқып үйренуге баса назар аударды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Тұран ойпатының табиғатын оқып үйрену ісінде Ресей ғылым академиясымен орыс география қоғамы жетекші рөл атқарып ғылыми экспедицияны ұйымдастыруды қолға алды.1870 жылдары Хиуа хандығымен Түрікмендердің жеке тайпалары Ресей патшалығының бодандығын қабылдамағансон аймақты ғылыми тұрғыдан жаңжакты зерттеу ісі оданәрі жанданды.
1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған Амударья экспедициясы ауқымымен ғылыми зерттеулерінің нәтежиесі жөнінен Ресейдің жазық аймақтарында жүргізілген саяхаттардың ең маныздылары болып табылады.Бұл экпедиция Қарақұм шөлінің ірі бөлігін Амударя өзенінің аңғарынын табиғатының ерекшеліктерін, батыс узбой мен Каспи теңізіне апаратын керуен жолдарын зерттеді; Нәтежиесінде Амудария мен Сырдарияның аралығындағы Қызылқұм шөлі арқылы Самарқант мен Ташкентті жалғайтын жол бағытының негізі қаланды. Экспедицияның ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты, дипломдык Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар, Дипломдық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін