Қазақша диктант: Қазақ тілі | Атамекен » ZHARAR © 2016 | қазақ тілі Атамекен диктант по казахскому языку казак тили, диктанты по казахскому языку, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Атамекен, Атамекен туралы диктант казакша, диктанты по казахскому языку про атамекен




  • »

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Атамекен

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Атамекен казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Атамекен на казахском языке

Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында Ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдында келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.

Аулыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады. Тіпті басқа жердің балаларымен қосыла қалсаң, арасына аздап өтірік қосып аулыңды мақтап жібересің. Осының соншалықты қымбат, сүйкімді болуының сыры неде? Өйткені сенің туған жерің — балалық бал дәуренің өткен жер. Сондықтан бұл саған соншалықты ыстық, соншалықты қымбат, соншалықты сүйкімді. (109 сөз)


Санат: KZ портал » Қазақша Диктанттар жинағы | | 538
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .