![]() |
|
![]() |
Менің атым — Қожа

(үзінді)
Жұпар атқан кең жазықтың төсіне жұмсақ қара жолмен жүрдек машина барынша зырлап келе жатқанда, ұшқыр қиял шіркін де тығырында тоқырап қала алмайды-ау. Қанатын қағып-қағып жіберіп, дауылпаздай шарқ ұрып, ол да самғап ұшады. О атамекенім, қазақ жері! Сенің шет-шегіңе қиялдан өзге не жетіп үлгереді. Сол алып өлкеңнің бір пұшпағын ыстық көзбен, бар адал сезіміммен аймалап, елеусіз бір перзентің келе жатырмын. Мынау асқар тау. Жасыл жазық, мөлдір өзен, қалықтаған анау ақша бұлттар, тұнық аспан — осының бәр-бәрін егер құшағым жетсе, ең қымбат, аяулы анамдай аймалап құшар едім. Япыр-ай, неге сонша ыстық болдың, туған жер! (93 сөз)
(Б.Соқпақбаев)
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
kz | Диктанттар
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: қазақ тілі Менің атым — Қожа диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Менің атым — Қожа