Қазақша диктант: Қазақ тілі | Туған ел » ZHARAR © 2016 | қазақ тілі Туған ел диктант по казахскому языку казак тили, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Туған ел, Туған ел туралы диктант қазақша, туган ел туралы диктант казакша




  • »

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Туған ел

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Туған ел казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Туған ел на казахском языке

Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, жүректей болып желмен лүпілдей соққан қызыл гүлдері, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы -осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды.

Туған жерсіз адамның күші жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғай шақырады.

Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ. Өзен үстінде үйіріліп ұшқан шағала. Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл. Күннің қызғылт шанағына бөленген үйлер — осының бәрі тұтас тұрған туған ел. Ал, енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері — осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары! Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. (113 сөз)


Санат: KZ портал » Қазақша Диктанттар жинағы | | 2 522
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .