1 сынып диктанттары

1 сынып диктанттары

Бақылау диктант (Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп)

Алматы
Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Алмалар саулап төгілді.
( 15 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Екінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Балалар
Қоңырау соғылды.Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді.Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдесті. (11 сөз)
Үшінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Аяз болар алдында
Жаңа ғана жапалақ қар жауып өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен аумайды. Сезілер –сезілмес салқын леп бар. ( 19 сөз)
Үлпілдеп- деген сөзі неше дыбыстан тұрады?

Астық
Комбайн астық жинап жүр. Совхоз орталығында элеватор бар. Астықты элеваторға тасиды. (11 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Астық- сөзі неше дыбыстан тұрады?

Футбол
Балалар аулаға жиналды. Екі командаға бөлінді. Олар футбол ойнады. Бірінші команда жеңіске жетті. (13 сөз)
Футбол- сөзі неше дыбыстан тұрады?


Бақылау диктант (Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері)

Ана
Әлемдегі ең әдемі сөз-ана деген сөз. Барлық тілде бұл сөз ерекше қадірлі. (13 сөз)
Бірінші сөйлемдегі сөздердің дауысты дыбыстарының астын сыз.

Құстар
Құстар – табиғаттың жанашыры. Олардың көбі емшідәрігер тәрізді. Өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. ( 11сөз)
Зиянкестерден- сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

Күн
Күн-үлкен шар. Күнде айналып жүретін планеталар бар. Күн,жер,ауа барлық халыққа ортақ.
Бірінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Түйе
Түйе- түлік басы.Түйе көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. ( 18 сөз)
Екінші сөйлемнің дауыссыз дыбыстарының астын сыз.

Ана
Ана-от басының тірегі. Анасы бар үй-береке. Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балалардың бақытты болуын тілейді. Біз ананы сыйлаймыз, құрметтейміз. ( 19 сөз)


Өздік және Терме диктант (Қазақ алфавиті)

Өздік диктант
Хат, кітап, қаһарман, шалғы, кеме, ащы, таға.-Көшіріп жазыңдар.
Ғ,к,қ,х,ш,щ- әріптерінің астын сыз және оларға «а» әрпін қосып оқы.

Балық, велосипед, терезе, жұлдыз, газет,цирк, чемпион. –Көшіріп жазыңдар.
Б,в,п,т,ц,ч- әріптерінің астын сыз және оларға «е» әрпін қосып оқы.

Терме диктант
Марат,Қайрат,Сәуле, Айгүл, Болат, Әлия, Есен, Ғалия, Гүлнәр, Омар, Жамал, Шара, Зейнеп.
Кісі аттарын алфавит ретімен теріп жазыңдар.


Бақылау диктант (Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар және олардың әріптері)

Күз
Күз болды. Күн суыта бастады.Құстар жылы жаққа кетуге дайындалды.Түрлі құстар топ-тобымен кетіп жатты. (16 сөз)
Екінші сөйлемнен жуан дауыстылардың астын сыз.


Терме және бақылау диктант (Жуан және жіңішке айтылатын сөздер)

Терме диктант

Ата
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды таратам,
Жер мен көкті аралап.
Жуан айтылатын сөздерді теріп жазыңдар.

Әже
Мейірімі-жел жібек,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
Құлыным деп құшады.
Жіңішке айтылатын сөздерді теріп жазыңдар.

Ана
Келбетінде ұлылық,
Даладан кең пейілі.
Ана деген –жылылық,
Ана деген –мейірім.
Жуан айтылатын сөздердің астын бір рет, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сызыңдар.

Бақылау диктанты

Тоқылдақ
Тоқылдақ –орман құсы.Ол ертеден кешке дейін жем іздейді.Ал түнде ұясында тынығады. Тоқылдақ суықта да басқа жаққа ұшып кетпейді. (20 сөз)
Жуан айтылатын сөйлемді табыңдар.

Үй қояны
Күтімі жақсы үй қояндары суықтан қорықпайды. Олар көктемде көжектейді. Ана қояндар көжектерін жақсы күтеді. Олар көжектерін бауырына басып жылытады. (19 сөз)


Терме, Өздік, Көру және бақылау диктант (Буын)

Терме диктант

Жер бусанып,көк шығып,
Арықтарда су ақты.
Бүрлеп өсіп көк шыбық,
Жұтып жатыр шуақты.
Өлеңнен бір буынды сөздерді бірінші бағанға,екі буынды сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.

Өздік диктант

Ақылыма иемін,
Тәртіпті мен сүйемін.
Тақиямды қолыма ап,
Үлкенге бас иемін.
Өлеңді буынға бөліп, көшіріп жазыңдар.

Көру диктанты

Жұмбақ
Өзі таудың бөктерінде өседі,
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша)
( Е.Елубаев)
Өзі, өседі, үй- сөздері неше буыннан тұрады?

Бақылау диктанты

Күз
Күн бірте-бірте суытып келеді. Күндіз қызғанмен, кешкісін салқын.Жапырақтар сарғайып түсе бастады. Түскен жапырақты жел ұшырады. ( 17 сөз)
Салқын, жапырақтар-сөздерін буынға бөліп жаз.


Терме және бақылау диктант (Тасымал. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы)

Терме диктант

Аң мен құсын даламның
Баурыма балармын.
Сезінеді олар да
Қамқорлығын адамның.
С.Асанов.
Тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазыңдар.
Дауыссыз дыбыстары қандай?

Мақал
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.
Тасымалданатын сөздерді теріп, тасымалдап жаз.
Дауыссыз дыбыстары қандай?

Бақылау диктанты

Айгүл
Айгүлдің анасы дүкенге барды.Дүкеннен алма,алмұрт,жүзім әкелді.
Айгүл алманың біреуін алды. Оны әжесіне берді. Әжесі алманы жеді, рақмет айтты. ( 21 сөз)
Алма, алмұрт, жүзім – сөздерін тасымалдап көрсет.


Терме, сөздік және бақылау диктант (Заттын атын білдіретін сөздер)

Сөздік диктант

Нан, астық, бидай, егін, егістік,диқаншы, дала,жер.
Абай, Шоқан, Ахмет, Бауыржан, Мәншүк,Әлия, Тоқтар, Талғат, Жамбыл, Ыбырай.
Алматы, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Ақтөбе, Астана.
Күн, жел, ауа, қар, мұз, су, қырау, аяз, жаңбыр, кемпірқосақ.
Оқулық, дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, парта, бор, сынып.

Терме диктант

Тайлақ бірде тай, лақты,
Менсінбеді кіші деп.
Лақ маңырап,
Аймақты
Жаңғыртты тай кісінеп.
Б. Серікбаев.
Не? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.

Бақшада
Бақшаға барып, Қырмызы қарбыз,
Боласың қарық: Қызықтай нағыз
Көзіннің жауын Қызғылтым сәбіз.
Алатын қауын, Дорбаны салып,
Тамсанар бар қыз. Қайтасың алып.
Қ. Мырза Әли.
Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз және сұрақ қой.

Бақылау диктанты

Үзіліс
Қоңырау соғылды. Оқушылар үзіліске шықты. Әсем мен Анар келесі сабаққа дайындалды. Келесі сабақ-дене тәрбиесі. Олар дене тәрбиесі сабағын ұнатады.
( 20 сөз)
Кім? Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерді анықтап, астын сыз.

Фермада
Колхозда ферма бар. Ферма үлкен және таза. Фермада сиыр, қой, ешкі көп. Менің әжем озат сауыншы.Біз фермада сауыншыларға көмектестік. ( 20 сөз)
Сиыр, қой, ешкі сөздеріне қандай сұрақ қойылады?


Терме және бақылау диктант (Бас әріптен басталып жазылатын сөздер)

Терме диктант

Үшінші класта оқитын- Нұрлан,
Екінші класта оқитын –Құрман,
Бірінші класта оқитын –Нұрман,
Бала бақшаға баратын-Құрбан,
Және де бір қыз далада тұрған.

Кісі аттарын теріп жазыңдар.

Москваға да ұшамыз,
Ұшақпенен балалар,
Ташкентке де ұшамыз.
Жердің жүзін аралар.
Туваға да ұшамыз,
Құтты болсын мереке,
Кубаға да ұшамыз.
Батыр ұшқыш ағалар.

Жер - су аттарын теріп жазыңдар.

Бақылау диктанты

Қайық
Көктем келді. Арықтардан су ақты. Балалар қайық жасады. Қайықты суға жіберді.Қайық жүзе жөнелді. Балалар қайықтың соңынан жүгірді. ( 18 сөз)
Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздін астын сызыңдар.


Терме және бақылау диктант (Заттын қимылын білдіретін сөздер)

Терме диктант

Көктем
Көктем келді, қар кетті,
Тырна көкте әндетті.
Көк торғынға оранды,
Сеңгір таулар сәулетті.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жазыңдар.

Су ішкелі бір өгіз
Барып еді бұлаққа,
Бақалар көріп тарбақтап
Қашып шықты ар жаққа.
И. А. Крылов.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жазыңдар.

Бақылау диктанттары

Қанатты достар
Балалар түрлі құстарды біледі. Құстар адамға көп пайда келтіреді.
Сондықтан оларды қанатты достар деп айтамыз. ( 15 сөз)

Бірінші сөйлемнен зат есім мен етістікті тауып, астын сызыңдар.

Алма бағында
Көктемде алма бағы өте сәнді.Алма ағаштары гүлге бөленеді.
Бұлбұлдар шаттық әнін сайрайды.
Балалар алма бағына барып,ойнап күліп мәз болды. ( 21 сөз)
Соңғы сөйлемнен қимылды білдіретін сөздерді тауып,астын сызыңдар.


Терме және бақылау диктант (Заттың санын білдіретін сөздер)

Терме диктант

Жұмбақ
Жеті бала жеті түрлі дауысты
Бес жолмен кеп,
Бір ән салып қауышты. (Нота)
Б.Серікбаев.
Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.

Бес түйме бар өңірде,
Екі түйме жеңімде.
Төс қалтаны түймелер
Қос оған бір түймені.
Жапсырылған қиықша-
Екі погон иықта.
О. Ақыпбеков.
Заттың санын білдіретін сөздерді теріп жазыңдар, оларға сұрақ қойындар.

Бірінші досым-Берік,
Екінші досым-Ерік.
Үшінші досым-Үкен,
Төртінші досым –Түкен.
Біздер тату құрбымыз,
Жазылмайды жұбымыз.
О.Ақыпбеков.
Нешінші?деген сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.

Бақылау диктанттары

Біздің сынып
Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Он парта бар.Әр партада екі оқушыдан отырады. Сыныбымыз кең және жарық. ( 17 сөз)
Сан есімдердің астын сызыңдар.

Станция
Станция ауылдан он бес шақырым жерде.Пойыз сағат жетіде келеді. Оңғарбек үйден сағат екіде шықты. Ол автобуспен станцияға жетті. ( 19 сөз)
Күрделі сан есімді тауып астын сызыңдар.

Кино
Біз сыныбымызбен киноға бардық. Залы кең, биік екен. Залға сегіз жүз кісі сыяды.Оқушылар он бесінші қатарға отырды.Экран үлкен. Кино екі сағат жүрді. ( 24 сөз)
Дара сан есімді тауып астын сызыңдар.


Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін.Қайталау.

Наурыз
Наурыз-көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді. Алтыбақандар құрылады,ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады. ( 17 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Екінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты табыңдар.

Қызғалдақ
Қар кетіп,жер жылыды.Жазық даланы қызғалдақ жапты.Балалар қызғалдақ теруге барды.Құлпырған қызғалдақтар жер анаға сән берді. ( 18 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Үшінші сөйлем неше сөзден тұрады?

Ұлы ұстаз
Ыбырай бала кезінен ақылды, алғыр болған.Әуелі ауылда, кейін үлкен қалада білім алып,ұстаздық жолын қуған.Мектеп ашып, қазақ балаларын оқытқан. (21 сөз)
Мәтіннен Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

Шынығу
Серік ерте тұрады.Денесін шынықтырады.Суық сумен жуынады.Суық сумен жуыну денсаулыққа пайдалы. ( 13 сөз)
Бірінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып,астын сызыңдар.

Саймандар
Балға мен балта-саймандар.
Бұл саймандар үй шаруасына аса қажет. Балғамен шеге қағады.Балтамен ағаш жарады. ( 16 сөз)


Қажетті сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 12
  1. Josephviarm
    Josephviarm 14.09.2024 06:02
    0 + 0 -
    Стильные заметки по созданию модных видов на каждый день.
    Статьи стилистов, события, все коллекции и мероприятия.
    https://ekbtoday.ru/news/2024-09-10-demna-gvasaliya-pereosmyslyaya-modu/
  2. sterilization pouch 4
    sterilization pouch 4 29.06.2024 17:01
    0 + 0 -
    Hello would you mind letting me know which web host you're working with? I've loaded your blog in 3 completely different web browsers and I must say this blog loads a lot faster then most. Can you suggest a good web hosting provider at a reasonable price? Thanks, I appreciate it!
  3. СЕЗІМ Асан ҚЫЗЫ
    СЕЗІМ Асан ҚЫЗЫ 23.02.2023 20:17
    2 + 2 -
    Жақсылық
    Бір күні Әсемай ешкімге жақсылық қылмады бірақ ол ұстазына екі алғанына қатты бақырды .
    Ал Ержан ешкімге үндемеді барлық адамға көмек берді сосын оны мұғәлімдер көршілер жақсы деп мақтады.
    Біраұ Әсемай сон естіп өте өкініп қалды???
  4. Нұрғали
    Нұрғали 11.02.2021 13:41
    4 + 3 -
    Маған Шекара туралы диктант керек
  5. Калымбетова Айзада Нахыпбековна
    4 + 0 -
    Өте керемет жазылған
  6. Асия
    Асия 15.01.2021 18:19
    2 + 0 -
    Казак тилинде 1-2 сыныпка арналган аудио диктанттан бар болса силтемесин жибериниздерши отиниш.
    1. ZHARAR 15.01.2021 20:20
      1 + 0 -
      сайтқа жарияланды, 1 сыныпқа 3 аудиодиктант
    2. Аяла
      Аяла 21.01.2021 14:36
      1 + 3 -
      Сəлем
  7. Айана
    Айана 15.11.2020 12:47
    2 + 1 -
    өте жақсы
  8. Айана
    Айана 15.11.2020 12:46
    1 + 7 -
    Айана Апай
  9. Аиару Насыр
    Аиару Насыр 27.10.2016 14:15
    5 + 4 -
    оте жаксы
    1. Оқырман Асемай
      Оқырман Асемай 22.02.2024 11:04
      0 + 0 -
      4+3=7