Қыздарға кеңес: Амандаса білесіз бе?


амандасу этикасы, амандасу әдебі, амандасу қыздарға, амандасу түрлері мысалдар


Әдетте, қазіргі кезде қыз балаға қойылатын сын көп. «Қызға қырық үйден тыю» дегендей, қыз баланың тәрбиесіне ата – бабамыз көп мән берген. «Қыз өссе, елдің көркі» деп тегін айтпаған, ұлтты өрбітетін де, халықтың атын шығарар ұрпаұты дүниеге келтіріп, тәрбиелеп, мейірімін төгетін де қыздар. Сондықтан, қазақ атына заты сай азаматтар өсіру үшін қыздардан мейірімділік, инабаттылықты талап етеді.
Өздерің үнемі ауылдарыңда өтетін тойлардан көріп, көңілдеріңе түйіп те жүрген шығарсыңдар, әдетте қыз келін болып жігіттің үйіне түсерде «Беташар» айтылады. Той басқарушы асаба немесе той иелеріне етене жақын туыстары беташарды айтқанда, мысалы:
«Беташарға келгенде,
Сөз сөйлеймін сарнатып,
Ана отырған атасы –
Қара жердің жотасы.
Келіні келіп түскенде,
Үйіңнің толды ортасы.
Қолын жайып бата етесе,
Бізге тиер батасы.
Ана отырған атаңыз,
Атаңызға бір сәлем» - деген кезде жаңа түскен келін көп жағдайда иіліп сәлем сала алмайды. Бұл қазақ қыздарына үлкен сын, ұят қылық. Сондықтан, сәлемдесуді үйренгеніміз жөн.
1. Қыз бала келін болып, сәлем бергенде оң тізесін бүгіп, оң қолын оң тізесінің үстіне қойып, иілуі керек.
2. Әдетте қыз бала көпшілік отырған ер адамдар арасына кірмейді.
3. Сол үйдің келіні шай құюы керек болып үстел жасауға кірсе, кеудесіне оң қолын қойып, тізесін бүгіңкіреп «Сәлеметсіздер ме?» немесе «Есенсіздер ме?» деуі керек.
4. Қазақ қыздары үлкен адамдарға, тіпті жасы үлкен ер адамдарға тіке қарамаған, көзін төмен салып отырған, бұл – көрегенділіктің, инабаттылықтың белгісі.
5. Әдетте, қазақтың әйел заты (қыздар емес) келін болған соң, шашын көрсетпей басына шәлі орамал байлап жүрген.
Қазақтың атақты батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың келіні Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» атты естелік кітабында мына бір көріністі жақсы суреттеген: «Бірде, Зейнеп апамыз үйінде таңертең тұрған соң анау – мынау жұмыстармен жүргенде, есікті өте қатты тарсылдатып, біреу қаққан соң аяғындағы шақайына сүріне – қабына есікке барып қалса, Баукең екен. Сонда есікті ашпай, сыртында тұрып, «бар киін» дегенін де өзімше түсіндім. Жасыратын жоқ, кейде жеңіл болсын деп, кеудесі ашық халат киіп, жалаң аяқ, шашымыз қобырап жүре береміз. «Көшеде емес, өз үйімде жүрмін ғой» деп, өзімізді өзіміз жұбатып салатын әдетіміз тағы бар. Атам мен осындай келісімсіз, ашық – шашық күйде көргісі келмеді дейді. Міне, осы сөздерде қаншама мағына, тарбие жатыр. Сондықтан ашық –шашық қалай болса жүрмей, жинақы, таза, ұқыпты жүрсендер ғана маңайдағы жақын адамдарға сыйлы боласыңдар.
6. Араларыңда «Привет» немесе «Чао» деп бір қолды көтере салатындарымыз да кезігеді. Бұдан арылу керек, «қыз қылығымен көрікті» деген бекер айтылмаса керек.

Ренішті қалай кешіруге болады?


Ең әуелі біз «реніш»пен «кешіру» туралы ойыңызды топтап алаңыз.
1. Ой шақыру.
Қыздарға кеңес: Амандаса білесіз бе?

Ренішті кешіре білудің өзіадамгершілік қасиетке жатады. Өзгені кешіре білу үшін адам әуелі өзін өзі тани білу керек.

2. Өзіңді өзің тани біл.
«Мен кіммін, қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген сұрақтарға жауап жазыңыз
Мен _____________________________
Мен______________________________
Мен______________________________
Мен______________________________
Мен туралы басқалар не деп ойлайды?


Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда немесе көрген де одан ғибрат алу керек.

3. Оқып, талдап, ғибрат қыл.
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді.
-Әкесі неге қарапайым талап қойды?
-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?
-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?
-Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?
-Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?
-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?
Яғни, біреуді ренжітпеу, оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек.

4. Жақсы мен жаман қасиеттер.
Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы, адамның өмір сүру белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген, тіршілік жасап жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек-кезек кездесіп отырады. Осы жерде Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез-келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз.
- Маған қарап тұрған кім?
- Ол қандай адам?
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт беріледі)
1. Қандай қасиетеріңізді көп жаздыңыздар?
2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
4. Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсат - біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру.

6. «Тазарту».
Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім».
Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазарту құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйреніңіз, сіздің өкпелегештік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.
Ұлдар үшін
1. Үйге үлкен адам келгенде орныңнан тұр.
2. Одан кейін қос қолыңды ұсынып: «Ассалаумағалейкум, аға» немесе «ата» деп алдынан шық. «Ассалаумаға-лейкум» деген сөз «Алла оны жарылқасын және қолдасын» деген мағына береді. («Намаз тағылымы» 5-бет. К.Ламашәріпов).
3. Келген адам жасы кіші болса кішісі ұмтылып, қос қолын ұсынып амандасады. (Үлкен адам орнынан тұрмайды). Әрине, «Уағалейкум-салам» - деп жауап беруі тиіс.
4. Көпшілік отырса (үлкен кісілер болса), кірген адамның жеке – жеке қол беруі шарт емес, сол жақ кеуддесін оң қолымен басып, иіліп немесе тізесін бүгіп «Ассалаумағалейкум, ақсақалдар», немесе «қариялар» не «көпшілік» десе де болады.
5. Егер, көпшілік әйел заты болса немесе жасы үлкен аналар болса «Есен – саусыз ба, шеше?» немесе «апа, жеңгей» деп амандассаң, нұр үстіне нұр болар еді.
Көпшілікпен отырғанда, мейлі қонақта отыр, мейлі жиында отыр үлкен адам кіріп келгенде, жасы кішінің тұрып амандасып, орын беруі қазақ ұлтының қанына біткен қасиеті. Сенің тұрып орын бергеннен ештеңең кетпейді, ұзаса басқа орынға барып отырарсың, оның есесіне мерейің өсіп, бір саты болсын адамгершілігінің, инабаттылығың жоғары екенін көрсетесің.
Әрине, тек қана үлкенге ғана емес, әйел затын, соның ішінде замандас қыз баланы сыйлағаның – өз қарындасыңды, анаңды сыйлағаның. Мұхаммед пайғамбар өзінің өсиетінде (хадисінде): «Әйелге өз туған ана – қарындасына қарағандай мейір – шапағатпен қара» деген екен.
6. Көшеде кезіккен кезде үлкен ер адамдарға, замандастарыңа, әйел адамдарға етене жақын болмасаң, сол жақ кеудеңді оң қолыңмен басып, басыңды иіп ишарат білдірсең де болады.
7. Сыныпқа мұғалім кіргенде қолыңды кеудеңе қойып, партадан шығып басыңды исең, қандай жарасымды болар еді?! 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?