Елімізде қандай банк ? карталары тиімді


Елімізде төлем карталарының бірнеше түрін кез келген қазақстандық банктен ашуға болады. Оларды қолдану түрі, ұсынылған қызметтер мен шарттары сіздің таңдауыңызға әсер етуі мүмкін. Тіпті соңғы кездері қолма-қол төлем жасағаннан гөрі банк картасымен сауда жасау жиі кездеседі. Себебі банк картасы жалақы алу үшін ғана емес, ақша аудару, ақшаны сақтау, бонус жинақтау, бөліп төлеу және несие алу үшін де қолданылады.

Ranking.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, биыл наурыз айының қорытындысы бойынша еліміздегі карталардың жалпы саны 51,5 миллионға жетті, оның 27,5 миллионы белсенді банк карталары. Яғни, төлем карталарының саны оларды пайдаланатын азаматтар санынан бірнеше есе артық. Бұл кейбір банк клиенттері әртүрлі мақсаттар үшін бірнеше карталарды қолданатынының дәлелі. Десек те, карталардың қолданылу мақсатына байланысты банктер пайда табуы мүмкін.

Cashback қай банктерде жоғары

Cashback - бұл көптеген банк карталарының иелеріне бұрыннан таныс. Бұл картамен төлем жасаған кезде белгілі бір пайызын бонус немесе нақты ақша түрінде қайтару. Қазақстандық ірі банктердің клиенттеріне сатып алудан шамамен 1% мөлшерінде кешбэк алуға кепілдік берілген. Екінші деңгейлі банктердегі жоғары кэшбектің сүйікті тауарлар санатын орнату арқылы алуға болады. Сондай-ақ бонустың жоғары болуына банктің серіктес дүкендеріндегі арнайы акциялар мен сатып алулар әсер етуі мүмкін.

Мониторингтік агенттік сарапшыларының пікірінше, сүйікті санаттар бойынша ForteBank-тің жағдайы жақсы. Мұнда сіз бірден екі санатты қосу арқылы 15%-ке дейін бонус алуыңызға болады. Екінші орынға азаматтардың таңдауын ескере отыра, 10 %-ке дейін бонус қайтарылатын ЦентрКредит Банкі орналасты. Еуразиялық банкте кешбэк 5,5%-ті құрайды.

Қазақстандық бес банкте арнайы серіктестік желілерде төлеу кезінде алуға болатын  барынша жоғары кешбэктер бар. Оның ішінде Bank RBK  5%-тен, ForteBank пен ЦентрКредит банкінде 30%-ке дейін қарастырылған. Сонымен қатар банктер үнемі арнайы акцияларды ұсынады. Ең жақсы акциялық ұсыныстар Jusan Bank-те 25%-ке дейін, ал Сбербанк-те 20%-ке дейін тіркелді.

Қай банк ақысыз қызмет көрсетеді

Картаны таңдауға оның қызмет көрсету құны да әсер етуі мүмкін. Еліміздің банктері Gold санатына дейін бір жыл тегін  қызмет көрсетуді ұсынады. Десек те, ақылы жылдық қызмет көрсету тек Еуразиялық банк және Bank RBK-да Platinum карталары бойынша ғана бар. Ал бір жыл тегін қызмет көрсету мерзімі өткеннен кейін де ақысыз негізде бірнеше банк клиенттер үшін өз жұмысын жалғастырады. Олар – ForteBank, Банк ЦентрКредит және Altyn Bank. Қалған банктерде оның құны екінші және одан кейінгі жылдары 600 теңге мен 1 995 теңге аралығын құрайды.

Қай банктердің клиенттері арзан аударымдар жасай алады

Банктер арасында аударымдарды жиі жасайтын клиенттер үшін мүмкіндігінше аз комиссия беру маңызды. Айта кетейік, банк ішінде картадан картаға оның мобильді қосымшасы арқылы қаражат аудару тегін. Елімізде басқа банктердің карталарына комиссиясыз төрт банкке ақша жіберуге болады. Десек те, белгілі бір шектеулер бар. Мысалы, ForteBank клиенттері басқа банктердің карталарына айына 1 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде тегін аударымдар жасай алады. Бұл лимиттен асқан жағдайда 0,9% мөлшерінде комиссия алынады.

ЦентрКредит банкінде бұл лимит айына 200 мың теңгеге дейін, одан жоғары сомаға 1% комиссия белгіленген. Еуразиялық банкте 75 мың теңгеге дейін лимит болса, одан асқан жағдайда комиссия 0,9%. Altyn Bank телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдарды тегін жүргізеді. Қалған жағдайларда комиссия 50 теңгені құрайды.

Банкаралық аударымдар үшін, яғни аударылатын сомаға байланысты емес тіркелген комиссиялар Halyk Bank – 150 теңге, Jusan Bank – 200 теңге және Bank RBK – 250 теңге болып белгіленді. Kaspi мен Сбербанкте басқа банктің картасына ақша аудару үшін комиссия мөлшері соманың 0,95% құрайды. Келтірілген деректерді ескере отырып, әр клиент көздеген мақсаттарына қарай өзіне лайықты төлем картасын таңдай алады.

дереккөзі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу