Білім алуға ақша қалай жинауға болады?


Жоғары білімге инвестициялар - өз балаңыздың болашағына ең жақсы салым.  Fingramota.kz сізге білім беру депозиті дегеніміз не, сондай-ақ оны ресімдеген кезде неге назар аудару қажет екендігі туралы айтып береді.

Білім беру салымы дегеніміз не?


Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) - бұл азаматтарға болашақта Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ақы төлеу үшін пайдалануға болатын «AQYL» білім беру салымын ашуға мүмкіндік беретін бағдарлама.


МБЖЖ Қазақстанда 2013 жылдан бастап жұмыс істейді және оның операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

Жинақтау жүйесі - ең қызықты компонент. Мұнда көп нәрсе жинақтау мерзіміне де, мемлекеттік көмекке де, адамның өзіне де, оның жинақтарын көбейтуге деген дайындығына да байланысты. Білім беру депозитінің артықшылықтарының бірі - кез келген уақытта және кез келген мөлшерде ерікті жарналар салу мүмкіндігі.


Білім беру депозиті - бұл тиімді инвестиция, ол әдеттегі салымнан ерекшеленеді, оған тек банктік пайыздар ғана емес, сонымен қатар банктің сыйақысын ескере отырып, салымның барлық сомасына мемлекеттен 5% мөлшерінде сыйлықақы қосылады. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек балалар үшін мемлекет сыйлықақысы 7%-ды құрайды.

Білім беру депозитінің тағы қандай ерекшеліктері бар?

Білім беру салымы жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруге жатады. Бұл егер сіз осындай салымды ашқан банк лицензиясынан айырылса, онда ақша сізге міндетті түрде өтелетін болады, өйткені оларға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік береді. Бұл ретте төлемнің ең жоғары сомасы 10 млн теңгені құрайды.


Білім беру депозиті арнайы шот болып табылады және ол үшінші тұлғалардың кез келген өндіріп алуларынан қорғалған. Оған тыйым салынбайды және ол бұғатталмайды.


«AQYL» сіз өз атыңызға да, баланың атына да аша аласыз.  Ыңғайлысы, салымшы тек оқуға түскісі келетін және білім алып жатқан адам бола алады. Ең бастысы - қаражатты тек бакалавриат және магистратура бойынша оқу үшін пайдалану. Ал егер сіз немесе сіздің балаңыз грантқа оқуға түссе, онда жинақталған барлық соманы, оның ішінде банк сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын ала аласыз, не болмаса қаражатты магистратураға төлеуге жұмсай аласыз немесе оны үшінші тұлғаның пайдасына аудара аласыз.

Бүгінгі таңда білім беру депозитін бүкіл ел бойынша бағдарламаға қатысушы 4 банктің: Халық Банкі, Нұрбанк, ВТБ Банк, Жусан Банктің кез келген филиалында ашуға болады.

Салымды тек екі құжатпен ғана ашуға болады: сіздің жеке куәлігіңіз және баланың туу туралы куәлігі. Депозитті мысалы, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан толтыруға болады.

дереккөз


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу