Ақша аудару. Қазақстан ішінде қалай ақша аударуға болады?

Ақша аудару. Қазақстан ішінде қалай ақша аударуға болады?

Ақша аудару. Қазақстан ішінде қалай ақша аударуға болады? төмен коммисиямен немесе мүлде коммисиясыз?
Әрине банк карталары және Kaspi терминалдары арқылы қаржы аударымдарын жасай аласыз. Бұл аударымдар жасау немесе ақша алу үшін жіберуші мен алушыға кезекте тұрудың қажеті жоқ. Қаржы операциясын үйде отырып, компьютерде, мобильді қосымша арқылы отырып жасауға болады.
Айталық сіз басқа қалада тұратын туысыңызға, балаңызға, қызыңызға ақша жібергіңіз келді немесе олар сізге ақша жіберетін болса, онда төмендегі кеңестерге құлақ салып мұқият танысып шығыңыз.

1. Халық банк арқылы коммисиясыз ақша аудару. Халық банктің homebank сайты, homebank.kz мобильді қосымшасы арқылы аудару. Қаржы аударымы сол мезетте іске асырылады, ары кеткенде 5-10 минутта қаржыңыз алушының есеп шотына түседі.. Ескеретін жай, алушының және жіберушінің банк карталары Халық банктікі болуы шарт. Олай болмаған жағдайда банк коммисиясы 150 теңге болады.

2. Каспи банк арқылы коммисиясыз ақша жіберу. Каспи банктің kaspi.kz сайты, kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аудару. Қаржы аударымы сол мезетте іске асырылады, ары кеткенде 5-10 минутта қаржыңыз алушының есеп шотына түседі. Ескеретін жай, алушының және жіберушінің банк карталары Каспи банктікі болуы шарт. Олай болмаған жағдайда банк коммисия алатын болады.
Егер де сізде бұл банктің картасы жоқ болса, бірақ сізге басқа қалаға ақша жіберуге тура келсе, онда Каспи банк терминалдары арқылы ақша жіберуге мүмкіншілігіңіз бар. Ол үшін кез келген дүкендерде тұратын Каспи терминалына барып, алушының 16 цифрлы карта номерін, ИИН номерін екі рет тересіз, сосын ақшаны терминалға салып, толтыру батырмасын басу арқылы қаржыңызды жібересіз.

3. Бұл екі әдіс сізге қиындық тудырса, онда сізге билайн номері арқылы ақша аудару мүмкіндігін пайдаланған жөн. Ескеретін жай алушының билайн номері болуы және картасы болуы шарт. Ақша аудару қалай жүзеге асырылады? Сіз туысыңыздың, балаңыздың, қызыңыздың билайн номеріне бірлік (единица түрінде) ақша саласыз, кез келген жерден. Қаржы аударымы сол мезетте іске асырылады, ары кеткенде 5-10 минутта қаржыңыз алушының есеп шотына түседі. Алушының билайн картасы жоқ болса, ол өзі тұратын қаланың кез келген билайн бөлімшесіне өзінің жеке куәлігін алып барып 15 минутта карточка аша алады. Карточкадан ақшаны Қазақстанның кез келген банк банкоматтары арқылы коммисиясыз алуға мүмкіндігі бар.

Құрметті оқырман, міне осы тәсілдерді пайдалана отырып, Қазақстанның басқа қалаларынды тұратын туыстарыңызға жедел ақша аудара аласыздар. Егер де ақша аударудың басқа жолдарын білсеңіздер төменде пікір білдіре отырыңыздар.

Каспи голд карточкасын қалай алуға болады?
Каспи голд карточкасын алу үшін өзіңізбен жеке куәлігіңіз бен ұялы телефоныңызды алып, Каспи банктің кез келген бөлімшесіне барып, 15 ішінде ала аласыз.

Билайн карточкасын қалай алуға болады?
Билайн карточкасын алу үшін өзіңізбен жеке куәлігіңіз бен ұялы телефоныңызды алып, Билайн ұялы байланыс бөлімшелеріне барып, 15 ішінде ала аласыз.
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий