Дастарханға бата беру

Дастарханға бата беру

Дастарханға бата

Дастарханың бай болсын.
Қазан - ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын.
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып қияға,
Қызың қонып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың,
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дұшпан алмасын,
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қызыр жалғасын.

Дастарханың бай болсын,
Қазан - ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Құлындаған тай болсын!
Ұлың ұяға қонсын
Қызың бақытты болсын!
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал - басың.
Қыдыр болсын жолдасың.
Досыңнан көңілің қалмасын.
Жағаңнан дұшпан алмасын.
Қастық қылған оңбасын,
Əруақтар қолдасын!
Дастархан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін!
Əумин!
..........................................
Пышағың малдан кетпесін,
Қазаның оттан түспесін.
Маңдайға біткен ырысың
Босағадан кетпесін.
.......................................

Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
.............................................

Рахмет дəміңе,
Ризалық берсін бəріңе.
Аман болсын басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз.
...................................
Дастарханыңнан дəм кетпесін,
Көңіліңнен сəн кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мəн кетпесін.
Əумин.
.............................................
Құдай жарылқасын,
Бай қылсын.
Бақ қарасын!
Қыдыр дарысы н!
Аруақ жебесін!
Береке берсін!
................................

Берейін бата асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа,
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп,
Дүние малды жетелеп,
Аузыма түскен батаның
Жатырмын бәрін түгендеп!
Көтердік міне білекті,
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңыз,
Батыр болсын жүректі.
...............................................
Құдай берсін,
Кем қылмасын!
Отбасы аман болсын,
Денсаулық берсін!
Кетпес дəулет,
Кең пейіл берсін!
.................................
Ардақты үй иесі,
Əуелі бердің шай,
Көңілің болсын жай!
Екінші бердің ет,
Таппасын көңілің ешбір дерт!
Үшінші бердің сорпа,
Болмасын бағың орта!
..............................
Дастарханың бай болсын,
Қазан - аяққа май толсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып ұяға,
Қызың қонсын қияға.
Келінің «бибі» атансын,
Ұлың болсын «би аға»!
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың.
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасы н.
Досыңнан көңілің қалмасы н,
Жағаңнан дұшпан алмасын,
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қыдыр жалғасы н!
.............................................
Дастарханнан дəм кетпесін,
Көңіліңнен сəн кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мəн кетпесін.
................................
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Үйдің əрбір бөлмесін,
Мол қуаныш кернесін.
Ұл мен қызың ер жетіп,
Білімге құлаш сермесін.
Туған - туыс, жекжатың,
Жаманшылық көрмесін.
.................................
Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсын басың а.
Бірлік берсін басыңа,
Береке берсін асыңа.
Жақсылыққа жақ болы п,
Ас қосылсын асыңа.
Бас қосылсын басыңа,
Жас қосылсын жасыңа!
Денсаулығың зор болсын,
Дастарханың мол болсын.
Қайда барсаң алдыңда,
Жарқыраған жол болсын.
Армандарың алдыңнан,
Саған шығып қол берсін.
Дұшпаның саған құл болсын,
Үйің толған ұл болсын!
.................................
Мыңға жетсін қойың ыз!
Мыңға жетсе қойыңыз:
Сараңдықты қойыңыз
Күнде берсе сойыңыз!
Ойыңыздан кетпесін
Мереке мен тойыңыз!..
Малда болсын көзіңіз,
Аллада болсын ойыңыз,
Өзінің берген дəулетін
Өз жолына жойыңыз!
............................
Ұзақ етсін жасыңды,
Берекелі берік қылсын
Малың менен басыңды!
Таңда - Мақшар күнінде
Шарап етіп қайтарсын
Бізге берген асыңды!
Өзің жүзге келгенде,
Тоқсанға жетсін алған ың!,
Кемпір - шал болып қалған ың,
Шайых - паны болғаның.
Сол жастарға келгенде,
Құман болсын қолыңда,
Он бес ұл мен он бес қыз
Еріп жүрсін соңында!
....................................
Жүзге жетсін түйеңіз,
Үш жүз болсын биеңіз!
Əлдеріңнен келгенше,
Жығылғанды көтеріп,
Сүйенгенді сүйеңіз!
Тарығып келген адамға
Бермесек, отқа көнеміз!
Бергенді тым - ақ сүйеміз.
Жомарттық қылық қолдан саң,
Əрбір жерде жар болсын
Бір жасаған - Иеміз!
...............................................
Таңда мақшар күніңде
Пырақ болсын мінгенің,
Хəллə болсын кигенің,
Қорлар болсын сүйгені ң.
Сол уақытта білерсің
Бұл күнде берген асыңның
Пайдасының тигенін.
..................................
Бала менен бақ берсін,
Мұның бəрін сіздерге,
Баянды етіп хақ берсін!
Торығып түзде жүрсеңіз
Қыдыр — ата тап келсін,
Алла болсын панаңыз!
Қатар өссін, шырағым,
Малың менен балаңыз!
..............................
Дəулетті бас берсін,
Бақытты ас берсін,
Ұлыстың ұлы күнінде!
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын!
...................................
Қозыға толсын көгенің,
Тұлпар болсын құлының.
Сүтті болсын құдығың,
Өрісті болсын жайлауың,
Ырысты болсын қыстауың!
Арыстандай болсын қайратың,
Аюдай болсын айбатың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!
.............................
Бізге тартқан басыңыз,
Дəмді екен асыңыз.
Ұрпақты боп өзгеше,
Сыйлы болсын басыңыз.
Құйған қызыл шəйіңіз,
Балдай тəтті майыңыз,
Еселі боп еңбегің,
Жылдан жылға байыңыз.
..................................
Бақ келіп қонсын басыңа,
Көңілің көлдей шалқысын.
Пейіліңе тойған қонағың,
Ішпей - жемей балқысын.
..........................................
Құдай қуат берсін,
Нұрлы шуақ берсін!
Дастарханға береке берсін,
Күнде осындай той - мереке берсін!
..................................
Басымыз аман болсын –
Тыныштық заман болсын!
Абыройымыз арта берсін,
Дастарханға мəңгі таусылмайтын
Қазы менен қарта берсін!
...............................................
Құдай берсін, кем қылмасын,
Кетпес дəулет, кең пейіл берсін.
......................................
Құдай қуат берсін,
Нұрлы шуақ берсін!
Дастарханға береке берсін,
Күнде осындай той - мереке берсін!
................................................
Көш көлікті болсын,
Дос серікті болсын,
Жан ерікті болсын,
Жар көрікті болсын,
Жер құнарлы болсын,
Жас елеулі болсын,
Қыз шырайлы болсын,
Тау өрісті болсын,
Бау жемісті болсын,
Жыл табысты болсын!
.................................
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Əумин!
..............................
Ашып тастап пейілді
Дастарханың жайылды.
Қасиетті нан ұлық
Берекең тұр нақ ұй ып.
Асыл сөздер шашылды,
Бар абырой бақ орнап
Ел сыйласын басыңды.
Аңыз болып отауың
Айта жүрсін асыңды.
Сүйген жарың,
Бала - шағаң аман боп,
Бүтіндесін асылды.
Ниетіңе біз тойдық.
Рахмет шайыңа,
Риза еткен бір қ ойлық!
Əумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Нәсіп
    Нәсіп 09.01.2021 14:19
    0 + 1 -
    Баталар дастархан қарапайым екее