Мен – тәуелсіз ел ұланымын

 Мен – тәуелсіз ел ұланымын

Дюсенова Жансая
10 сынып, Жаңаөзен мектеп – гимназиясы

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мағжан Жұмабаев
Кез-келген адам баласының бойында алдына қойған мақсаты, міндеті болуы шарт. Себебі, адам баласының құндылығы да осында болмақ деп ойлаймын.
Әр адам өзінше ой тербеп, қиял құсы қанат қағып, болашақтан бір жақсылық пен жаңалық күтері сөзсіз. Сонымен қатар болашағын болжағысы келген әрбір қоғам мүшесі өткені мен бүгінін сараптай білуі шарт.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев атамыз: “Қазақстанның болашағы – жастардың қолында” деген болатын. Бұл сөзді кезінде аты аңызға айналған Мағжан ақын да үлкен сеніммен айтқан:
Мен жастарға сенемін,
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Ол сенімді жастар талай қиын-қыстау кезде үлкен жауапкершілікпен ақтады. Олар – от кешіп, елін қорғаған Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, желтоқсанда ел тәуелсіздігін аңсап, құрбан болған Қайрат Рысқұлов сияқты өзгеге ел намысын қолдан бермес апа-ағаларымыз. Мен – осындай үлгі алар елдің перзентімін ! Сондықтан да, ел сенімін ақтап, жақсы тіршілік кешуге өз күшімізді қосып, жеріміздің, халқымыздың өркендеп, гүлдене түсуі үшін ерінбей еңбек етіп, ел тыныштығын қорғауға ат салысамын. Мен – тәуелсіз елдің ұланымын. Мен елімді, жерімді шексіз сүйемін! Елімнің әрбір тасын , әрбір меншігін қорғау–менің еншімдегі дүние. Өз басым болашағыма үлкен сеніммен қараймын және болашағымның жарқын болуы үшін терең білім, адамгершілік сезім арқылы жетуді мақсат тұтамын. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды деп ойлаймын.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: ”Жаңа асулар мен шыңдарды бағындыруда мақсатына жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуға тиіспіз”деген сөзі әркімге қайрат пен жігер беретіні айқын. Сондықтан да, ел алдындағы, туған жер алдындағы жауапкершілік кез келген адамның бойында болуы хақ. Мұның өзі патриотизмнің белгісі емес пе?!
Өзіміздің ұлттық салт-санамызды, әдет-ғұрпымыз бен тілімізді құрметтей отырып, халықаралық мәдениетке талпынып, соның ішінде өз мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды көрсете білер азамат болу – біздің перзенттік міндетіміз.
Абай атамыз қарасөзінде: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек-қайратсыздық. Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» дегенін ескерсек, қай нәрсеге де жауапты қарап, қорықпауымыз керек. Өйткені, халықта: «Жеңістің өзі жеңілістен тұрады» деген сөз бар. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи скеткіштер, туған өлкедегі тамаша жерлер, ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық езімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, патриотизм–қасиеттіұғым.
Елін сүю – әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Патриоттық сезім–балалық бал күндерден бастап, есейе келе, өз ақылы өзіне жетіп , нақтылы тарихи ортада ұзақ уақыттар бойына қалыптасып, шыңдала түседі.
Қорыта айтқанда, мен болашақта жақсылықтар болады деп сенемін, себебі біз талай қиындықтарды жеңген алыптардың ұрпағымыз. “Ел мен үшін неістей алады деп сұрамай, ел үшін мен не істей аламын? ” деген мақсатты ұстансақ, болашағымыздың кілті өз қолымызда. Болашаққа басар қадамымыз сәтті болғай!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі