» » » Шығарма: Тәуелсіз елім – тірегім!

Шығарма: Тәуелсіз елім – тірегім!

Шығарма: Тәуелсіз  елім – тірегім! казакша Шығарма: Тәуелсіз  елім – тірегім! на казахском языке
Салибай Акбота
6 сынып, №4 орта мектеп Қапшағай қ. Алматы облысы
Жетекші: Мурзатаева Галия Касымовна

«Тәуелсіздік - тарихтың мәңгіге берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал»
Нұрсұлтан Назарбаев

Меңің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және әдемі, ерекше табиғатпен толы ел. Көбі мемлекетіміздің әсем тауларына, көлдеріне таңқалады. Әсіресе біздің туған өлкеміз – Бурабайды, аңызға толы көркем жерді халық көріп кетуге армандайды. Ғасырлар бойы қазақ хандары және батырлары жерімізді жаулардан қорғаған. Олар қанмен тер төгіп, аяулы еліміз үшін өз өмірлерін де берген. Жоңғарлардың шапқыншылықтары, Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін өте қиын болды. Қазақстанның әр азаматы 1991 жылғы 16 желтоқсан күнін есте сақтауға міндетті. Бұл күн Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне айналды. Осы күнді ата-бабаларымыз ұзақ уақыт бойы күткен. Бірақ тәуелсіздік алу оңайға түскен жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсан күні алматы жастары алаңға шықты. Үкімет оларды күшпен қуып таратты. Бұл оқиға бірнеше күнге созылды. Көптеген жастар аяусыз қырылды, ал қалғандары жазаға тартылды, 246 студент оқу орнындарынан шығарылды. Бұл оқиға тәуелсіздік алу жолының бірінші қадамы еді. Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық және дамыған мемлекет. Әрине, бізге әлі алға ұмтылу, ғылымды дамыту және жемқорлықты жою керек. Біраз жылдан соң Қазақстанның оданда жоғары көтерілуіне сенемін. Біздің елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – адал, дана адам, өте еңбекқор. Ол еліміздің дамуына, көркемдеуіне көп күш салып жатыр. Бұл кісінің арқасында қазақ халқының көп мүмкіндіктері пайда болды. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран. Олар тәуелсіздікті, егемендікті, дәстүрлерді, бейбітшілікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бүгінгі күннің өмірі ғана емес, сонымен қатар, еліміздің болашағы.
“Әр адамның ана тілін білуі – парыз, білмегені – ұят”, - деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөздеріне сүйенуіміз керек. Себебі әр адам өз елінде тұрып, туған дәстүрлерін, мәдениетін, ал бастысы – ана тілін білуі міндетті. Менің ойымша, қазақ ата-бабаларымыз ғасырлар бойы құрастырған, қасиетті туған тілін білмеу, құрметтемеу – өте арзыз, намыссыз, төмен, әрі ұят. Туған тілін үйрене алмаған адам, басқа тілді де ешқашан меңгере алмайды деп ойлаймын. «Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік», - деп Годвин айтқандай, біз тәуелсіздігімізді сақтап, құрметтеп, онымен мақтануымыз керек. Өйткені көптеген халықтар өз елін, жерін, тілін, дінін, қайтаруға армандайды. Біз де ата-бабаларымыздың еңбегін бағалап, ұлы батырларымызды ұмытпауымыз керек!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 62 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Тәуелсіз елім – тірегім! туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиз елим – тирегим! на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тәуелсіз елім – тірегім!, , Шығарма: Тәуелсіз елім – тірегім! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы