» » » Шығарма: Жастар - ұлы күш

Шығарма: Жастар - ұлы күш

Шығарма: Жастар - ұлы күш казакша Шығарма: Жастар - ұлы күш на казахском языке
Авторы: Саламат Дана 11 сынып оқушысы

Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?

Ұрпақ және оның алдағы өмірі - қашан да халықты мазалайтын мәңгілік тақырып. Себебі елдің ертеңі сол ұрпақтың қолында болады. Мен елімнің ертеңімін. Мен жаспын.

Жастықтың оты жалындап,

Тас жүректе жанған шақ.

Талаптың аты арындап,

Әр қиынға салған шақ, -

деп ұлы Абай айтқандай, бойымда күш-қуатым тасып тұрған шақтамын. Қиял қанатында қалықтап жүрген шағым. Бұл кезеңді Абай адам өмірінің ең маңызды шағы деп түсіндіреді. Жастардан осы сәтте албырттық та, құштарлық та, даналық та шығады.

Жастықтың оты, қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай?

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай?-

деп тағы бір өлеңінде жас кезіңде білімнің соңына түсу керектігін айтып өтеді. Ендеше, ерекше талпыныспен жас шағымызды дұрыс өткізгеніміз абзал емес пе?!

Жастық шақ - адам өмірінің көктемі. Осы ретте Мұхтар Шахановтың 《12 - 3 = ?》 өлеңі есіме түседі. Ақын аңызды баяндай отырып адам өмірін жыл мезгілдері деп санап, көктемді жастық шаққа балайды. Шығарма желісі бойынша хан өзінің жастарға сенімсіздігінің кесірінен қиындыққа ұшырайды. Оны өлімнен құтқарған жас жігіттің даналығы, ақылы, тапқырлығы болды.

Көктемде гүлдемесе алмалар мен өріктер

Қалған анау тоғыз айда

Қандай жеміс күте аламыз одан біз? - деп жастар мен олардың тәрбиесі жайлы ойын өте әсерлі жеткізе алған. Ендеше, жастардың берері мол екен ғой...

Мен уақытымды босқа өткізбеуге бел будым. Қазақстанда білім алудың керемет мүмкіндіктерін ашып қойған. Білім алудың тамаша жолдарын пайдаланып, елім үшін еңбегімді аямасқа бекіндім. 《Жастықта жинаған білімің - қарттықта жұмсар мүлігің》. Меніңше, керемет айтылған сөз! Қазақ не айтса да, дөп басып айтатын дана халық қой. 《Жастар - ұлы күш》 деген тағы бір керемет сөз бар екен. Менің ойымша, олардың күштілігі өмір сүруге деген құштарлығы мен елін сүйетін мөлдір сезімінде жатқан сияқты. 1986 жылдың желтоқсанын есіңізге түсіріңізші. Тәуелсіздігіміздің бастауы осы жастардың қозғаушы күшінен басталған жоқ па?!

Абай кезінде《Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің》 деген сөзін сүйікті ұлы Әбдірахманға арнаған еді. Егер Абай мен өмір сүріп жатқан XXI ғасырда болса, онда осы сөзін бүкіл қазақ жастарына арнайтын еді деп ойлаймын. Себебі білімдері асқан, әр салада түрлі жаңалықтың иесі болып жатқан қаншама жастар бар. Олар елінің көркеюіне өз үлестерін қосуда. Жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне "Болашақ" бағдарламасының түлектері, "100 жаңа есім" байқауының жеңімпаздары, жас ғалымдар, дарынды балалар қатысты. Міне, халқымның келешегі осындай ұрпағының қолында. Жастар жылы аталған биылғы жылда жастар еңбектері өз нәтижесін берді. Тағы да мүмкіндік туды, тағы бір қолдау жасалып жатыр. Келер жыл да мол мүмкіндігімен қатар жетістігін ала келетініне кәміл сенемін. Олай болса, "Елдің болашағы - білімді жастар қолында" деген Елбасының өсиет сөзін әрдайым жадымызда ұстауымыз керек. Ұлы Абай айтқандай білімнің жолына түсіп, ғылымның пайдасын білмек керек.

Мен орта мектептің оқушысымын. Менің мақсатым - білім жолында жетістіктерге жету, білімділердің қатарын көбейту. Кезінде Мағжан ақын 《Мен жастарға сенемін》 деген өлеңінде:

《Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін》, -

деп үлкен үміт артқан еді. Өлең бұл күнде де мәнін, қуат берер құндылығын жойған жоқ. Сенімнің жүгін арқалаған, бойында жастықтың жалындаған жалыны бар әрбір ұрпақ болашаққа өз үлесін қосары анық. Мен де еш аянбаймын.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 20 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Жастар - ұлы күш туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Жастар - улы куш на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Жастар - ұлы күш, шығарма Жастар - ұлы күш туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение про Жастар - улы куш на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Жастар - ұлы күш, Шығарма: Жастар - ұлы күш шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы