Жылқы туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 11
Мақал-мәтелдер: 40
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 13
Өлеңдер: 74
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 3
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 8
Эсселер: 2

Жылқылар
Олар шұрқырап сұп-сұры тұманнан шығатын,Қайтадан кіретін сұп-сұры тұманға.Дүбірден дүниенің жүрегі дүрсілдеп тұратын,Жаңғырып бейуақ кіл..
©  Тоқтарәлі Таңжарық
Ат - жігіттің майданы
Ат - жігіттің майданы,Қылыш - жанның дәрмені,Өлім - хақтың пәрмені.Атақты ермен бірге өлсе,Жігіттің болмас арманы.Өте шыққан қызыл гүл -Бұл дүниенің..
©  Махамбет Өтемісұлы
Қуғын
Екі жылқы алдырдымМайтөбенің жонынан.Бергеңім жоқ қолымнан,Ұры әкетті торыған.Ізі осылай ойысты,Қуып келем соңынан.Сөзім емес, Бәйеке,Сізді ұрыға..
©  Жамбыл Жабаев
Жылқышы
Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,Салқын күзде бір жылы үйді білмей,Сахарада салақтап күндіз-түні,Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
Саяқ іздеп..
©  Жамбыл Жабаев
Жылқы аттас фамилия
Отставкадағы генерал-майор Бульдеевтің тісі қатты ауырды. Аузын арақпен, коньякпен шайқап, ауырған тісінің түбіне темекі, апиын, скипидар, керосин..
©  Антон Чехов
Көк өгіз
Көк өгіз көзге толық, денесі мол,Басқадан өзін өзі көріпті зор.Табын тастап қосылды жылқыларғаСиырмен бірге жүрсем болам деп қор.
Дос болып өгіз..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Тегін келген аттыңТісіне қарама. 
Жылқының еті:Жемесең түсіңе кіреді,Жесең тісіңе кіреді. 
Ер қанаты — ат,Сөз қанаты — хат. 
Нәбек аты
Арабтың Нәбек деген жалғыз аты -Сол екен болған малы, мүлкі, заты.Озбайтын шапса жылқы асқан жүйрік,Бітпеген өзге аттарға түр-сипаты.Күн сайын..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Асау үйрету
Көтеріп атқа қондырдың,Ат емес –Алау.Бүлік бір.«Сабау деп қалма,Бұл – ер» деп,Қарадың сосын күліп бір.Жас тұлпар басын тұқыртып,Жер тарпып тұрды..
©  Олжас Сүлейменов
Жылқының құты - айғыр-ды, бұқаның құты - бура ғой.
©  Шортанбай Қанайұлы
Жездекем бастап барады,
Жез түймесiн тастап барады.

Жауабы: Жылқының тезектері
Топырақ желді мініп, желді айдайды,
Болғанда түске жақын көлге айдайды.
Тамшыны жерден тамған керек қылып,
Топырақ өз-өзінен..
Адамдарға қажетсің,
Құйғытқанға не жетсін?!
Жарыс бізге ұнайды,
Бәйге сізді сынайды.

Жауабы: Жылқы
Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.

Жауабы: Жылқы
Алты аяқты,
Екі қарынды,
Екі басты,
Екі қолды,
Төрт көз, төрт құлақты,
Екі мойын, бір құйрықты.

Жауабы: Ат мінген адам
Түбірлі төртеу,
Түймемен бесеу,
Ерубай екеу,
Мамық жалғыз.

Жауабы: Жылқы
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.

Жауабы: Мінген ат
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.

Жауабы: Аттың екі құлағы мен төрт аяғы
Ана таумен мына тау соғысып келеді.

Жауабы: Аттың төрт тұяғы
Кішкене ғана тостаған,
Көтеріп қана тастаған.

Жауабы: Аттың тұяғы
Тасқа тисе кетілмейді,
Суға тисе ерімейді.

Жауабы: Аттың тұяғы
Алыстан қарасам бір қара,
Қасына келсем мың қара.

Жауабы: Жылқының құйрығы
Қарасам, қайдан келдің,
Малы қара сайдан келдің.

Жауабы: Аттың тезегі