Қармақ туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 1
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 4
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 1
Аңыздар: 1

Адам көбіне сөздің қармағына түсіп, басы айналып қалады. Мысалы, «білу» деген сөздің.
©  Людвиг Витгенштейн
Қармақ салдым өмірдің мұхитына
Кейде орта көңілің, кейде бүтін,Оны бастан кешеді әрбір түтін.Балдай тәтті туған ел өзі берген,Қара суы болса да жалғыз жұтым.Пенделердің кешері..
©  Райхан Ібінқызы
Түсінде қармақ көру—айлакерліктің белгісі. Кейбіреулер қармақ көруді үлкен мүмкіншілік деп те жориды.Түсінде қармақпен балық ұстағанын яки сатып..
©  Түс жору
Қармақ: түстегі қармақ—біреудің сізге жәрдем ететіндігін білдіреді. Қармақтың сынғанын немесе жоғалтқанын көру—қиын жағдайға түсетіндігін білдіреді.
©  Түс жору
«Қармақ салдым суына Шалкөденің» –
«Қармақ салдым суына Шалкөденің» –Жаңа ғана сəніне келді өлеңім.Аулаудай-ақ біреудей аулап едім,Балықтардың патшасы – тау форелін.Самсап тұрған..
©  Ғафу Қайырбеков
ҚАРМАҒЫМА ТҮС, ДЕМЕН, АЛТЫН БАЛЫҚ
«Қармағыма түс, демен, алтын балық»,Түссе болды ақ сазан жарқыл қағып.Қарашығым қадалып, қалытқының,Күні бойы отырмын қалпын бағып.Қармағыма еш нәрсе..
©  Жарылқасын Аманұлы
Жүректі іліпті қармақ қай?
Жүректі іліпті қармақ қай?Бөлінді ойым мың тармаққа –ай.Сезімім бағынбай сенделіпЖөнелді жүгенсіз қаңбақтай.Жазмышқа жанарым жалтақтап,Жинады қайғыны..
©  Мөлдір Дарханбаева
Қармақ
Түкіріп бармаққа,Құрт іліп қармаққа,Тереңге лақтырдым,Балықты қаптырдым.
©  Абдрахман Асылбек
Жайықтағы жалманды қармақтар
Күздің аласапыран күңгірт күндерінде Гурьев қаласының бір бұрышында банк басқарушысы Прокопенко мен балық тресінің басқарушысы Сармаев ойда жоқта..
©  Балғабек Қыдырбекұлы
Жез қармақ
Бірде үш әулие: Қабылиса, Ескелді, Балпық үшеуі қырда келе жатады. Жол үстінде Балпекең атынан түсіп, дәрет сындырып тұрса, атының шылбыры қолынан..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жаңғалақтар
Ойнай-ойнай зеріккенЕрік, Берік, СерікпенЕртең ерте оянып,Қармақ алып, тор алып,Балық аулап қайтпақшыБолған еді, айтпақшы...Ертең ерте ертеменЕрік..
©  Қадыр Мырза Әли
Мен — балықшы
Серік болып Салыққа,Барып едім балыққа.Алабұға, ақ шабақБерді маған көп сабақ.Қармағыммен ойнады,Жемімді жеп қоймады.Талай-талай қатырды,Міне қалтқы..
©  Қадыр Мырза Әли
Құлаштап лақтырған,Басын қаптырған. (қармақ)
Құрт іліп, суға малып алдым,
Тереңнен балық алдым.

Жауабы: Қармақ
Балалар суға салған жіп,
Тереңнен іліп алар жүк.

Жауабы: Қармақ
Жердің ирек құртына,
Құмар асау ұртына.
Ілгек іліп шығарды,
Судың жаға сыртына.

Жауабы: Қармақ
Жіңішке жіп,
Жүрген сүйретіп.
Бір басы — темір ілгек,
Бір басы — құрық имек.

Жауабы: Қармақ
Салса жұтқыр,
Бермесең тілейді,
Берсең-“алам”- дейді,
Өзің түссең-“қалам”- дейді.

жауабы
Қармақ
Бар екен бір айдаһар жалғыз тілді,
Ұқсамас еш сипатқа оның түрі.
Өзі жансыз айдаһар жандыны алған,
Жеріне жақындаған кетпес тірі.

жауабы
Қармақ
Қолымда жібек баулы жалғыз таяқ,
Сүйреттім ойдан қырға аямай-ақ.

жауабы
Қармақ
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.