Есек туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 65
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 29
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 7
Анекдот, әзілдер: 5

Директор лауазымына отырған әдепсіз бір кісі жүргізушісінен сұрайды:– Айтшы шопыр бала! Есекпен шофердың арасында қандай айырмашылық..
Адамға шабатын арыстаннан - жүк таситын есек артық.
 
©  Саиф Сараи
Сорлы есектің құны жоқ - жүк көтерер күші қымбат.
 
©  Саиф Сараи
Аңқау адам туралы
Иеci білер сырын мінген аттың,Көз жетпес қулығына адамзаттың.Іш пысып еріккенде күлмек үшін,Айтайын әңгімесін аңқау сарттың.Ертемен сарт үйінен шықты..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Тортай шалдың есегі
«Басқа бәле тілден» деген рас екен. Кейін жаны мұрнының ұшына келгенде Тортай шал:
— Е, Құдай, маған тіл беріп қасқайтып қойғанша..
©  Шерхан Мұртаза
Бұлбұл мен есек
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді,Қасына сөз айтпаққа жақын келді:«Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды,Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді...
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ат пен есек
Біреудің есегі мен бар еді Аты,апарар бір қалаға болды заты.Аты мен есегіне артып алып,Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Жүк ауыр, есек сасып..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Есек пен үкі
Үркектеу, үйір емес онша қолға,Бір Есек ұзақ сапар шықты жолға.Есектің бойы тәуір болғанменен,Есепте қосылмайды есі молға.Және де бұл Есектің көзі..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Есек пен бұлбұл
(И. А. Крыловтан)
Тойған есек шөпті оттап маңайдағыСонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып,Жолықты бір бұлбұлға..
©  Абай Құнанбаев
Есек
Қырық-елу қос бір жерденҚайтқан екен керуендер.Мал айдап барып әр елденСауда қылып жүргендер.Алтын артқан бір есекСоларменен келеді.Ол жай жүрсе..
©  Абай Құнанбаев
Күші адал болса да,
Өзі арам есепті,
Сүйкімі жоқ оншама,
Төлін не дер есектің?

Жауабы: Қодық
Әртүрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ.
Бүріскен жарық емес біткен тұяқ.

Жауабы: Есек
Есек кез-келген аурыпалықтар мен қиындықты көтере алады. Ал оны қырсық деп өзіне табандылық пен шыдамдылық жетпейтін адамдар айтады.
©  Леонардо да Винчи
Аш ит ет тапса, асай береді:
Иесінің түйесі ме, дажалдың есегі ме, оған бәрібір.
Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.
Арпа берген кісіден есек қашпайды.
Көк төбеде көп болды,
Топырақ жалап тоймайды,
Несібесі неден жоқ болды.
Жетеу еді бедері,
Он төрт еді аяғы,
Балалықтан айтып жүрген
Жұмбақ еді..
Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.
Есегінде тұсау жоқ,
Түйесіне қом жасамақ.
Есебін ептеп білеміз,
Есегін қайтіп мінеміз.
Есек құрғақта ақырса,
Батпақта мәлім болады.
Ат туласа, есек бүлінеді.
Есек айтады:
Тірі болсам, теңізден де су ішермін.
Арыстанмен – арыстан,
Қозымен қозы болсаң да,
Есекпен есек болма.
Есек есекке ауыр емес.