Күлкі туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 32
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 87
Нақыл сөздер: 23
Туындылар: 1
Әңгімелер: 6

Күлмеңіздер кәріге
Бір кісінің екі баласы болыпты. Бір мезгілде көршілері оған айтады: «Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды тыйып қой!» - деп...
©  Міржақып Дулатұлы
Күлкі мен ұйқы
Көпшігімді көрген жоқ қиқым басып,
Мені арбаған Жыр деген сиқыр ғашық.
Көңілінен мен соның шығамын деп,
Күлкім қашып кетіпті, ұйқым қашып.
Аша..
©  Есенбай Дүйсенбайұлы
Маңызды мәселелерде көбіне ащы күлкі мақсатқа сенімдірек тиіп жатады.
©  Гораций
Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.
©  Мұхаммед Әли
Күлкі сергектік тудырады.
©  Лев Толстой
Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.
©  Бауыржан Момышұлы
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
©  Абай Құнанбаев
Жастықтан бір күлгенің, мың қаралық.
©  Абай Құнанбаев
Артық байлық аздырар,
Артық күлкі тоздырар.
Күлкісін іріккен жаннан түңіл,
Шала бүріккен жауыннан түңіл.
Кешегі түлкі – бүгінгі күлкі.
Адам да бір жыл құсы,
Ұстатпайды күлкісі.
Арыстанбысың – алысқанбысың?
Түлкімісің? – күлкімісің?
Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.
Жыртық тесікке күледі.
Болымсыздан үлгі шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.
Жығылған сүрінгенге күледі.
Дарақының күлкісі қанбас,
Жалқаудың ұйқысы қанбас.
Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.
Ит десең ашуланып, күшік десең күледі.
Біреу көріп күледі,
Біреу еріп күледі.
Көп күлкісі күнненде жылы.
Көңілсізден күлкі шықпас.
Күрек тісің сынса,
Күлкің бұзылады.
Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.