Қатын туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Қатын" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Қатын" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Қатын" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Қатын" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 10
Мақал-мәтелдер: 134
Өлеңдер: 34
Нақыл сөздер: 13
Құттықтау, тілектер: 7
Туындылар: 3
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Қатының тентек болса,
Қамшың жуан болсын.
Баланы - жастан,
Қатынды - бастан.
Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде.
Жақсы қатын ырыс,
Жаман қатын ұрыс.
Екі қатын ұрысса, ұрлығы мен қарлығын айтар.
Қатын алсаң, отын ал.
Қатын жақсы, ер жақсы.
Қатыны жоқ үй – тұл.
Ерді ер ететін де, жер ететін де қатын.
Жақсы қатын жаман еркекті де адам етеді.
Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.
Қатыны өлген мен байы өлген қосылса:
Күндіз екеу,
Түнде төртеу.
Ұрының қатыны өзіне лайық.
Тазалығы қатынның
Тарағынан белгілі.
Батырлығы батырдың
Жарағынан белгілі.
Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.
Қос ұл туған қатынды
Ханым десе болады.
Ел қорғаған батырды
Нарым десе болады.
Байы өлген қатынның беті жара,
Бағы тайған батырдың еті жара.
Ердің атын не аты шығарар,
Не қатыны шығарар.
Қатын алма, қайын ал,
Жақсы көрген тамырдың
Атын алма, тайын ал.
Азар болса, жақын жаман,
Шабан болса, атың жаман.
Шайпау болса, қатын жаман.
Жаман мақтанса қатынын сабар.
Еркектің жаманы
Қатынын жамандар,
Елдің жаманы
Батырын жамандар.
Сатарда атың жаман,
Ажырасарда қатын жаман.
Салақ қатынның етін құрт жейді,
Терісін ит жейді.
Қартая келгенде,
Қатын жақын болады.
Күшің басым болса,
Жатың жақын болады.