Ашу туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 76
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 45
Нақыл сөздер: 35
Әңгімелер: 6
Анекдот, әзілдер: 1

Айтпай білмес,
Ашпай көрмес.
Биттің ашуын сіркеден алады.
Аш адам көп жейді,
Ашулы адам көп сөйлейді.
Керіспейінше, ашу басылмайды.
Жел тұрмайынша, күн ашылмайды.
Әйел ашуланса, екі көзіне әлі келеді.
Қатын ашуланса қазан қайнатар.
Ашу ақылдың дұшпаны,
Нәпсі иманның дұшпаны.
Көргенсiз дегенге ашуланба,
Көрмей бiлмессiң.
Қараның ашуы келгенде сарының жаны шығады.
Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама.
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса, мерт қылар..
Ашу - қайнар, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.
Қайтып келер есікті қатты серіппе.
Ашу тұрған жерде, ақыл тұрмас.
Ақылдан ашу көп болса, ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса, ашу не етер.
Ашу арындайды,
Ақыл соңынан аяндайды.
Ашулының алдында тұрма.
Ит десең ашуланып, күшік десең күледі.
Ашу келсе тіліңді тарт.
Ашуланса,
Көшке берген тайлағын алсын.
Ашу – садақ, ақыл – таяқ.
Асығыста – салмақты бол,
Ашу қысса – ұстамды бол.
Ашу үстінде
Ант жүрмейді.
Ашулыдан алты табан қашық тұр.
Аюды жеңген — жарты ер,
Ашуды жеңген — бүтін ер.
Ашу — пышақ, ақыл — таяқ.