Күн туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Күн" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Күн" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Күн" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Күн" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 81
Жұмбақтар: 93
Тақпақтар: 58
Өлеңдер: 869
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 44
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 4
Әңгімелер: 46
Ертегілер: 10
Поэмалар: 2
Аңыздар: 1

Ақ сандығым ашылды,
Қызарып жалын шашылды.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен дүрлер шашылды.

жауабы - Күннің көзі
Ұзын-ұзын сырғанақ ,
Ұшығына кім жетер?
Асыл бесік күйкентай,
Жұмыртқасын кім табар?
жауабы - Күннің батуы, шығуы
Аспанда бір айна бар,
Әлемді көріп айналар.
Қызыл күлше тау асады,
Ыстық нұрын шашады.
Дүниеде бір алыпты көрдім күшті,
Бар салмақ дүниедегі соған түсті,
Құнарлы қуатынан тояттанып,
Әр түрлі жер бетінде жеміс пісті.
Ар жағында орманның,
Ар жағында таулардың,
Алтын кеспек домалар.
Табан, табан, табан ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Күлген көзі күмістен,
Келе жатыр қоян ақ.
Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты,
Ұшады кешке дейін дамыл таппай.
Ай далада ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Қызыл көзді шал жатыр.

жауабы - Аспан, күн
Бір анасы, бір атасы,
Бірнеше мың баласы.

жауабы - Ай, күн, жұлдыздар
Дарияда жайын жүзер дөп-дөңгелек,
Қанаты асты қара бір көбелек.
Жанады бір шаһардан сансыз шырақ,
Адамға қиын екен санап білмек.

жауабы - Ай..
Алтын кетті,
Күміс келді.

жауабы - Күн мен ай
Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.

жауабы - Күн мен..
Тең,тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
Арасында киіздің
Сайрандаған қос мүйіз.

жауабы - Ай, күн
Айтайын мен жұмбақ сексен сегіз,
Шешуі қиын емес ескерсеңіз.
Болады бірі өткір, бірі өтпес,
Ақылы мұны тапқан ұшан-теңіз.

жауабы - Ай мен күн
Су ішінде екі жайын,
Бірі кетсе, бірі дайын.

жауабы - Ай, күн
Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі қызықтырған талайыңды.
Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,
Тұрады нұрға малып маңдайыңды.

жауабы - Ай, күн
Бір қоян қайың тауды арқалаған,
Ертерек қоян еді марқалаған.
Жолында алтын гауһар толып жатыр,
Еш адам ала алмайды балталаған.

жауабы - Күн мен..
Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.
Ұл туғанға —
Күн туған.
Тұрғанымен жырақ өзi,
Таусылмайтын шырақ көзi.
Екi доп ауысты,
Бiр шеңбердi тауысты.
Ғаламның шырағы не?
Адамның шырағы не?
Алауға оранып,
Көкке өрлеп шығады.
Бiр айналып оралып,
Көкжиекке бұғады.