Ат туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 183
Жұмбақтар: 24
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 109
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 19
Туындылар: 2
Әңгімелер: 29
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 20
Эсселер: 1

Сен де – хан, мен де – хан,
Атқа жемді кім салар.
Атының жауыры бауырына мирас.
Арыстан алыстан ақырса,
Аттың аяқтары шалынысар.
Ит қаппайды деме,
Ат теппейді деме.
Арқасыз ат қыр аса алмайды,
Арқасыз ер бір баса алмайды.
Шағыр көзді ит атқа теңесе алар,
Бірақ шағыр көзді ит итпен теңесе алмайды.
Шоқай кисе, аяқ ауырмайды.
Тоқым жапса, ат жауыр болмайды.
Өзіңдікі ме,
Өзінікі ме – атқа бәрібір.
Қақсал атты қарғытуға үйретпе.
Адамды – тілі,
Атты жүгі асырайды.
Ат ұстасаң – баға біл,
От ұстасаң – жаға біл.
Жақсы ат өзін-өзі асырайды.
Жауынгерді жауыр ат жалықтырар.
Балағат сөзге
Балшық ат.
Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.
Атың жаман болса, сатып құтыларсың,
Әйелің жаман болса, қайтып құтыларсың.
Ағаш ат аяңдамайды.
Сыйға тартқан аттың тісіне қарама.
Шықсаң ұзақ сапарға
Арымас ат - от арба.
Бізде кісі болармыз,
Атқа кісен салармыз.
Кісі болар баланың
Кісесінен белгілі.
Ат болатын құлынның
Мүшесінен белгілі.
Салт атты, сабау қамшылы.
Есекті қанша ұрсаң да ат болмас.
Жауға аттанар жігіт, төл атын мінеді.
Ер көрмейін деген жерін,
Үш көреді,
Ат баспаймын деген жерін,
Үш басады.